Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Кали Аубакиров 2013 M01 11
774
1
1
0

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.

Аталмыш, менің жеке сүйікті, әрі ыстық мекенім – әрине Астана. Осы рухы терең жерде ата-бабаларым қоныстанып, тамырларын жайған екен. Кейін жаңа ұрпақтар өмірге келіп, өз жалғасын табуда. Бірақ менің осы кіндік тамған жерімде, тағдырымен байланып отырған қаланың бір бөлігін айрықша бөліп, сіздермен бөліскім келіп тұр.

Қаланың ең байырғы көшелерінің бірі – Жеңіс даңғылы. Осы көшенің қиылысында орналасқан перзентханада дүниеге келіп, өзімнің өмірімді бастадым деп айтуға болады. Осы өмірде алғашқы білімімді бойыма сусындырған, 11 жылымды бір мектепте өткізген шағым да осы көшенің бойында. Уақыт өте келе есейіп, қала да өзінің аумағын жан-жаққа тарата бастайды. Енді оң және сол жағалау болып, қала екі бірдей бөлікке айналды. Сол жақ жағалауда еліміздің мәселелерін шешетін, заң шығарып, оны іске асыру тетіктерін ұсыну, жалпы айтқанда негізгі әкімшілік орталық сол жерге қоныстанады. Қаланың ішкі тіршілігі уақыт талабымен бірге өзгеріп, жаңа бір, әлемде теңдесі жоқ, тура кең байтақ Отанымыздың қақ ортасында,  жазық далада, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған замаң» келіп, өмірімізді жаңа белестермен, жетістіктермен, өзгерістермен нәрлендіре түседі.

    Бірақ осы мақаланың негізгі бөлігін есейген өмірімнің өткізген шағым жайлы жазғым келіп тұр. Бұл мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан кезім. ЖОО таңдаған кезде, ешқандай да ойланбастан,қаламыздың ең алғашқы жоғары білім беретін ордаға тап тіредім.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университет бала кезімнен бастап, сөз ауызмда жүргені есімде. Қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде беделі орасан зор, білім беру жүйесі басқа білім ордаларына қарағанда өзгеше, мұғалімдік-профессорлық құрамы мықты, тарихы терең, студенттерге ерекеше ықыласпен қарайтын, білімді жан-жақты сіңдіретін, өмірлік бір тәжірбие бере алатын ордада 4 жылымды өткізгеніме өте қуанышты болып, мақтан тұтамын. Бұл шақ өзіндік бір өмірлік мектеп секілді.

Студенттік уақыт кез келген адамның ерекше бір кезеңі ретінде санауға болады деп есептеймін.

55 жылдық тарихы бар, еліміздің тек ауылшаруашылық саласын ғана емес, көптеген басқа да салаларды қамтитын жоғары білікті маман-кадрларды даярлауда.  Өте қызықты, әрі білімді шыңдай түсетін өндірістік тәжірбие ұсынып, материалдық-техникалық база замаңға сай өзгеріп, сырттан келген жастарға өз алтын ұядай болып жасалынған жатақханалармен қамтамасыз етілуде. Студенттер мен басшылық арасында жылы,достық қарым-қатынас орнап, барлық жағдай жасалынған. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі еліміздің алдыңғы қатарлы университеттің өзінде теңдесі жоқ болып, тәжірбие алмасуда. Жастар сабақ кезіндегі, қоғамдық өмірлеріндегі, тұрып жатқан жатақханалардың өзінде өзін-өзі басқаруы жетік қолға алынған. Басшылық тек қажетті жағдайды  жасап, қиын және даулы сәттерде ғана дұрыс жолға бағыттап өзінің достық қол ұшын беруде. Жастар арасындағы қарым-қатынас та, өз туған бауырлары арасындағы жағдай секілді, үлкен жанұя болып ғұмыр кешуде. Жоғары білімді жетік меңгеру үшін арнайы мамандықтарға байланысты орасан бай кітапханамен жабдықталғаның ерекше бөліп айтқым келіп тұр. Сонымен қатар, бітіріп кеткен түлектер мен оқып жатқан студенттер арасында да үзіліссіз қатынас орнап,  өзіндік бір дәстүрін құруда.  Алтын  ұядан ұшқан түлкетер Қазақстан мен әлем бойынша жан-жаққа тарап, алған білімін көрсетіп, үлкен белестерден көрінуде.  Араларында  үкіметте, парламентте, ірі кәсіпорын басшылықтарында, жалпы айтақанда еліміздің нағыз май-қаймақтары арасында табыла білетін, бірақ өзінің ордасын ұмытпай, көмек беріп, бар күш-жігерін, ынтасын, көңілін салып жүрген түлектер жетерлік. Университет басшылығы студенттерге жоғары білікті білімнен басқа, қоғамдық жұмыспен айналысуға да бар жағдайын жасап берді деп айта аламын. Арнайы ғимарат бөліп,  дарынды және қарапайым жастардың  қасиеттерін шындай түсетін үйірме жетекшілермен де қамтасыз етіп отыр. Оның нәтижесі, жеңіп алған бас және жүлделі орындары, бағындырған белестері.  Жалпы айтқанда барлық жасалып жатқан іс-әрекеттері айдан аңық болып, баршамызға мәлім.

Өз өмірімнің төрт жылын осы жанұямда өткізгеніме ешқашан өкінбес емеспін. Осы өмірде өзімнің жолымды тауып, жоғары білікті, жан-жақты білім беріп, ең жақын деген достарымды сыйлағаны үшін мың алғыс.  Алға жетелейтін, бағындыратын асулар жетерлік, тек биік шыңдардан көріне берсін. Өркендеп, өсіп, молайып, әрбір бітірген түлек мақтан тұтып, риза боларына кәміл сенемін. «Намысты қорға ҚазАТУ АЛҒА»

Оцените пост

1

Комментарии

Дальше