• 100091
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қытайдағы қазақтардың соғым сою дәстүрі

Қазақтың бұрынғыдан келе жатқан дәстүрдің ерекше бір түрі – соғым сою. Қытайдағы қазақтар «соғым» ұғымын ерекше қадірлейді.

Соғым сою – бүгінгі нарық заманында бар қазақтың басына жазыла бермейтін «бақыт» болып тұр. Әлмісақтан малы мен жанын бір деп білген біздің жұрт қазір соғым дегеннің не екенін білмейтін халге түскендей. Кім білсін? Қазақсанының қарық болып көбеймеуі де қасиетті төрт түлігінің тұқымы азғындауымен астасып жатқан шығар. Дегенмен мұғалімі мен дәрігерінің, малшысы мен егіншісінің жағдайын жасап қойған Қытай елінде соғым соймайтын қазақ кемде кем.

Қазақта соғым деп қыстыгүні жата-жастанып жеу үшін алдын-ала сойылған малды айтады. Соғымды көбінде қараша, желтоқсан айларында сойған. Оған әр үйдің әл-ауқатына қарай ірі қарадан түйе, жылқы, сиыр, ұсақ малдан қой, ешкі сойылған. Ерте күзде сойылған малды «күздік» деп те атаған.

Қытайдағы қазақтар арасында көбінесе соғымды көршілер кезекпен жиналып сояды. Соғым сойған күні мол қуырдақ қуырады. Ауыл бойынша соғым әбден сойылып болған соң, көршілер бірін-бірі соғымға шақырады. Оны «соғым басы» деп атайды. Соғым басына шақырылған қонақтар есіктен кірісімен-ақ «соғым шүйгін болсын», «қазан майлы, көңіл жайлы болсын», «бұйыртып жегізсін» деп ақ босағаны ақ тілекпен аттайды. Иен тауда жалғыз үй отырса да адам шақырмай, бата істемемей соғым соймайды. Үлкендерен бата алып, туыстарына айтып барып сояды. Себебі, қазақ ұғымында соғым ерекше киелі, ата жолды, ақ сыбағалы кәде, ырымды салт саналады. Оны қыстай ғана жейтін азық қана емес, үйге келетін қонақтарды күтіп, көңілін риза ететін «берекелі дастарқаны» деп біледі.

Жөн-жосықты білетін, жоралғыны толық түсінетін үлкен үйлер мен жас отбасылар да соғымның кәделі жіліктерін ет тұздағаннан-ақ мынау құда-құдағидың, мынау көрші-қолаңның, дос-жардың, арнайы қонақтың сыйы деп кәде әзірлеп, сыбаға дайындап қояды. Негізі қазақ соғымды өз отбасының қажетінен гөрі қыстыгүні үйге келетін қонақтарды ойлап сояды десек, артық айтқандық емес. Өйткені дарқан қазақ шаңырағына ат басын бұрған әр қонаққа қазан асуды міндет деп біледі. Ал қақаған қыста дайын, семіз мал тауып сою екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан да өзі мен құдайы қонақтың ырызғысын бірге санап қыс азығын күз дайындайды.

Соғымның басын қазақ ешқашан жеке жемейді, қонақ шақырмай аспайды. Соғым басын жеке жесе, көптен айырылады, жалғыз қалады, береке қашады деп ырымдайды. Соғым басында құт бар, ол - үлкен кісілердікі, көптікі, оны көппен бірге жесе, шаңыраққа береке, бақыт қонады, ырыс шайқалмайды, сол үйді ел-жұрт сыйлайды деп нанады да, соғым басына қонақ шақырып, үлкеннен бата алып, бірге жеуді ата салты, ардақты жолы қылып санасына бекіткен.

Соғым союдың қызығы да аз емес. Кейде соғым сойысуға көмекке келген пысық жігіттер «еңбекақы» деп «азапқа қарай арқа», «бейнетке қарай белдеме», «қолкесерге қабырға» деп өз қалаған жерінен ет кесіп әкетеді. Оны «соғым әзілі» деп атайды. Соғым басын жеп болған соң, ірі қара малдың жілігін шағады да, оны бөлісіп жеп «дастарқан жайлы, соғым майлы болсын» деп ақ тілек айтысады. Жілік майы көп болса, қыстан жайлы жақсы өтеді екенбіз, мал-бас аман болады екен деп қуана-қуана тарасады.

Қазақ үшін соғым десе «қазы», «қазы» десе соғым еске түсетіні шындық. Семіртілген жылқының майы көбінесе қабырғаның етек жағына жиналады, ол сүбе қабырғаның майымен тұтасады, осы мүшені қазақ қазы деп атайды.
Қытайдағы қазақтар соғымға сойған жылқысының арық-семіздігіне «үш елі, екі елі, табан елі, шынтақ елі қазы, кере қазы, сере қазы» деп баға беріп отырған. Жылқының майынан «шыртылдақ» жасалып, оған тары, қант, бал қосып «жент» деген аса бағалы тамақ даярланады. Ал соғымға сойылған сиыр етін ішекке немесе бүйенге салып «шұжық», «қимай» жасайды.

Соғым деген сөз молшылықтың, тоқшылықтың, барлықтың, байлықтың символы. Қазақтың байлары соғым, кедейлері «деңгене» жесе де ет жеуде ешкімге дес бермеген. «Елде бар болсын» деген ерекше нақыл осыдан қалса керек. «Көршің аш, сен тоқ отырсаң мұсылмандығың күмәнді» дейтін пайғамбарымыздың хадисі де осыған саяды.

Жоғарыда атаған «деңгене» деген сөздің екі түрлі мағынасы бар. Бұл - қауқары келмесе байлардан қарызға алып жейтін соғым. Екінші мағынасы бір топ жігіттің бай үйіне барып бәстесіп біржолда бірмалдың етін жеп кетуі. Екеуі де бар мен жоқтың арасындағы айырықша байланыс.Сүрінгенге сүйеу болмайтын мына заманда «деңгене» дәстүрінің пұшпағы да қалмаған.


Иа, Қытайдағы қазақтардың ғана емес бүкіл қазақтың «соғым сою» дәстүрі негізінен бірдей. Дегенмен, адамның пейілі тарылған соң заман азады ма? Жоқ, заман азған соң адамның пейілі тарылды ма, кім білсін? Біздің елімізде туыс-туған, дос-жаранның бас қосып, қауқылдасып «соғым басын» жейтін салтының сәні қашып тұр. Соғым – қыстың азғығы ғана емес, берекенің қазығы болуға тиіс.

Хазірет Әбділда

 
nazgulnaz
3 января 2013, 11:48
1665

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13177
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10735
  • 102
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 10161
  • 14
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9848
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8322
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5108
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3945
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3224
  • 62