• 30843
  • 30
  • 11
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ержан Алашпен бірге оқимыз

9_n

"Просто хобби" замануи кітап дүкені "Бірге оқимыз" деген жобаны жүргізіп келеді екен. Мұндай замануи үрдістің қолға алынуы қоғамның интеллектуалды және рухани дамуына үлкен серпін беретіні анық. Ендеше, осындай жобаға қонақ болып келу мен үшін үлкен құрмет.

Алдымен өзімді таныстыру керек екенмін. Менің атым Ержан. Атыраудағы бір компанияда шығын консультанты болып істеймін. Айқап.кз ақпараттар порталының редакторомын. Мамандығым экономист. Атырау қаласында туғанмын.

Сүйікті кітаптарым көп. Оның бәрін айтуға уақыт жетпес, оның үстіне кітапты айтпайды, кітапты оқиды. Бірақ осы күнге шейін адамзаттың бүкіл кітабын сарапқа салған талай рейтингтер шықты. Соған көз жүгіртсеңіз көпшіліктің қай кітапты оқимын деп бас қатыратыны белгілі. Осындайда кітап сүйер қауым біреудің кеңесіне жүгінеді. Әрине әр адам өзінің талғамына сай кітап таңдайды.

Менің бірнеше сүйікті жазушым бар. Олар Бердібек Соқпақбаев, Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Шыңғыс Айтматов, Джек Лондон, Чарльз Диккенс, Теодор Драйзер. Ал ең сүйікті шығармам Джек Лондоннын "Мартин Иден" романы. Өзгеге қайдам, бұл шығарманы мен оқи берем, оқи берем. Оны жылына екі рет оқып тұру мен үшін әдетке айналып кеткен. Оның өзге де шығармалары өзінің интеллектуалды дәрежесімен және адамға тән жақсы мінездерді суреттеумен ерекшеленеді.

Әр адамның өзіне тән дүниетанымы бар. Сол дүниетанымына елеулі өзгерістер әкелетін бірден-бір ақпарат көзі - бұл кітап. Егер менің дүниетанымыма қандай кітаптар әсер етті десе, мен ойланбастан 5 кітаптың атын атар едім. Осы кітаптарды ұзын-сонар қылып сөйлеп тауысқанша, осы жерге жаза салуды жөн көрдім. Кімнің уақыты бар, сол оқиды.

Алдымен 4 сыныпта оқып жүрген кезде оқыған "Балалық шаққа саяхат" деген кітап өзін ұмыттырмай қойды. Авторы қазақтың біртуар классигі Бердібек Соқпақбаев. Кітап аты балалар әдебиетіне тән болса да, бұл кітапты бәрі оқиды. Бұл кітаппен мен есейіп кеттім. Өмірдің мәні де, сәні де балалық шақтың шуақты күндерінен басталады. Десек те адамзат ғұмырында балалық шаққа ие болмаған талай бала болған. Соның бірі - Бердібек атты бала. Болашақ қазақтың даңқты жазушысы. Оның қиын да, қызықты балалық шағы кітап болып, шынайы түрде қағазға түсті. Дейтұрғанмен баланың аты бала, ол ересектер сияқты қиын тағдырды өмірдің фәлсафасына ұластырмайды. Сол себептен қиын өмірді балаға тән көзқараспен қабылдап есейіп кетті. Кітап күлдіртеді, жылатады. Шынайылығымен қызықты.

Әсер еткен екінші кітапты роман немесе повесть деп айту қиын. Дүйім жұрт Ыбырай Алтынсаринді біз білетін ұғымдағы жазушы деп қабылдамайды. Бірақ Алтынсарин шығармашылығы қалың елді ұйқысынан оятқан керемет құнды дүние. Оның өлеңдері, әңгімелері, хаттары бүгін де өзекті шығармалар болып табылады. Менімше Алтынсарин қазаққа келген құдды білім мен жаңару Пайғамбары секілді. Оның қазақ қоғамында қалыптастырғысы келген ойлары мен идеялары өнерпаздық пен жасампаздық алғышарттары іспеттес. Сонымен қатар ол өз идеяларын іске асырған тұлға. Егер оның айтқан сөздеріне сол қазақ қоғамы біліми деңгейде дайын болғанда, қазақ қоғамынан талай Генри Форд, Эндрю Карнеги, Стив Джобс, Ларри Эллисон сияқты тұлғалар шығар еді. Әлі де кеш емес. Ыбырай Алтынсарин ойлары бүгін де маңыздылығын жоғалтпаған ілім екеніні назар аудару керек. Қоғам өзіне ой салу керек.

Қатты әсер еткен үшінші кітап Сәкен Жүнісовтың "Заманай мен Аманай" шығармасы. Зұлмат жылдары артына қалың елін ертіп, Қытай асқан қазақ қызы Балзия, қартайған шағында өзін ұрпақ алдында кінәлі санап, қайткен күнде де немересі Аманайды Aтамекеніне жеткізуді мақсат етеді. Әжей мен баланың Атажұртқа оралуы мен сол заманның қоғамын суреттеп берген Сәкен Жүнісовтың шеберлегіне бас иіуден басқа лаж жоқ. Бұл кітаптан соң менің ұлтжандылығым өзінен-өзі оянып кетті. Қанша зар-заманды басымыздан өткердік. Осы жайлы Балзияның шытырман өмірі сыр шертеді.

Мартин Иден

Төртінші кітап дүниетанымымды жерден алып, жерге салды. Төңкерді, қақты, бұрды: әйтеуір дегенін істеді. Ойларым өзгерді деп айтпаймын. Керісінше беки түсті. Мен Джек Лондонды қатты сүйемін. Алдымен жазушы ретінде емес, адам ретінде. Өмірдің барлық соқпақтарынан мың сүрініп, мың тұрып өткен Джектің өмірі  азаматтық болмыс пен қайтпас мінезден қалыптасқан. Өмірінің жеңісі де, жемісі де, осы болмыстың нәтижесі. "Мартин Иден" шығармасын айтудың қажеті жоқ. Оны оқырман өзі оқысын.

Терең әсер еткен бесінші кітап экономикалық және әлеуметтік ойларыма тұспа-тұс келді. Кітаптың авторы неміс экономисті - Сильвио Гезель, кітаптың аты - "Табиғи тәртіп". Кітап экономика ғылымында революция жасады. Бірақ мэйнстримге қарсы келді. Сол себептен бізге белгісіз күштер осы экономикалық тәртіптің өмірде орын алуына жол бермеді. Десек те, өмір бір қалыпты тұрмас, адам да бір деңгейде қалмас. Мен сенемін, адами құндылықтар адам өмірінің тәжіне айналғанда, Сильвио атамыздың айтқандарын қоғамдар жарыса орындайды! Мен сияқты экономисттер де бөркін аспанға атар. Қуанып, шат-шадыман күй кешерміз. Әзірге бізге оның кітабын оқу парыз болсын.

Осымен сүйікті кітаптарымды тізбектеп шықтым.

Ал кездесуде мен 2 кітапты ауызша таныстыруға ынтамын. Біріншісі, 20-ғасырдың жасампаз, феномен тұлғасы Стив Джобстың өмірінен сыр шертетін биографиялык кітап болса, екіншісі классик Чарльз Диккенстің "Дэвид Копперфильд" романы.

Кездескенше күн аман!

prostohobby.kz ProstoHobby
23 июня 2013, 3:13
499

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
вчера / 11:23
  • 31546
  • 13
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8223
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5904
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5735
  • 59
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3870
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3134
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2250
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2214
  • 6