Алматыда ең үздік жас журналистер анықталуда

Диас Бейсенбек 2013 M03 29
1407
0
2
0

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінде республикамыздың болашақ журналистері бас қосты. Осымен биыл төртінші мәрте өтіп жатқан «Ең дарынды болашақ журналист»...

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінде республикамыздың болашақ журналистері бас қосты. Осымен биыл төртінші мәрте өтіп жатқан «Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасына тоғыз команда келді. Әрбір топ өзінің теориялық білім деңгейімен қоса, кәсіби шеберліктерін де танытуда.

Байқауға Алматы қаласымен қатар, Түркістан, Өскемен, Семей, Қызылорда, Қостанай қаласында журналистика мамандығын оқытатын студенттер қатысуда. Еліміздің ең мықты жас журналистерін анықтау үшін танымал журналистер, блогерлер мен оқытушылар әділқазылар алқасы қатарында. Бүгінгі пәндік олимпиада екі тур бойынша өтуде. Ең алғашқы турда студенттер «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Газет жанрлары», «Тележурналистика» пәндері бойынша барлығы 100 сұраққа жауап беруге тиіс болатын. Тапсырманы орындауға екі сағат уақыт берілгенімен, жас журналистер бар-жоғы бір сағат көлемінде тест сынағын аяқтады. Ал екінші турда жас журналистер нағыз қызу сайысқа түсті деуге де болады. Студенттер «Ең үздік таныстыру» номинациясында өздерін таныстыру үшін бейнероликтер ұсынды. «Ең үздік болашақ телерадиожурналист» номинациясында келген командалар «Әлемдегі медианың даму тенденциялары» тақырыбында аудиторияда түрлі бағдарламалар ұсынды. Үлкен шеберлікті қажет ететін «Ең үздік болашақ фотожурналист» номинациясы бойынша топтар «ҚазҰУ  - қара шаңырақ тақырыбында» 15 минут ішінде «сөйлейтін» фотолар түсіруге міндеттелді. «Ең үздік болашақ баспасөз және онлайн журналист» номинациясында жас журналистер 15 минут ішінде бүгінгі олимпиада жайлы екі нұсқада мақала дайындап, оны түрлі әлеуметтік желілер мен блогтарға жариялауы тиіс. Осы арқылы студенттер интернеттегі белсенділіктерін көрсетпек.

Студенттер олимпиадасын ұйымдастырушыларының бірі - журналисткиа факультеті деканының орынбасары Қарлыға Мысаеваның айтуынша, байқауға қатысуға ниет танытып отырған оқу орындарының саны жыл санап өсуде.

«Байқауды ең алғаш рет өткізгенімізде оған тек 4 команда қатысса, енді биыл 9 команда келіп отыр. Бұл жарыс еліміздегі талантты, білімді, үздік студенттерді анықтайтын сайыс», - деп атап өтті Қ.Мысаева.

Алдын ала, есептеулер бойынша, 1Ең дарынды болашақ журналист1 байқауында Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚазҰУ-дың  жас журналистері барлық турлар бойынша алда келеді. Пәндік олимпиаданың нақты нәтижелері бір сағаттан соң белгілі болмақ.

«Назар аудар» тобының баспасөз қызметі

 

Оцените пост

1
Дальше