С. Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық дода мәресіне жетті

Kazsport agent 2013 M05 14
178
0
0
0

Фото Азат Есембековтікі, BNews.kz   Астанада Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды  24 KZ. Осымен...

Фото Азат Есембековтікі, BNews.kz

 

Астанада Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды  24 KZ.

Осымен 18-ші рет өткізіліп отырған бәсекеге биыл Ирак, Моңғолия, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Украина боксшылары қатысқан болатын. 5 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жеңіл салмақта жерлесіміз Әділет Қапезов жеңімпаз атанса, 52 келіде тағы бір қазақстандық Олжас Сәттібаевқа тең келер ешкім болмады. Сонымен қатар Ұлттық құрама сапындағы Жанболат Тілегенұлы, Бекман Сойлыбаевтар өз салмағында чемпион атанды.

Айта кетейік, бұл халықаралық бәсекеде олимпиада жүлдегерлері Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков және Геннадий Головкиндер өз уақытында өнер көрсетіп, жетістікке жеткен болатын.

 

Оцените пост

0