Жауынгерлік парадта отандық өнімдер көрсетіледі

МО РК 2013 M04 21
446
0
0
0

«2013 жылғы 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне «Отар» 40-шы әскери базасында өткізілетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадында жаңа және жетілдірілген...

«2013 жылғы 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне «Отар» 40-шы әскери базасында өткізілетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадында жаңа және жетілдірілген әскери техника мен қару-жарақтың және байланыс құралдарының көрсетілімі болады. Бұл өнімдердің бәрі «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында жасалған.

Атап айтқанда, олардың бәрі әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы техникалар. Оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, түрлі стансалар, қар мен батпаққа жүруге арналған «Тұлпар» көлігі, ЕС-145 тікұшағы және ұшақсыз ұшу аппараттары бар.

Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуетті құрылымдары үшін өндірілген түнгі көру құралдары, әртүрлі модификациядағы бронды кеудешелер және басқа да дербес қорғаныс құралдары көрсетіледі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жауынгерлік парадқа 80-нен астам ұшақ пен тікұшақ қатысады. Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері заманауи қару-жарақ пен техниканының пайдалану мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсетпек. Сонымен бірге, Каспий акваториясындағы Қазақстан Әскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайн-режимінде таратылатын болады.

Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметші тартылып отыр. 2013 жылғы 7 мамыр сағат 11.00-де Жауынгерлік парад республикалық арналардың тікелей эфирінен көрсетіледі.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше