Тағдырды жазған қалам көтеріліп, Парақтан сия кепкен әлде қашан.

nuriman 2013 M05 22
329
0
0
0

Тағдырды жазған қалам көтеріліп, Парақтан сия кепкен әлде қашан.

Тағдырға шүкіршілік!

 

Тағдырым қинады деп болма босаң.

Жарар ед өзіңді-өзің қорламасаң.

Тағдырды жазған қалам көтеріліп,

Парақтан сия кепкен әлде қашан.

 

Бұл өмір шаттық-мұңнан құралады.

Әз басың әрнәрсемен сыналады.

Бауырым, жетімдікпен қинады деп,

Аллаға тіл тигіз бе бұдан әрі.

Жасынан жалғыз өскен Пайғамбарда,

Белгілі сабыр сақтап шыдағаны.

Мақшарда "неге жетім қалдың?"- демейд,

"Сабырмен төздің бе?" - деп сұралады.

 

Сәтсіздік күй сыйлайды езге мұңлы,

Онсызда көңіл мың-сан өзгерулі.

Тәңірім байлыққа бір жарытпад деп,

Жасыңман бұлай берме көздеріңді.

Күйзеліп ішкілікке салынасың,

Қаламас ешкім ардан безгеніңді.

Мақшарда "неге кедей болдың?" - демейд,

Сұрайды сабырменен төзгеніңді.

Оцените пост

0
Дальше