Қазақстандық Самат Сымақов пен Давид Лория Түркия лигасының үздік футболшысы атанды

Kazsport agent 2013 M05 3
243
0
1
0

  «Чайкур Ризеспор» футбол клубының қазақстандық ойыншылары Самат Сымақов пен Давид Лория Marka-Futbol интернет газетінің нұсқасы бойынша РТТ 1 lig лигасында (Түркияның 1-лигасы) үздік футболшы...

 

«Чайкур Ризеспор» футбол клубының қазақстандық ойыншылары Самат Сымақов пен Давид Лория Marka-Futbol интернет газетінің нұсқасы бойынша РТТ 1 lig лигасында (Түркияның 1-лигасы) үздік футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл газет екі жылдан бері Түркияда кең танымалдылыққа ие. Чемпионат аяқталғаннан кейін Marka-Futbol сарапшылары командалар ойынына талдау жасады, қазақ футболшысы Самат Сымақов «Лигадағы үздік орталық жартылай қорғаушы» номинациясын жеңіп алды, ал қақпашы Давид Лория «Лиганың үздік қақпашысы» номинациясында бірінші орынға ие болды», — делінген хабарламада.

Marka-Futbol сарапшылары бұл Түркия футболындағы қазақстандықтардың биылғы алғашқы ірі жетістігі деп есептейді. Самат пен Давид енді Дирк Кайт, Мусса Соу, Бурак, Весли Снейдер, Николя Анелька және Дидье Дрогба сияқты әлемге танымал ойыншылармен қатар Түркия Сперлигасында бақ сынап көреді.

 

Оцените пост

1