• 102452
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақ магниткасы

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы 1973 жылы ашылған. Мұражайдың жалпы аумағы 1168 ш.м, экспозициялық аумағы – 960 ш.м. Қала өмірінің әрбір тыныс-тіршілігінен хабардар ететін мұндағы жәдігерлердің өткен-кеткен күндерден айтары мол.

Қазіргі күні мұнда 9 көрме залы жұмыс істеп тұр: Теміртау ҚР Тәуелсіздік жылдарында; Қала тарихы; Естелік залы; Ностальгия; Этнография; Палеонтология; Археология ; Туған өлкенің табиғаты; Нумизматика. Үстіміздегі жылы мұражайда тұрақты және уақытша жұмыс істеп тұратын «Әйел анатомиясиясы», «Соғыстың құжаттық куәлері», «Жоғалған парақтар», Д.Қонаевтың 100-жылдығына орай «Саясаткердің өмірі» атты экспозициялар ашылды.
Әлбетте, Теміртау дегенде, оны Металлургиялық комбинатсыз елестету мүмкін емес. Мұражайда осы өнеркәсіп алыбына арналған арнайы зал бар. Енді Қазақ магниткасының тарихынан бірер сөз:
1956 жылы КОКП Орталық Комитеті мен Кеңестер үкіметі барлық комсомоль ұйымдарына, комсомолдар қыз-жігіттерге, барлық кеңес жастарына жаңа зауыттар, гидроэлектростансалар, көмір шахталарын, кеніштер және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысын салуға шақырған үндеуін жариялады. Олардың ішінде Қарағанды металлургиялық зауыты да болды. Үндеуде жаңа құрылыстарға жігерлі, қажырлы, қиындықтардан қорықпайтын және оларды еңсеріп кете алатын рухы мықты адамдар баруы керек деген ұран тастады. 
Ал 1956 жылдың мамыр айында Алматы Қазақстан Магниткасына алғашқы еріктілер тобын жіберіп үлгерді. Бірнеше күндерден соң құрылыс алаңына Семейден 48 адам келіп жетті. Құрылысқа келген комсомолдар қатары күннен күнге, айдан айға көбейе берді. Тек 1956 жылы ғана Ресей Федерациясынан, Украинадан, Түркімен КСР-нен және Қазақстаннан мұнда 1918 адам келді. 
1958 жылдың сәуірінде ВЛКСМ 13 сиезінде Қазақстан Магниткасы екпінді комсомоль-жастар құрылысы деп аталды. Жұмыс күші құрылыс алаңдарында негізгі зауыт нысандары салынған соң тіптен ағылды. Салынып жатқан зауыт басқармасы мен «Казметаллургстрой» трестіне күн сайын біздің ұлан-ғайыр Одақтың түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар толассыз ағылды. Олардың авторлары өздерін Қазақстанның қара металлургиясы алыбы құрылысының штабына тіркелуге тілектерін білдіріп жатты. Осыған орай ВЛКСМ ОК Қазақстан Магниткасы құрылысына 1958 – 1959 жылдары 26 мың еріктілерді жіберуге шешім шығарды.Бұл шешімді партия мен үкімет қолдады.
Құрылысқа жұрт топ-тобырымен келіп жатты. Тек 1958 жылы ғана қоғамдық ұранмен «Казметаллургстрой» трестіне 6029 ерікті жеткізілді. Сонымен қатар трестің кадрлар бөліміне зауыт құрылысын салуға тілек білдірген 10643 өтініштер мен хаттар түсті.
Мыңдаған құрлысшылар мен монтажшылар армиясын бұрын соңды болып көрмеген жаңа еңбек ерліктері қанаттандырды. 30-40 градустықаяздар мен қатты борандарға, ми қайнатар ыстықтарға және даланың өкпек желіне қарамастан, комсомолдар жұмыстарын бір сәтке де тоқтатқан жоқ және зауыттың бірінші құрылысын тезірек іске қосу үшін жан-тәндерімен жанталасты. Ал, жұмыс ауқымы! Зауыт салу үшін жалпы көлемі жиырма үш миллион текшеметр топырақты қазып, екі жарым текшеметр бетон төсеу, 210 мың тонна металл құрылғыларын, 314 мың тонна технологиялық қондырғыларды орнату қажет еді. Уақыт өткен сайын ерекше қарқынмен сайын жаңа нысандар алынып жатты.
Қазақстан Магниткасы барша еліміздің халықтар достығының символына айналды. Теміртау қаласының көшелерінде келе жатып қала тұрғындарының көп ұлтты ерекшелігіне еріксіз назар аударасың. Барлық жерлерде қазақша, орысша, украйынша, әзірбайжанша сөздер естіліп жатады. Отызға тарта ұлттың өкілдері болашақ зауыттың құрылыс алаңдарында біте қайнасып жұмыс істеп жүр.
Ана тұстан бір, мына тұстан бір зәулім мұнара крандары алып тырналар сияқты аспанға шаншыла көтеріледі. Терең траншеяларға диаметрі адам бойынан асатын құбырлар төселіп, бетон таңғыштар тартылуда. Айналаның бәрі тау-тау топырақ үйінділері, терең жар мен траншеялар. бұлардың қасында жұмыс істеп жүрген адамдар титімдей болып көрінеді. Бірақ, ол бір көргенге ғана солай. Жыл жарым-екі жылдың ішінде осы алып құрылыстарды салып тастаған нақ осы адамдар.
Әлбетте, Кеңестер Одағының басшылығы Қазақ магниткасын қазақты жарылқайын деп салып берген жоқ. Қайта қазақ жерінің мол кен байлығын Ресейдің бас пайдасына жарату үшін, қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын сақтамастан қомағайлықпен қарпып қалуды көздеді. Өздеріңіз байқасаңыздар, кеңестер заманында Қазақстанда ашылған өнеркәсіптің түгелге жуығы тек өндіруші сектор, ал алынған кенді түбегейлі өңдейтін, одан дүние-мүлік жасайтын кәсіпорындар Ресей мен Украинада, одан қалды Белорусь Республикасында орналасқан. Осының өзі-ақ қызыл коммунистер құрған өкіметтің қазақтың еңбегі мен байлығын (басқа да халықтардың) қанаушылық саясат жүргізгенін анық көреміз. Қазақ магниткасының тарихы да соның бір мысалы. 
Бірақ, мәселе онда да емес, басқада. Міне, осы өнеркәсіп алыбы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосып жатыр. Мұражай үйіндегі Теміртау металлургиялық комбинаты тақырыбына арналған жәдігерлер, фотоқұжаттар қаланың өткен тұрмыс-тіршілігінің куәсі. Халқымыздың кеңестік заманындағы өмірінің жақсы болсын, жаман болсын тарихы. Сол үшін де қастерлі де, қасиетті, әрі қасіретті тарихы.

Дәулетқали Асауов

 
nazgulnaz
3 января 2013, 11:57
444

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8366
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2881
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3043
  • 37
Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

После тех громких и пугающих событий, которые произошли год назад, всем в Казахстане стало понятно, что от работы спецслужб зависит в нашей жизни действительно многое.
openqazaqstan
14 июля 2017 / 9:55
  • 2408
  • 25
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2433
  • 30
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 1923
  • 17
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2075
  • 9
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2115
  • 15