«Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

АДР РК 2013 M05 17
571
0
0
0

Ү.ж. 17 мамыр күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп «Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция...

Ү.ж. 17 мамыр күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп «Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми қауымдастықтардың, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ, Ирактан келген қонақтар қатысты.

Конференцияны өткізудегі басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу үшін лаңкестікпен күрес және Қазақстан қоғамын рухани ағартудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

Іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмұхаметов, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қ. Жолдыбай, Ирак Республикасы Парламентінің халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Хумам Хамуди, Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ж. Жарасов және т.б. сөз сөйледі.

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф өз баяндамасында: «Терроризм мен Ислам – түбірімен бір-біріне қайшы әрі бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстар. Соған қарамастан, қазіргі таңда халықаралық терроризмді нақты Исламмен байланыстырып, ұлттық араздық пен діни төзімсіздікті қоздыруда», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, ол сөзінің соңында «біз қоғамда діни экстремизм мен лаңкестікті болдырмайтындай жағдай қалыптастыруымыз қажет», - деді.

Осы конференцияда кезекті рет діннің жоғары гуманистік және көркем құндылықтары мен идеялары, соның ішінде заңға бағынушылыққа, өмірсүйгіштікке, толеранттылық пен ұстамдылыққа бағытталған Ислам дінінің көзқарастары талқыланды.

Шара нәтижесінде Конференцияға қатысушылар үндеу жариялады.

 

Оцените пост

0
Дальше