Моңғолияның Ұлттық порталы «Жыл адамын» жариялады

nazgulnaz 2013 M01 13
361
0
1
0

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ - Моңғолияның KAZNEWS.MN Ұлттық порталы әр жылдың соңында жылдың үздік оқиғаларын атап, іскерлік карьераның шыңына көтерілген азаматтарды анықтауды үрдіске айналдырған...

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ - Моңғолияның KAZNEWS.MN Ұлттық порталы әр жылдың соңында жылдың үздік оқиғаларын атап, іскерлік карьераның шыңына көтерілген азаматтарды анықтауды үрдіске айналдырған болатын. Аталмыш портал биылғы жылдың «Жыл адамын» Экономика ғылымдарының докторы, Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының мүшесі Бакей Ағыпарұлы деп таныды. Бұл жайлы Kaznews.mn хабарлады.

 

Ел басқару тізгіні екінің біріне берілмейді. Білімі мен тәжірибесі толысқан жаңашыл азаматқа ғана аманат артылады. Бакей Ағыпарұлы экономика, саяси, әлеуметтік мәселелерде жиі үн қатып, қолға алған бастамасын соңына дейін жеткізіп, беделді саясаткер, білімді азамат екенін дәлелдеп жүрген азамат. Ол Мңғолияның батыс өңірі, аз ғана қазақ шоғырланған Баян-Өлгей аймағының асқақ бейнесін асқақтатуға, аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына үлкен үлес қосып жүр. 
Ұлттық портал «ұлтының қамын азаматы, азаматының қамын ұлты ойласа біздің арман, мүддеміз ұштасқаны осы емес пе! Бәкей Ағыпарұлы сияқты білімді, білгір, халқына қаны қызған азаматтар көбейе бергей деп тілейміз» деген ақжарма тілегін жариялады

 

Оцените пост

1
Дальше