место в рейтинге
  • 717989
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақтың көбейгені құт

 

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қуанарлығы, ел бiрiн­шiлiгiнiң жүлдесiне қол жет­кiзген ауыр атлеттердiң денi – қазақтың қаракөзi. Ел чемпионатына екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильин сынды саңлақтар қатысқан жоқ.

Ерлер арасында 56 келi салмақта Алматы облысының үмiтi Тимур Хасаров жеңiске жеттi. Ол қоссайыс қорытындысы бо­йынша 235 (110+125) келi зiл­темiрдi көтердi. Күмiс жүлде алматылық Даниэль Есмағамбетовке 212 (92+120 келi), қола медаль Қостанай облысының тумасы Бекзат Сейiтмағам­бетов­ке бұйырды. Ол екi сайыс бойынша 208 (90+118) келiнi еңсердi.
Былтырғы Лондон олимпиадасында дәл осы салмақта олимпиаданың алтын медалiн жеңiп алған солтүстiккореялық Ом Юн Чхоль қоссайыс қорытындысы бойынша 293 келiнi қиынсынбай көтерген болатын. 1991 жылы өмiрге келген кәрiстен өзге бұл салмақта қытайлық У Цзинбяо да толағай күштiң иесi. Келешекте әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарында Тимур осындай алып күш иелерiмен сайысқа түседi.
Қалған салмақтағы мықтылардың нәтижесi төмендегiдей:
62 келi.
I. Арли Чонтей (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 272 (125+147) келi;
II. Азамат Рымқұлов (Алматы облысы) – 267 (120+147) келi;
III. Виталий Хон (Алматы облысы) – 266 (118+148) келi.
Қытайдан келген Чонтей келешекте Мая Манеза мен Зульфия Чиншанлоның жетiстiгiн қайталап, қазаққа Олимпиаданың алтын медалiн олжалап бере ала ма? Арли ел бiрiншiлiгiнде 272 келiнi көтердi. Ал кешегi Лондон олим­пиа­дасының чемпионы солтүстiк­көреялық тапалдай ғана бойы бар Ким Ын Гук әзiрге зор қара күш иесi болып тұр. Ол Лондонда 327 келi зiлтемiрдi еш ауырсынған жоқ.

69 келi.
I.Фархат Харки (Ақтөбе облысы) – 320 (140+180) келi;
II.Әдiлбек Балқаев (Қызылорда облысы) –312 (142+170) келi;
III.Батыр Асқаров (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 305  (135+170) келi.
Ел бiрiншiлiгiнде жеңiске жеткен Харки де – сырттан келген атлет. Айтпақшы, былтыр олимпиадаға осы екi спортшы елiмiздiң атынан қатыспақшы болып, Чонтей 56 келiде, Харки 62 келi салмақта сынға түсуi тиiс едi. Алайда “дене қызуы көтерiлiп, сырқаттанып қалғандықтан, бұлардың орнына өзге спортшылар барады” деген федерация басшыларының өткел үстiн­де ат айырбастауына тура келген едi.
77 келi.

I. Ғалымбек Жұбатқанов (Қы­зылорда облысы) – 319 (141+178) келi;
II. Айдар Қазов (Солтүстiк Қазақстан облысы) – 315 (135+180) келi;
III. Владислав Цой (Алматы қаласы) – 315 (145+170) келi.
Қытайлық ауыр атлет Люй Сяо­цзюнь осы салмақта олимпиаданың алтын медалiн 28 жасында жеңiп алды. 2016 жылы өтетiн олимпиаданың жүлдесiн отызға иек артқан Люйдiң дәметуi екi­талай. Қызылордалық қыран Ғалым­бек әлi жиырмаға толған жоқ. Демек, жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерi Жұбатқановтың алдын тек Қытай елiнiң үмiтi Лу Хаоцзе (Лондон олимпиадасының күмiс жүлдегерi) орау үшiн күш салуы мүмкiн. Бiрақ бұл салмақта тек қытайлық атлеттер ғана емес өзге елдердiң де спортшылары қарымды.

85 келi.

I. Кирилл Павлов (Алматы қаласы) – 357 (160+197) келi;
II. Евгений Эвстафьев (Қарағанды облысы) – 355 (160+195) келi;
III. Ербол Мейiрманов (Ақмола облысы) – жалпы 352 (167+185) келi.
Павлов былтыр ойда-жоқта Лондон олимпиадасына қатысу құрметiне бөлендi. Ауырып қалған екi атлеттiң орнына барған екi спортшының бiрi осы Кирилл болатын. Төртжылдықтың басты жарысы кезiнде Павлов 77 келi салмақта сайысқа шығып, олипиаданы 9-орынмен аяқтады.
94 келi.

I. Денис Ұланов (Шығыс Қа­зақстан облысы) – 350 (160+190) келi;
II. Андрей Леонов (Алматы облысы) – 335 (150+185) келi;
III. Айбек Махамедов (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 325 (150+175) келi.
Екi дүркiн олимпиада чемпи­оны Илья Ильин Қазақ елiнiң спортшылары да олимп шыңына үш мәрте шыға алатынын дәлелдемекке бел буып, келесi Олимпиадаға дайындықты бастап кеткенiне де бiраз болды. Талдықорғанда өткен ел бiрiншiлiгiне Ильин қатысқан жоқ. Мықтының жоқтығын шығысқазақстандық Денис Ұланов тиiмдi пайдаланып, ел чемпио­ны атанды. Илья ендi 105 келiге ауысуы мүмкiн екенiн айтқан-ды. Келешекте қызылордалық алыптың абыройлы жолын осы салмақта Ұланов жалғап әкетсе жарады.
105 келi.

