«Қазақ» газетінің 100 жылдығы

9476
5
0
15

Заманына қарай амалы» деген сөз бар. Мұның мағынасы — заманның түріне қарап істеу. Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып...

Согласно циркулярному распоряжению от 9-го декабря 1905 года за #14508 уведомляю Главного Управления...

...под ответственным, в полном объеме, редакторством киргиза #5 айла Тусунской волости, Тургайского уезда и области Ахмеда Байтурсунова издавать в г. Оренбурге еженедельную газету на киргизском языке, под названием "Казах" (Киргиз) по следующей программе...

...Губернатор Генерал-лейтенант подп (Сухомлинов)

««Заманына қарай амалы» деген сөз бар. Мұның мағынасы — заманның түріне қарап істеу. Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма?

Болмаса, дауыл боп соғып, үйімізді жығып, общинамызды шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып қамсыз жатқан халықпыз. Күннің не боларына көзіміз жетпей тұр. Дауылды жауын ету қолымыздан келмесе де, үйлеріміз қирамай, общинамыз шашылмай қалуына амал ету керек емес пе? Сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі газет. Халыққа газеттің керегі қандай екендігін айтып өткеніміз ұнамсыз болмас.

Әуелі, газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ. Бүтін дүние жүзіндегі халықтар телеграмм, телефон, пошталардың арқасында бір-бірімен хабарласып, газет арқылы жұртқа жайып, бір үйдегі адамдардай сөйлесіп отыр. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтанып тұрады.

Екінші, газет — жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады.

Үшінші, газет — халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші. Төртінші, газет — халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықты арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады.

Халыққа газеттің осындай пайдалы қызметтері бар екендігін білген жұрттар газетті киетін киімі, ішетін тамағы, үстіндегі үйінен соңғы керек нәрсеге санайды. Газеттің пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан неғұрлым білімді, өнерлі халық болса, соғұрлым газет-журналдары көп...» — 1913 жылдың 2 ақпаңында дәл осы сөздермен «Қазақ» газетінің редакторы Ахмет Байтұрсынов алғаш мақаласын бастаған еді. Газет Орынбор қаласында аптасына бір рет шығып тұрды. Бастырушы «Азамат» серіктігі, Құсайынов, Кәрімов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.

«Қазақ» газетінің шығарушылар алқасы атынан берілген 1913 жылғы газеттің алғаш санындағы құлақтандыру: «Газетіміздің көп мақсатының бірі — басқадан да алып, өзімізде барын жиып, қазақ тілінің бетін жөндеп, жолын ашпақ, сондықтан қазақтың мақалдары, тақпақ сөздері, билердің, шешендердің айтқан сөздері, басылған өлеңдер, қиссалар бәрі де қабыл алынады, басылмай қалған сөздер қайтарылмайды» делінген.

«Қазақ» газеті қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тоз-тозы шығып жыртылғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан уәлаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлінген Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жұрт жаздырып алды. Тіпті, газетті  метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы да деректер кездеседі. Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5 миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды.
Алғаш жарық көрген күннен бастап «Қазақ» газеті қазақ даласының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне бес жылдан астам уақыт қызмет етті. (c) ҚазТРК

«Қазақ» газетінің авторлары: Бірмұхамет Ақбасов, Жүсіпбек Аймауытов, Жақып Ақбаев, Ишанғали Арабаев, Мұхтар Әуезов, Гүләйім Байгурина, Ахмет Байтұрсынов, Ахмет Бірімжанов, Аққағаз Досжанова, Халел Досмұхаметов, Сәбит Дөнентаев, Міржақып Дулатов, Ғанижамал Дулатова, Әлімхан Ермеков, Мүсілім Ермеков, Ілияс Жансүгіров, Таһир Жомартбаев, Құдайберген Жұбанов, Мағжан Жұмабаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Шәкәрім Құдайбердиев, Нәзипа Құлжанова, Бейімбет Майлин, Мұстақым Малдыбаев, Ахмет Мәметов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Оразаев, Мұстафа Оразаев, Биахмет Сәрсенов, Жансұлтан Сейдалин, Жиһанша Сейдалин, Асылбек Сейітов, Мұхаметжан Сералин, Бекмұхамбет Серкебаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаметжан Тынышбаев, Жұмағали Тілеулин, Субханберді Хасенов, Сәдуақас Шорманов.

Осы күнге дейін жеткен «Қазақ» газетінің материалдары мен басылым туралы барлық мәліметтер 1998 жылы жарық көрген «Қазақ» газеті жинағының құрастырушылары Үшкілтай Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Саховтың адал еңбегі екенін ұмытпайық.

Ad

Rate post

15

Comments

Login to comment