Галина Воскобоева «Ролан Гарростың» 1/8 финалына өтті

Kazsport agent 2013 M06 4
172
0
0
0

  Қазақстандық теннисші франциялық әріптесі К.Младеновичпен бірге жұптасып  Париждегі бәсекенің 1/8 финалына өтті. Галина Воскобоева жұптық жарыста маусымның басты турнирі «Ролан Гарростың» 1/8...

 

Қазақстандық теннисші франциялық әріптесі К.Младеновичпен бірге жұптасып  Париждегі бәсекенің 1/8 финалына өтті.

Галина Воскобоева жұптық жарыста маусымның басты турнирі «Ролан Гарростың» 1/8 финалына шықты. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

Жерлесіміз франциялық әріптесі Кристина Младеновичпен бірге ресейлік мықты теннисшілердің бірі Светлана Кузнецова мен итальяндық Флавия Пенетта жұбымен кездесті. Алғашқы екі сет тартысты өтті. Біріншісінде 7:5 есебімен қазақстандық-франциялық жұп қарсыластарын тізе бүктірсе, екіншісінде  6:7 есебімен ресейлік-итальяндық жұп басым түсті.

Шешуші кезеңде Воскобоева мен Младенович 6:0 есебімен ұтты. Енді олар ширек финалға шығу үшін польшалық Алисия Росольская және грузиялық Оксана Калашниковамен бақ таластырады.


 

Оцените пост

0
Дальше