I. Александр Зайчиков (Қызылорда облысы) – 393 (180+213) келi;
II. Ескендiр Момынбеков (Жам­был облысы) – 385 (175+210) келi;
III. Ринат Қалиекберов (Шығыс Қазақстан облысы) – 332 (150+182) келi.
Зайчиков Лондон олимпиадасында тәуiр нәтиже көрсете алмаған едi. Олимпиада сынында Александрдың көрсеткiшi тым төмен болды, дәлiрек айтқанда екi жаттығудың қорытындысын қосқанда небәрi 360 келiн көрсеткен-дi.

105 келiден жоғары салмақ.

I. Ибрагим Берсанов (Алматы облысы) – 402 (185+217) келi;
II. Дмитрий Каплин (Шығыс Қазақстан облысы) – 386 (175+211) келi;
III. Асланбек Арсемирзаев (Жамбыл облысы) – 385 (175+210) келi.
Былтыр Гватемалада өткен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатында бiлегiнiң күшiмен алтын медаль жеңiп алған Берсанов қазiр жиырмада.
Қыздар арасында да жүлде үшiн тартыс жоғары деңгейде болды. Ел бiрiншiлiгiнде топ жару әркiмге де зор жетiстiк. Көптiң алдында көзге түсу үшiн бұрымды атлеттер ауыр темiрдi ауырсынбастан көтердi.
48 келi.

I. Галина Мамотова (Қарағанды облысы) – 171 (76+95) келi;
II. Жаңыл Окоева –   (Қырғызстан)141кг (61+80);
III. Марина Кокошко (Алматы облысы) – 128 (57+71) келi.
53 келi.

I. Маргарита Елисеева (Алматы облысы) – 186 (87+102) келi;
II. Ақмарал Нұрымова (Қызылорда облысы) – 160 (70+90) келi;
III. Гүлзат Тайболатова – 145 (63+82) келi.

58 келi.

I. Сәуле Сәдуақасова (Қостанай облысы) – 202 (92+110) келi;
II. Лидия Ануфриева (Шығыс Қазақстан облысы) – 185 (84+101);
III. Әйгерiм Ауылбек (Алматы облысы) – 176 (78+98) келi.
63 келi.

I. Карина Горичева (Алматы облысы) – 225 (98+127) келi;
II. Әсем Сәрсекенова (Қарағанды облысы) – 220 (96+124) келi.
III. Мәдина Тасқынбаева (Шығыс Қазақстан облысы) – 217 (97+120) келi.
69 келi.

I. Гүлнәз Наурызова (Алматы қаласы) – 220 (100+120) келi;
II. Майра Файзуллаева (Оң­түстiк Қазақстан облысы) – 193 (88+105) келi;
III. Шолпан Досова (Қостанай облысы) – 188 (85+103) келi.
75 келi.

I. Анна Нұрмұхамбетова (Ақмола облысы) – 262 (120+142) келi;
II. Анастасия  Швабауэр  (Ақмола облысы) – 220 (100+120) келi;
III. Анастасия Халықова (Шығыс Қазақстан облысы) – 192 (87+105) келi.

75 келiден жоғары салмақ.

I. Александра Аборнева (Оң­түстiк Қазақстан облысы) – 270 (87+102) келi;
II. Елена Парфентьева (Шығыс Қазақстан облысы) – 211 (95+116) келi;
III. Бота Қалымова (Ақмола облысы) –207 (95+112) келi.
2005 жылы Энвер Түркелери елiмiздiң ауыр атлетика құрамасына кеңесшi болып келдi. Он жыл көлемiнде ауыр атлетиканың абыз ақсақалына айналған аузы дуалы бапкер: “Ендi қазақтың қаракөзiн олимпиада чемпионы атандырсам”, – деген едi бiр сөзiнде. Кезiнде мешкей баланы мықты атлет, сақа спортшы, ұлт мақтанышына айналдырған (үш дүркiн олимпиада чемпионы Халил Мутлу) Түркелериге Құдай қуат берсе, қазақ баласын олимпиада биiгiне қарай самғатары сөзсiз. Бойындағы бұла күшi бiлеу-бiлеу қазақтың баласы қытайдан да, түрiктен де, кәрiстен де, дүн­геннен де асып түсетiнiн Түркелери томағасын сыпыратын осы қырандар дәлелдейтiн күн де алыс емес.

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
31 мая 2013, 17:31
170

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13742
  • 29
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10924
  • 102
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 10865
  • 17
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 10002
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8533
  • 34
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 4054
  • 9
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3325
  • 62
Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

У него нет растяжек на теле, его не тошнит и не рвет, у него не расходятся кости таза, нет тяжести при ходьбе, его по органам никто изнутри не пинает. Как тяжело выдержать 9 месяцев мужику, бедные...
idol_true
26 мая 2017 / 16:52
  • 3447
  • 95