• 10082
  • 12
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлылықтың сыры немесе 10 000 сағат тәртібі жайында

Ұлылықтың сыры немесе 10 000 сағат тәртібі жайында

Алтайдан Атырауға дейін жайылған қазақ даласы талай ғұламалар мен ойшылдардың туған жері екені бәрімізге аян. Ежелгі кезден бастап өмір сүрген дара туған ақиық ағаларымыздың өз істерінің шебері болуымен қатар, ұрпақтан ұрпаққа тараған танымалдылығының қандай да бір сыры бары енді анықталды.

Біздің ойымызда қалыптасқан «талант» түсінігі жағымды мүмкіндіктер мен берілген артықшылықтардың қиыстырыла қолданылуы деп айтуға болады.

Психолог Андерс Эриксон жиырма жыл бұрын Берлиндегі музыка Академиясында өзінің екі әріптестерімен осы тақырыпқа байланысты тәжірибе жүргізді. Қатысушылар скрипка бөлімінде оқитын студенттер болатын. Олар арнайы үш топқа бөлінді. Бірінші топқа - әлем жұртына танымал болатын болашақ жұлдыздар, екінші топқа – болшағынан үміт күттіртетін студенттер енді. Ал үшінші топқа – кәсіби музыкант дәрежесінен алыс, тек мұғалім болуға үміт артатын студенттер кірді. Барлық студенттерге тек бір сұрақ қойылды. Алғаш скрипканы қолға алғаннан бастап, осы күнге дейін қанша сағат ойнағандары туралы сұралды. Барлық студенттер бірдей жаста, яғни бес жастан бастап тарта бастаған. Бастапқы жылдары көбісі аптасына екі-үш сағаттан ойнаған. Шамамен сегіз жастан бастап алғашқы ерекшеліктер білінеді. Атап айтатын болсақ, үздік студенттер өз шеберліктерін уақыт пайдасына шешіп, шыңдай түскен. Тоғыз жаста аптасына алты сағат, ал он төрт жастан жиырмаға дейін  аптасына он алты сағаттан жаттыққан. Олар өз өнерлерін  мақсатты түрде өздерінің сүйікті еңбектеріне айналдыра отыра, аптасына отыз сағаттан астам уақыт шұғылданған. Жиырма жасқа келген кезде үздік студенттердің арқасында 10 000 сағаттан астам уақыт тәжірибелері болған.

Орташа студенттерде 8000 сағат болса, болашақ мұғалімдерде 4000 сағаттан аспайтын тәжірибе жинаған. 
Кейін Эриксон өз әріптестерімен осы әдісті кәсіби пианистер мен құмартып ойнайтын пианистерде тексеріп көреді. Бұл жолы да осындай заңдылық орындалды. Құмартып ойнаушылар аптасына үш сағаттан артық ойнамаған, ал жиырма жаста олардың арқасында  2000 сағаттан кем тәжірибе ғана болған. Ал керісінше кәсіби пианистер жылдан жылға тәжірибе сағаттарын арттырып, ал жиырма жаста олар 10 000 сағаттан артық тәжірибелері болды.

Бір қызығы, Эриксон өз тәжірибелерінде үнемі жаттығусыз жоғарғы шеберлікке жеткен қатысушыларды таппаған. Сонымен қатар, барлық қажырымен еңбек ете отырып, бойындағы керекті қасиеттердің болмауынан, алға суырылып шықпағандар саны да кем де кем. Үздік мектептерге түсуге үміткерлердің айырмашылығы – олардың еңбекқорлығының нәтижесі. Үздік студенттер басқаларына қарағанда көп еңбек етіп қана қоймай, олар шынайы түрде көп күш жұмсаған.

Кәсіби қызмет зерттеулерінде көрсетілгендей, әр түрлі қиын салаларда шеберлікке жету тәжірибесіз мүмкін емес. Ғалымдар шеберлікке жеткізетін сиқырлы санды тапты. Ол 10 000 сағат тәртібі.

Сонымен қатар, Эриксон бұл тәртіптің дұрыстығын – белгілі «Битлз» тобының мысалында тексеріп көрген. 
«Битлз» тобының қатысушылары АҚШ-қа жеткенше қанша ойнады? Леннон мен Маккартни Америкаға келгеннен жеті жыл бұрын, яғни 1957 жылдан бастап ойнай бастаған.

Егер сараптама жасайтын болсақ, «Битлз» тобының аты шулы танымалдылығының белгілі ережеге сай келетінін көреміз. 
«Гамбургта бұл жылдары рок-н-ролдық клубтар жоқ еді. Бірақ бір клубтың иесі Бруно өз клубына әр түрлі рок топтарды шақыру идеясы дүниеге келді. Барлығына ереже бірдей болды. Халықтың назарын өздеріне аудару үшін, музыканттар тоқтамай ойнаулары керек еді» - деп жазады, өз еңбегінде («Shout!») тарихшы Филипп Норман.  
Гамбургте қандай ерекшеліктер бар? Ақшаны да аз төлейді. Акустикада мәз емес. Тыңдаушылар да талғампаз емес. Бар шаруа – топтың ойнау керек сағаттарында еді.

Топ мүшесі Джон Леннон: «Біз күннен күнге жақсырақ ойнай бастадық және өзімізге деген сеніміміз арта түсті. Басқаша болу мүмкін емес-тін, бізге күнде кешке ойнау керек. Шетелдіктер үшін ойнағанымыздың жөні бөлек. Әуендерімізді оларға жеткізу үшін  бар жан дүниемізбен қоса, жүрекпен орындауды қажет етті. Гамбургта біз сегіз сағаттан, үзіліссіз ойнадық, сондықтан қаласаң да қаламасаң да тырысу керек болды».

Алғашқы жетістікке жеткенде, олар шамамен 1200 концерт беріп үлгергенген. Бұл санның қаншалықты екенін елестете аласыз ба? Қазіргі көптеген топтар мұндай санды концерт топтың өмірінің соңына дейін бере алмайды. Қатаң Гамбург мектебі – мінекей «Битлз» тобын басқалардан ерекшелендіретін зат. 
Қорыта айтсақ, бойға дарыған дарындылық қасиетті дамытып, жаттықтыра білу – 10 000 сағат тәртібінің сыры. Еңбекпен тер төгіп, мақсатына жетемін деген азаматқа ешқандай қиыншылықтар көлденең тұра алматыны анық. Бойындағы бар қасиеттерді ұштастыра отыра, 10 000 сағаттан артық шеберлігін шыңдай түскен жанды ұлылықтың сырын тапқан адам деп нық айтуға болады.

Сая Қызылбаева

"Айқап.kz" ақпараттар порталы

 
Yerzhan_Alash
3 марта 2013, 13:59
228

Загрузка...
Loading...

Комментарии

10000 sagat ,turakti 、jalgasti uyrenu !:-D

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 8033
  • 14
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4021
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2789
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2758
  • 91
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2226
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2786
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 2181
  • 33
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1946
  • 13
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот для госслужащих?!
WriterKz
вчера / 0:41