Тікелей эфир

Сүйікті тағамдарды бірге дайындаймыз. II бөлім

«Екпін» отандық блогшы, журналистерді жинап алып, сүйікті тағамдары мен олардың жасалу жолдарын, аспаздық құпияларын біліп алды. Материалдың бірінші бөлімін бір апта бұрын жариялағанбыз. Бүгінгі тағамдарды бірге тамашалайық.


Эльвира Ергалина, «Айқаракөз» сайтының әкімшісі.

Дайындайтын тағамы: «Шурпа»

Қажетті ингредиенттер:

6 адамға дайындалатын тағамға сиыр еті мен қабырға, омыртқа сүйектері — 500-800г, пияз — 1 дана, сәбіз — 3-4 дана, картоп — 3-4 дана, болгар бұрышы — 3-4, сарымсақ — 2 бас, қызанақ — 3-4 дана, райхан гүлі — аз ғана, келім дәрі (ащы бұрыш) — 1 дана, дәміне қарай тұз, аскөк, көк пияз.

Дайындалуы:
Біз дайындайтын тағам «Шурпа» деп аталады. Өзбектердің тағамы. Мұны өзіміз қазақшалап, «Қайнатпа сорпа» деп атап кеткенбіз. Алдымен етті әбден жуып, ірі қылып турап, қазандағы суға салып, қайнатамыз. Қайнаған соң көбігін алуды ұмытпау керек. Көбігі алынған соң, астындағы отты баяулатып, ішіне бір дана пиязды бүтіндей салып, 2 сағаттай тағы қайнатамыз.

Қазандағы ет әбден қайнаған соң сәбізді, картопты ірілеп турап, қазанға салып, қайнатамыз. Мен әдетте картопты төртке бөлемін. Сәбізді де солай.
Қазан қайнаған соң болгар бұрышын, қызанақты турап саламыз.
Тағы кішкене қайнаған соң, сарымсақ, райхан гүлі, ащы бұрыш, тұзды қосамыз. Тамақ пісті-ау деген уақытта картоп пен сәбіздің піскен-піспегенін тексеріп, дастарханға бетіне аскөк сеуіп ұсынамыз. Қайнату уақыттарын нақты айта алмаймын. Өзім шамалап жасаймын.

Шурпаға қажетті азық-түліктің бәрін ірілеп турап, асықпай пісіру керек. Қазанды қосып қойып, ұмытып кетуге тағы болмайды, езіліп кетеді.

Бұл тағамды жасауды кімнен немесе қайдан үйрендің?

Жеңгемнен үйренгенмін. Өзі Сарыағаштың қызы, өзбек тағамдарын керемет жасайтын. Палау басуды да, осы «Шурпаны» да, тағы «Дымляма» деген өзбек тағамы бар, соны да жеңгемнен үйренгенмін.

Бұл тағамның ерекшеліктері, дайындау құпиялары бар ма?

Жалпы Шурпаның түрі көп өзбектерде. Қоспасын өзгертіп, тағы қоспалар қосып неше түрлі қылып жасай береді. Сиыр етінен дайындалатын Шурпаны бірден қайнатып пісіретін болса, қой етінен дайындалатын Шурпаны алдымен қуырып алып барып, қайнатады. Бұл Шурпаға райхан гүлінің жапырақтары қосылады. Ол ерекше иіс және ерекше дәм береді. Әрине, өте көп қосып қоюға болмайды. Орнына кинза қосса да болады.

Неліктен оны өзіңнің «фирменный тағамың» деп ойлайсың?

Фирменный тамағым деп айта алмаймын. Алайда, көп жағдайда мен пісірген Шурпаның сорпасы мөлдір боп шығады. Негізі солай болуы да керек. Өзіме ерекше ұнайтын тағам. Етті қазанға салып қоясың да, ол қайнағанша көкөністерді аршып, дайындай бересің. Тойымды әрі қайнатылғандықтан, тез сіңеді, калориясы аз дегендей. Кей мейрамханалардағы Шурпа тым майлы боп кетеді. Олар арнайы май қосатын сияқты. Майсыз болғаны дұрыс.

Роза Әрен, «Алматы ақшамы» газеті мәдениет бөлімінің тілшісі

Дайындайтын тағамы: «Ананас қосылған салат»

Қажетті ингредиенттер:
Бір ананас (консервіленген ананас та бола береді), бір банкі консервіленген жүгері, майонез, 4-5 дана жұмыртқа, суға қайнатылған тауық еті, бір банкі шампиньон (қозықұйрық саңырауқұлағы), бір бума ақжелкен (петрушка), тұз.

Дайындалуы:

Алдымен тауықтың саны мен жұмыртқаны алдын-ала суға пісіріп аламыз. Одан соң тауық етін, жұмыртқаны және қозықұйрық саңырауқұлағын төрбұрышты етіп, ірілеу көлемде тураймыз. Ананастың ішкі бөлігін мұқият кесіп алып (ананастың сыртқы қабығы тесіліп қалмауы тиіс), оны да тураймыз. Сосын ананастың ішін қасықпен жақсылап тазалаймыз.

Бұдан кейін барлығын рет-ретімен ыдысқа салып, бір шымшым тұз және белгілі бір мөлшерде майонез қосып, салатты жақсылап араластырамыз.
Әсемдік үшін: дайын болған салатты тазартылған ананас қабығына салып, бетін ақжелкен жапырағымен әсемдейміз.

Бұл тағамды жасауды кімнен немесе қайдан үйрендің?

Әріптес құрбым Айкерім былтыр оқуды үздік аяқтағанда, қызыл дипломын «жуу» мақсатында жұмыста дастархан жайған болатынбыз. Сол кезде бірінші рет дайындадым.

Бұл тағамның ерекшеліктері, дайындау құпиялары бар ма?

Салаттың ешқандай ерекшелігі жоқ. Ғаламторда оның алуан түрлі рецептілері ұсынылған. Мысалы, бір мәзірде салатқа тұздалған қияр, ал екіншісінде пияз, енді бірінде сәбіз қосылған. Мен дайындаған салаттың құрамы сәл басқашалау. Өзім тауық еті мен саңырауқұлақты жақсы көремін. Менің қалауыма салса, мұнда зәйтүн де қосып жіберер едім.

Неліктен оны өзіңнің «фирменный тағамың» деп ойлайсың?

Себебі, дайындалуы оңай! Сондай-ақ, бұл өте тойымды әрі сіңімді салат.

Дінмұхаммед Зиядин, «Киностан» сайтының әкімшісі

Дайындайтын тағамы: «Киви қосылған ет»

Қажетті ингредиенттер:

Ет (ересек малдың немесе тайыншаның етін пайдалнып көрдім) — 2-3 кг
Киви — 500г
Тұз, бұрыш — қажетіне қарай

Дайындалуы:
Кивиді жуып, тазалап, шағын кесектерге бөліп тастау керек. Оның шаруасы тәмәм болған соң, етті солайымен алып, бөлшектемей, әр жерінен ара қашықтықтарын шамамен бірдей етіп кішкентай қалташалар жасаймыз. Әр қалташаға бағанағы кесек кивиден бір-екі түйір салып, қалауымызша тұз, бұрыш қосамыз.

Фаршталған етті қалған кивидің жұмсағымен сылап-сипап (тура мағынада), түнге қойып қоямыз (шамамен 8-10 сағат). Таңертең фольгаға орап, пешке саламыз. Бір-бір жарым сағатта дайын болады, ұмытпай қарап отыру керек.

Бұл тағамды жасауды кімнен немесе қайдан үйрендің?

Бір жыл бұрын, Жаңа жыл алдында қиялданып аспаздық кітабын ақтарып отырып тауып алғанмын. Алғашында басын жарып, көзін шығарып жасағандай едім (үйдегілер байқап-байқап жеген), қазір тәуір шығады.

Бұл тағамның ерекшеліктері, дайындау құпиялары бар ма?

Ешқандай дайындау құпиясы жоқ, артық-ауыс әуресі де аз, сонысымен ұнайды. Маринадталған ет болған соң өте дәмді әрі жұмсақ келеді. Жанына салат немесе жеміс-жидек қосып дастарханға қойсаңыз, қонақтарыңызды риза қыларыңыз сөзсіз.

Неліктен оны өзіңнің «фирменный тағамың» деп ойлайсың?

Бөлінбеген біртұтас маринадталған 2-3 килограмм ет кез келген ер адамға ұнайды деп ойлаймын. Уылжып піскен тағамның парша-паршасын шығарған соң, бір тілім апельсинді тістеп қойып мәдени қалпыма оралуыма да болады. Шынымды айтсам, бұл тамақ ингредиенттерімен «жүрегімді жаулап алды» — көп бас қатырмайды. Осы себепті де киви қосылған ет мен үшін фирмалық тағам.

Мәншүк Ахметова, журналист

Дайындайтын тағамы: «Болоньез» спагеттиі

Қажетті ингредиенттер:
500-300г фарш
Пияз — 2 дана
Сарымсақ −2 кішкентай бөлігі
Қызанақ — 4-5 дана немесе дайын қызанақ сұйықтығы
Петрушка, базилик, көктер
Спагетти −300 г («Сұлтан» спагеттиі болса жақсы)
Татымына қарай тұз, бұрыш
Сұйық май және су

Дайындалуы:

Сарымсақ, пиязды төртбұрыштап тураймыз. Ал қызанақты жуып, қайнап тұрған суға 5 минут салып қоямыз. Судан алған соң, оның сыртын аршып, езіп сироп жасаймыз.
Қызып тұрған табаға сұйық майды құйып, 2-3 минут фаршты қуырамыз. Фарш қуырылған соң, үстіне пиязды салып, тағы 2-3 минут қуырып аламыз. Қуырылған соң, үстіне езілген қызанақты немесе қызанақтың сұйықтығын (дайыны болады) құямыз. Татымына қарай тұз саламыз. Оны да қосып кішкене қуырған соң, отты басып, барлығын бұқтырып қоямыз. 10 минуттан кейін дәмдеуіштерді (петрушка, көктер, базилик) қосып араластырамыз. 20 минуттай баяу отта тұрса, басты тағамымыз дайын болады.

Басында айтып кеткенімдей, «Сұлтан» спагеттиін пайдаланған жақсы. Қолжетімді, бастысы бір-біріне жабыспайды. Ал спагеттиді кастрюльде қайнап тұрған суға шым-шым тұз, 1 ас қасық сұйық май құйып қайнатамыз. Оны 10 минуттай қатты отта қайнатқан соң, баяу отта 20 минуттай пісіреміз. Піскен спагеттиді судан бөлек алып, суық сумен шаямыз (спагетти бір-біріне жабыспас үшін). Дайын болған спагеттидің үстіне, фаршты салып, дастарханға ұсынамыз. Өз қиялыңызбен әр түрлі сәндеп ұсынуға болады.

Бұл тағамды жасауды кімнен немесе қайдан үйрендің?

Интернеттен үйрендім. Жалпы интернеттен оңай және ерекше тағамдарды қарап жасап жүремін.

Бұл тағамның ерекшеліктері, дайындау құпиялары бар ма?

Бір құпия бар. Менің ойымша, тамақты жасағанда сүйіспеншілікпен, жақсы көңіл-күйде жасау керек. Сонда кез келген тамақ дәмді шығады.

Неліктен оны өзіңнің «фирменный тағамың» деп ойлайсың?

Тез дайындалады. Апта ішінде ас дайындауға қол тимегендіктен, жексенбіде міндетті түрде осы тағамды дайындаймын. Інілерім де осы тағамды ұнатады, өзім де ұнатамын. Сол үшін көп дайындаймын.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Фото: Әлия Сембай

Алия Arsik
20 ақпан 2013, 15:38
51847

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Еее, осылай болды деңдер...
Arsik
1
0
әзірге сенің ғана рецептінді жасап көрдім, "ересек малдың" еті үшін жақсы екен, тез піседі, жұп-жұмсақ)
Иә, сол жағы бар.
киви қосылған ет!? ааааааааааа
Әділет жоқ на, алдын-ала қорытынды жасау, шешім шығару. Саған дайындап беру керек екен.
уайййй қыздар/балдар күчт реп шығыпты!!!
суреттер сондай шынайы шыққан!!! :)
Тамаша шыққан екен. Әдеміііііііііі:))))))))))))
Анау "Киностан" сайтының әкімшісін көрсетпей-ақ қойса екен деп тілеп едім. Өзі бір сүйкімсіз адам :(
Розаның тағамы ерекше екен безендірілуі! Ал Димаштың киви қосылған ет мен үшін жаңалық болды.
Ет қосылған кивидің дәмі тұрмақ піскен күйіндегісін де көз алдыма елестете алмай отырмын. Хмм. Суретін жарияласаңдар күшті болар еді.
Асхат аға, бұл жолғысы желініп кетті-ау, сізге де арнап жасап беремін :))
қосыллаааам, ағасы)))
Эльвираның салаты мммм дәмді бопты))
Эльвираның салаты мммм... дәмді бопты)
Күшті тағамдар. Әсіресе, кивидің өзін жегіп келіп тұр.
Дайын тағамдардың фотоларын жариялап, сілекеімізді ағызу керек еді :))
менде барын пысыремын тек уирену керек солаима

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

16 сентября в Лас-Вегасе состоится боксёрский вечер, главным событием на котором станет бой за титул чемпиона мира в среднем весе между Геннадием Головкиным и Саулем «Канело» Альваресом.
openqazaqstan
13 сент. 2017 / 13:44
  • 5281
  • 33
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5162
  • 12
Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Сегодня в Казахстане активно обсуждают предложенный латинский алфавит казахского языка в Парламенте, мнения высказываются самые разные, некоторые даже предпочли вообще отказаться от такого перехода.
Shimanskaya
13 сент. 2017 / 12:28
  • 2936
  • 45
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2854
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2221
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1896
  • 21
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 1779
  • 27
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
вчера / 13:16
  • 1654
  • 52