место в рейтинге
  • 28667
  • 57
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қарқыраған аяз салдары – бұл ақыр замаң болмаса, онда не?!

2012 жылдың 11-12 желтоқсан күндері еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерін жаппай 35-480 шамасындағы аяусыз аяздар кеңеттен басып алды. Көптеген адамдар үсік алып, ауруханаларға жеткізіле бастады. Ауылдық типтес қалашықтар мен кішігірм қалалар соғыс кезіндегі блокада секілді сырттағы өмірден тыс қалды. Трассалар мен қалаға баратын жолдар жабылып, көліктер мұз сияқты қатып, оталу қиындықа түсіп халық алғашқы қауіп қатерліктерге ұшыра бастады. Кейінгі кезекті үлкен қалалар да өз меңшігіне иемденді. ШҚО бойынша Семей мен оның қасындағы кішігірім қалашықтардың әкімшіліктері былтырғы жылдың жіберген қателіктерінен сабақ ала алмай, биыл тағы да халықты тондырып, әлеуметтік қажетіліктерден сырт қалдырды. Канализация, су құбырлары белгілі бір сценарий секілді кезек-кезек жарылып, халықтың жағдайын қиындатып жіберген секілді. Осы уақытта әрбір минут, әрбір сағат өте бағалы болып, жауапты органдар бұл апатарды дереу шешу керек еді. Бірақ өкінішке орай, үйлердің іші мұз басып, кейбір бала-бақшалар мен мектептер, ауруханалар мен халыққа әлеуметтік кызмет көрсететін орындар жұмыстарын тоқтата бастады. Көшелерде адам саны өте санаулы... Қарапайым халық үлкен ойға бөленді. Бұл қиындықтар, өкінішке орай әлі де кейбір жерлерде жалғасын тапты.

Осыдан кейін бұл апаттар Алматыға ауысып, кезінде еліміздің қаржылық орталығы деп санап жүретін қаламыз, бұл аяздарға да төтеп бере алмады. Бір аптаның ішінде қаланың  ірі аудандар қатарына жатқызылатын шет аймақтары  қиындықты өз бастарынан кешті.  Кейін жауапты органдар мәлімдегеніндей Алматы қаласындағы су және канализация құбырларының ескеруі 60% құрайды. Дегенмен, халықты ауыр жағдайда қалдыруы үшін сылтау емес. Үкімет тарапынан, жергелікті бюджет тарапынан, кейде инвесторлардың бөлінген қаражаттары сонда қайда кеткені беймәлім. Қала шынымен сонау кезден бастап салынғанымен, қаланың әкімшілігіне түсетін қаржы жеткілікті деп санаймын. Жылда қаланың ортасынан жуырда ғана салынған жаңа асфальты бұзып, күздің ең суық күндеріне дейін берідеңке іздегендей асықпай-саспай жүреді. Ақыры ауа-райы күрт суытып, тез мезетте барлығын жауып, біз қысқы маусымға дайынбыз деп кеуделерін соғып отырады біздің шенеуніктер. Ал оның нәтижесінде апат болған жағдайда барлық жауапкершілікті жылуды тұтынушылардың, демек қарапайым халықтың мойындарын асырып түсіреді. Сылтаулары да күлкінішті. Надан шенеуніктердің ойынша халық үйдегі жылу беретін радиаторлардан ыстық су ағызып, солай балансты бұзады екен. Бірақ ең ойландыратын, әрі толғандыратын нәтиже, бұл сол бассыз шенеуніктер тұратын үйлер қысы-жазы жылы болып, ешқандай апаттар, құбырлардың жарылуы, жылудың тоқтатылуы сияқты әрекеттер болуы мүмкін емес. Олар ешқандай қиындықсыз әдемі, бақытты өмірлерін жалғастыра береді.

Ойымды қорытындылай келгенде, сонда осындай әдемі, бақытты өмір кешу үшін бірден дүниеге шенеунік болып келу керек пе?! Немесе оның жақын туысы, жақыны болуы қажет пе?! Бұл бассыздық, ойларына не келетінің істеу, халықпен санаспау, қарапайым халықты адам ретінде санамай, итше әрекеттер істеу қашан тоқтатылады?! Шынымен оларға сол апатты үйлерде бір айдай шамасында тұрғызу қажет пе?! Мүмкін сонда халықтың қажетіліктерін өтеу үшін қаражат табылар?!

Қыстың әлі 2 айдай қарқыраған күндеріміз күтіп отыр. Ертең тағы осындай аяздар басып алған кезде, халық тағы бейшара күйінде үйлерінде қатып, ауырып отырады ма?! Осындай сабақ алатын жайттар қашан тоқтатылады?! Осы түрлерімен дамыған 50 елдің қатарына қосылғымыз келеді. Халықтың елдегі ішкі жағдайы толыққанды шешілмегенше, сырттағы сарабдал саясатымыз оң болып, үлкен жетістіктерге жетіп, беделді ұйымдарда төраға болуымыз уақытты бос өткізгендей болады. Сондықтан ең біріншіден қарапайым халықтың қамын ойлайық ағайын!!!

 
11 января 2013, 11:50
599

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 34685
  • 195
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15679
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12493
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12220
  • 62
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7943
  • 90
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2872
  • 70
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2063
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1618
  • 6