Ант қабылдап, серт берді

МО РК 2013 M05 28
591
0
0
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жас сарбаздардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. Бүкіл еліміз бойынша бір мезгілде үш мыңнан астам әскерге жаңа шақырылған бозбала Отанға адал...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жас сарбаздардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. Бүкіл еліміз бойынша бір мезгілде үш мыңнан астам әскерге жаңа шақырылған бозбала Отанға адал болуға Ант қабылдап, серт берді.

Қарулы күштердің түрлері мен тектері, әскери бөлімдері, атап айтқанда Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, Аэроұтқыр әскерлері, Ракета мен артиллерия әскерлері жас сарбаздармен толықты.
Ант қабылдау – әрбір әскери қызметші үшін қасиетті рәсім болып саналады. Шара командирлердің, арнайы шақырылған ардагерлер мен ата-аналардың қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі. Бұл мерекенің  маңызын арттыра түседі. Отан алдында ант қабылданады, сарбаздар еліміздің, туған туыстарының, бүкіл азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға өздеріне жауапкершілік қабылдайды.
Мерзімді қызмет сарбаздарын 12 айлық жауынгерлік оқу күтіп тұр. Осы уақыт аралығында олар әскери мамандықты, өздеріне берілген қаруды меңгеріп, қарулы  Күштердің жалпы әскери жарғысын жадына сақтауға талпынуы тиіс.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Әскери бөлімдерге енді келетін сарбаздар әскери ант қабылдаудан тыс қалмақ емес.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше