Даңқты команда дайындықты бастады

Kazsport agent 2013 M02 13
231
0
0
0

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің айтуынша, Олим­пиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген отандастарымыз Азия чем­пионатына қатыспайды. Мамандар өзара кеңесе келе еліміздің...

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің айтуынша, Олим­пиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген отандастарымыз Азия чем­пионатына қатыспайды. Мамандар өзара кеңесе келе еліміздің беткеұстар зілтемір­шілерін бұл бәсекеден босатқан екен.

   

Былтыр Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында айды аспанға шығарып, төрт мәрте әнұранымызды шырқатқан Қазақстанның зілтеміршілері осыдан бірер апта бұрын Алматы қаласында бас қосып, өздерінің оқу-жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Биылғы жылы да жерлестерімзді бір­қатар жауапты жарыстар күтіп тұр. Тар­қатып айтсақ, 6-14 сәуір аралығында Таш­кентте жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Былтыр төрткүл дүниенің әр қиырынан жиналған 17 жасқа дейінгі өрендер Сло­вакияның Кошице қаласында бас қосқан болатын. Бұл жарысқа еліміздің санаулы ғана спортшылары қатысқанына қара­мас­тан, 1 алтын, 2 күміс және 2 қола ме­дальді иеленді. Осы орайда Надежда Но­гай (+69 келі) алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Игорь Лактионов (94 келі) пен Виктория Вагнер (+69 келі) күміс алса, Альберт Линдер (69 келі) мен Ғалымбек Жұбатқанов (77 келі) қолаға қол созды.

– Аллаға шүкір, елімізде дарынды ұл-қыздар өте көп. Бірқатар аймақтардан мықтылар шықты. Бұл күндері олар өз құрбы-құрдастары арасындағы әлемдік деңгейдегі жарыстарда оза шауып жүр. Бірі жүлдегер атанса, енді бірі жеңіс тұғы­рының ең биік сатысына көтерілуде. Со­лардың арасында өз қаракөздеріміздің үлес салмағының артуы – біздер үшін үлкен мәртебе. Бұрындары осы спорт түрін серік еткендер аз еді. Қазіргі кезде олар тек ауыр атлетикаға мықтап ден қойып қана қомай, халықаралық аренада қазақтың тектілігін паш етіп жүр. Бұл күндері Жазира Жапарқұл, Жасұлан Қыдырбаев, Ғалымбек Жұбатқанов, Нұр­сұлтан Рахатов, Әділбек Балқаев, Ерболат Жоламанов, Айдар Қазов, Майра Фай­золлаева сынды қандастарымыздың қар­қыны қуантарлық. Олардың қатарына ұлттық құрама сапындағы Алмас Өтешев пен Анна Нұрмұхамбетованы қосыңыз. Бұйыртса, осы өрендеріміздің алды әлем­дік деңгейде мойындалатын күн жақын. Ал олардың ізін басып өсіп келе жатқан спортшыларымыз Ташкент пен Лима­да­ғы додада әнұранымызды шырқатып, туымызды биікте желбірететініне еш кү­мәнім жоқ, – дейді республикалық ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Меңдіхан Тәпсір.

Сол жеңісті жолымыз жастар ара­сын­дағы әлем біріншілігінде де жалғасты. 20 жасқа дейінгі зілтеміршілердің бұл жа­рысы Гватемаланың Антигуа қаласында өтті. Мұхиттың арғы бетіндегі бәсекеге Қазақстанның төрт спортшысы ғана қа­тысып, олардың барлығы да елге олжалы оралды. Жазира Жапарқұл (69 келі) мен Ибрагим Берсанов (105 келі) алтын тұ­ғырдан қол бұлғаса, Карина Горичева (63 келі) мен Жасұлан Қыдырбаев (94 ке­лі) үшінші сатыға табан тіреді. Биыл жас­тар 3-11 мамыр аралығында Перудың ас­танасы Лима қаласында өз өнерлерін ортаға салады.

Еліміздің ұлттық құрама командасы мүшелерін алда екі бірдей дүбірлі дода күтіп тұр. Оның бірі – Алаш топырағында өтетін Азия чемпионаты. Сары құрлықтың сайыпқырандары 5-13 маусым аралығын­да Астанада бас қосады. Негізі, біз бұған дейін аталмыш доданы екі мәрте өткізген болатынбыз. Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда, одан кейін Талықорғанда жа­лауы желбіреген жарысты аса жоғары дең­гейде ұйымдастырдық. Мәртебелі мей­мандар да, қарапайым көрермендер де қазақтардың іскерлігі мен ауызбірлігі­не риза болып тарасқан. Сол себепті де Томаш Аян мырза басқаратын Халықара­лық ауыр атлетика федерациясы қайта қа­зақстандықтарға сенім артып отыр. Ол аз десеңіз, 2014 жылы лицензиялық әлем чемпионаты дәп осы Арқа төрінде өтеді.

– Қазақстанға осындай екі бірдей жауап­ты жарысты өткізуді сеніп тапсы­руы тегін емес, – деп бастады өз әңгімесін республикалық ауыр атлетика феде­ра­циясының президенті Қайрат Тұрлы­ханов мырза. – Бұл – әлемдік қауым­дастықтың біздің мықтылығымызды тү­­бе­гейлі мойындап отырғандығының айқын көрінісі. Осы орайда ауыр ат­леттерге әр кез қолдау көрсетіп отырған ел спортының басшыларына, бас демеу­шіміз – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына және басқа да жанашыр азаматтарға шексіз алғысымызды білді­ремін. Бұл істе ұсақ-түйек деген мәселелр болмауға тиіс. Сол себепті де дайындық жұмыстарына әлдеқашан кірісіп кеттік. Өйткені елімізде осындай ірі шара ұйым­дастыру арқылы біздер өзіміздің іскер­лігіміз бен ауызбірлігімізді паш етеміз. Қазақстанның спортсүйер қауымы үшін биыл алып Азияның әр түпкірінен жи­налған апайтөстерінің айқасын көруге мүмкіндігі туындаса, келесі жылы төрткүл дүниенің теңдессіздерінің тартысын та­машалайтын боласыздар.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің айтуынша, Олим­пиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген отандастарымыз Азия чем­пионатына қатыспайды. Мамандар өзара кеңесе келе еліміздің беткеұстар зілтемір­шілерін бұл бәсекеден босатқан екен. Алайда одан жарыстың қызығы кеміп қалмайды. Өйткені қазіргі кезде команда құрамында мықтылар өте көп. Әлемдік деңгейдегі додаларға жүлде алғандар жетерлік. Оған қоса, Азияның бірқатар мемлекеттері өздерінің беткеұстар ауыр атлеттерін Астанадағы жарысқа қатыс­тыруды жоспарлап отыр. Бұл өрендердің арасындағы тартыстың өте шиеленісті бо­ла­тынына еш шүбә келтірмейміз. Алай­да аталмыш жарысқа жолдама алудың өзі оңай шаруа емес. Азия чемпионатының қатысуы іріктеу сынынан іркілмей өту қажет. Бұл турнир 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді. Сол бәсекеде оза шапқан 15 (8 ерлер+7 қыз­дар) отандасымыз сары құрлықтың бас­-ты додасында бақ сынау құрметіне ие болады.

Биылғы маусымның басты жарысы – әрине, ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасы аталмыш жарыстан үнемі олжалы оралып жүргенін жанкүйерлер жақсы біледі. Егер 2005 жылдан бергі кезеңді алатын болсақ, жүріп өткен жолымыз ірі жеңістерге толы. Мәселен, 2005 жылы Доха мен 2006 жылы Санто-Домингодан бір-бір реттен бас жүлдені иеленсе, 2009 жылы Гоянгта 4 ал­тын мен 1 қоланы олжаладық. 2010 жылы Анталияда 2 мәрте әнұранымызды шыр­қатсақ, 2011 жылы Парижде 2 алтын мен 2 күмісті қанжығаға байладық. Осы жа­рыстардың барлығында жалпы есепте үшінші тұғырдан төмендеген кезіміз жоқ. Олай болса, Польшаның бас шаһары – Варшавада да асығымыз алшысынан түсуге тиіс. Бұл жарыс 16-23 қазан аралы­ғында ұйымдастырылады.

 

Оцените пост

0
Дальше