место в рейтинге
  • 27440
  • 50
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик - бұл мамандық  туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

копирайтер - сайт үшін контент құрушы;

коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

джобер –  оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

Тізімде келтірілген мамандықтар нарықтағы жұмыс түрлерінің бірсыпырасы ғана. Әрі анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай.

Бірақ бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатқаны анық.

Дегенмен, бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін жай ғана веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды.

Соған қарамастан, жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер. Компьютер алдында отыратын қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық иелерінен әлдеқайда көп. Оның үстіне, денсаулығын тәуекелге тікпейді.

Алайда жаңа мамандықтардың да кемшілігі бар. Жүйкеге түсетін салмақ пен стресс орасан. Ұдайы ойланып, жаңа тәсілдер табу қажет.

http://www.ainalife.kz/articles/material/71

Нәтижесінде, қорытынды ой туады. Осы мамандықтар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болғанымен, жастарға мойындарын бұру қажет пе?! Үкімет тарапынан жастарды қолдау бойынша, "Кадрлық резерв", "Дипломмен ауылға", "Қайта оқыту және даярлау" сыңды мемлекеттік бағдарламалар құрып, ЖОО бөлінетін грант саның артыруда. Жастардың жұмыс істеу үшін бар жағдай жасалып, таңдау мүмкіншіліктері орасан зор. Сонда кім қай жолмен баратыны әр азаматтың өзінің еркіндігінде. Жалпы қайда барсақ та, аман болайық! Әйтеуір ертең алған білімді  және өмірлік тәжірбиемізді игі істер үшін пайдалана алсақ болғаны....

 
1 февраля 2013, 15:17
583

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 51431
  • 23
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5077
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4509
  • 57
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
сегодня / 11:08
  • 4219
  • 18
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3798
  • 8
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3679
  • 30
Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3160
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3350
  • 63
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
вчера / 23:29
  • 2784
  • 29