Қаршадай қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

Kazsport agent 2013 M05 20
244
0
0
0

  Астаналық тоғыз жасар Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімшілігінің ресми сайты. «Туризм, дене тәрбиесі және спорт...

 

Астаналық тоғыз жасар Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімшілігінің ресми сайты.

«Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша Әлем біріншілігі биыл грек шығанағындағы Халкидиде өткен. Оған қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, шахмат «тәжін» иеленді. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионатында үш рет үздік шықты», — деп көрсетілген жазбада.

Бибісара Асаубаева 2010 жылдан бері Астана қаласында жаттығып келеді. Ол Х.Омаров атындағы шахмат клубының тәрбиеленушісі. Оның жеке жаттықтырушысы Азамат Әубәкіров жас қыздың талантына сүйсініп, мақтаныш етеді.

«Бибісараның бұл алғашқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы үлкен. Өте еңбексүйгіш, жалықпай-талмай жаттығуының арқасында осындай биік мәртебеге ие болып жүр», — дейді жаттықтырушысы.

Бибісара Асаубаеваның алтынынан басқа да мектеп оқушылары медалдар мен марапаттарға ие болды.

«Шахматтан әлем біріншілігіне бірінші рет қатысқан Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын «қолаға» қол жеткізді», — деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

 

Оцените пост

0