Халықаралық Аралды құтқару қорына — 20 жыл

26 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары құрған Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) бүгін 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды ХА

26 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары құрған Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) бүгін 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды ХАҚҚ баспасөз қызметі.

1993 жылдың 26 наурызында Қызылордада өткен саммитте Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Арал теңізі және Арал жағалауы мәселелерін шешу, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оңалту бойынша біріккен әрекеттер туралы келісімді қабылдады. ХАҚҚ басты мақсаты - бірлескен әрекеттерді, Арал теңізі бассейнін экологиялық оңалту және аймақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша бағдарламалық жобаларды халықаралық қауымдастық көмегімен қаржыландыру.

http://www.inform.kz/kaz/article/2545154

 

Оцените пост

0