Қазақ күресі Олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін

Kazsport agent 2013 M05 23
227
0
0
0

  Жақын болашақта ұлттық спорт түрі қазақша күрес олимпиадалық бағдарламаға енуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz «Астана» кәсіби спорт клубының президенті Бахтияр Артаевқа сілтеме жасап. «Қазақстан...

 

Жақын болашақта ұлттық спорт түрі қазақша күрес олимпиадалық бағдарламаға енуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz «Астана» кәсіби спорт клубының президенті Бахтияр Артаевқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Барысы» республикалық жарысының арқасында қазақша күрес еліміз бойынша қайта жандана бастады, — дейді Артаев. – Бұл спорт түрі әлемге танылып, қазір бірқатар елдерде қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылуда. Оның болашағы зор, сондықтан алдағы күндері біздің ұлттық спортымыз олимпиада бағдарламасына еніп жатса, таң қалмаңыз».

- Үшінші маусымда финалға шыққандардың қайсысына болысар едіңіз?

- Мен алаңдап, жаным ашитын палуандар бар. Бірақ басқаларының көңіліне тимес үшін олардың есімдерін атамай-ақ қойсам деймін. Ал өз жерлестеріме келетін болсам, олар жыл сайын есімі танымал күрескерлер мен спортшылар шыққан Жамбыл облысының атынан тиісті деңгейде өнер көрсетіп жүр.

- Болашақта «Қазақстан Барысының» қатарынан Сізді де көруіміз мүмкін бе?

- Бәрі де мүмкін. Мен өзімді жаңа бір салада сынап көргенді ұнатамын, сондықтан маған қызықты ұсыныстар түсіп жатса, бас тартпаймын. Қазақ күресіне бұрыннан қызығатынмын!

23 мамырда Үшқоңыр шатқалында «Қазақстан Барысы» республикалық жарысының үшінші кезеңінің финалистерін ресми түрде таныстыру рәсімі өтті. Ақтық сын 30 маусымда Астанада өтеді.

 

Оцените пост

0
Дальше