2013 жылғы 19 сәуірде ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы А. Әбуов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болып, көпшілік алдында дәріс оқыды.

АДР РК 2013 M04 22
1054
0
0
0

Кездесуге ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғ. Есім, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Д. Қамзабекұлы және аталмыш оқу орнының оқытушылары мен...

Кездесуге ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғ. Есім, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Д. Қамзабекұлы және аталмыш оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дәріс барысында қазіргі заманғы ислам мәдениетінің өзекті мәселелері, оның  бүгінгі замандағы және әлемдік мәдениеттегі маңызы туралы, сондай-ақ бұл үрдістегі Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасының рөлі жөнінде әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар, бүгінгі жаһандану заманында мәдени келісім мен ықпалдастықтың, және дінаралық қатынастардың елдегі тұрақтықты сақтап қалудағы алар орны жайлы да сөз қозғалды.

Шара соңында қатысушылар алғыстарын айтып, қызығушылық танытқан мәселелері бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

 

Оцените пост

0
Дальше