Қарағандыда «Олимпиада күні» жеңілатлетикалық жарысы өтті

Kazsport agent 2013 M05 23
148
0
0
0

  Қарағанды қаласының орталық саябағында «Олимпиада күні» атты жарыс өтіп, оған шамамен 550 адам қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме...

 

Қарағанды қаласының орталық саябағында «Олимпиада күні» атты жарыс өтіп, оған шамамен 550 адам қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарыстың мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты дамыту, елімізде олимпиада қозғалысын насихаттау, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды ішімдік, есіркі мен темекіге тәуелділігінің алдын алу болып табылады.

Шараның қатысушылары мен көрермендерін Қазақстанның танымал спортшылары олимпиада чемпионы В.Баркер Кубогінің иегері Серік Сәпиев, ҚР жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Пекин мен Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Вячеслав Муравьев, 300-ден астам марафон қатысушысы Павел Сиротин мен спорт ардагері Таисия Зайцева қарсы алды.

Жарысқа спортшылар, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, лицейлер мен ЖОО студенттері, өндірістік ұжым қызметкерлері, ардагерлер мен басқа да ниет блдіргендер қатысты.

Жүгіруге қатысқандардың әрқайсысына ХОК президенті Ж.Роггенің қолтаңбасы қойылған сертификат табысталды. Одан бөлек, әр санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға олимпиада таңбасы бейнеленген жейделер мен қалпақтар берілді.

 

Оцените пост

0
Дальше