место в рейтинге
  • 4834
  • 9
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады

2012 жылғы 19 сәуірде Орал қаласының қалалық ауруханасына 8 пышақ, 1 тапанша оғы жарақатымен, ауыр халде «Уральская неделя» газетінің журналисті Лукпан Ахмедьяров түсті. Еріксіз, бұл жағдайдан кейін баспасөз еркіндігі бар ма деген сауал туындайды.

Лукпан Ахмедьяров - саяси мәселелерді көптеп көтерген журналист, Питер Маклер атындағы «Шекарасыз журналистер» сыйлығымен жақында марапатталды. Ол сөз еркіндігі шектелген мемлекеттерде қорықпай жазатын журналистерге беріледі. Сонда саясат туралы жазғаны үшін журналистер ауруханаға түсетін болса, сөз еркіндігі қайда? Ол туралы кәсіби журналистердің көзқарасын білу үшін «Жас алаш» газетінің саяси бөлімнің журналисі Хусаинова Меруерт Кеңесбекқызымен сұхбат жүргізілді.

-          Сіз еліміздегі саяси мәселелерді көтеру деңгейін қалай бағалай аласыз?

-          2006 жылы «Діл» газетінде жүргенде байқағаным, Қазақстанда саясат тақырыбы әлі толығымен ашылып жан-жақты талданып, сараланып жеткізілмейді деп айта аламын. Неге десеңіз,  біздің басылымдарда оқи отырып болжам жасай алатын деңгейге жететін саяси тақырыптағы материалдар әлі аз. Бәлкім, бұған себеп жоғары жақтың қысымы шығар. Байқағаным, күйіп тұрған проблемалар өте көп, бірақ кез келген проблема Қазақстанда саясатпен байланысып кетеді. Ал ол байланысқаннан кейін билік жаққа ұнамайды. Содан кейін кедергілер пайда бола бастайды және сенің еркін жазуыңа мүмкіндік болмайды. Әрине саяси сараптама болжам жасауға болар еді, бірақ еркіндік жоқ. Көп нәрсе тежейтін бізде сол - еркіндіктің болмауы.

-          Егер сіз айтқандай сөз еркіндігі шынымен де жоқ болса, онда оны қалай жоюға болады? Жағдайды қалай өзгертуге болады?

-          Уақыт керек және де жаңа буын. Басқаша көзқарасты, құлдық психологияны, тоталитаризм сарқыншағын ешқандай сіңірмеген. Сол буын ғана бір жаңалықты алып келетін шығар.

Шетелден оқып келіп, тәжірибе жинаған журналистер аз емес. Әр журналист проблема көтергенде оның шешілгенін қалайды. Дегенмен, жоғарғыдағы жүйе өзгермейінше, журналистерге сөз бостандығы берілмейді. Билік пен халық өзі екі жақта қалып кетті, ал журналистер оны байланыстыруы қажет. Алайда олардың сөз бостандығын алып қойып, оның қолын байлап тастаса, арада қандай тақырып шыға алады? Солай болғанның өзінде де біз шамамыз келгенше астарлап, тамтұмдап болса да, саяси жүйедегі жағдайды жұртқа тигізуге барынша тырысамыз. Бірақ мүмкіндігіміз бәрібір шектеулі. Ресейлік басылымдарды қарап жатсаңыз кәдімгідей сойып сынап жатқан кездер бар, ал бірақ сол үшін біздегідей қырып-жойып, ол журналистің артынан түсіп, қастандық жасағаны тым сирек естіледі. Соның барлығы бәлкім демократиялық жүйенің қалыптаспағандығы және біздің әлі оны қабылдай алмай жатқандығымыз шығар. Біз сол ескіліктің сарқыншағынан әлі шыға қойған жоқпыз. Баяғы, қалып кеткен журналистикада да, мысалы, бір із қойып қойған, сол ізбен әлі келе жатырмыз. Басқа бағыттармен әлі айналысып көрген жоқпыз. Баяғы кеңес кезінен аты өзгерді, заты өзгерген жоқ, деп ойлаймын. Егер одан бір жаңа өзгеріс бола қойса, ендігі жерде болуы мүмкін, себебі шетелді барып көрген адамда бір ерекшелік пайда болады. Қанша дегенмен өз елін салыстырады. Ол өз елін сатып кетеді деген емес, керісінше оны сүйреуге тырысады. Шетелден үйреніп келген нәрсені осы жақта да іске асыруға тырысып жүрген  көп жастарды білемін және оларды келешектің елшісі деп танимын. Бірақ дәл кәзіргі кезде еркін саяси тақырыпты қозғап, саяси жүйедегі проблеманы халыққа жеткізу қиынның қиыны.

-          Еліміздегі саяси тақырыптарды көтеру туралы сөз келгенде, Жаңаөзендегі оқиғаны айтпай өту мүмкін емес. Көтеріліс болмай тұрып, журналистер ол проблеманы көптеп жазды, бірақ оған үкіметтің құлақ аспай, ақырында қантөгіске әкеліп соққанының себебі неде деп ойлайсыз?

-          Журналистика төртінші билік деп саналады ғой, бірақ бізде мүлдем олай емес. Бізде журналистер екіге бөлінеді ғой: билік жағындағы, сосын билікті жақтамайтындар. Сонда биліктің қарамағындағы БАҚ мәселені басқаша жеткізуге тырысты. Ал оппозициялық БАҚ болған оқиғаның шындығын жеткізуге тырысты. Сонда Жаңаөзендегі мәселені емес, үкімет қай ақпарат рас, қайсысы жалған деп тұрған кезде уақыт өтіп кетті. Мысалы, 2011 жылғы 23 мамыр күні Жаңаөзендегі мұнайшылардың ереуілге шыққанын біз бірінші болып естідік. Сол жерден адамдар келіп, адвокат жалдамақ болып, өздерінің құқықтарын қорғауын мақсат еткендері болды. Бірақ 23 мамырдан бастап желтоқсанның 16 дейін аралық 1–2 күн емес қой. Егер шынында билік бірдеңені шешкісі келгенде, оған уақыт жеткілікті болды. Мен бұл жерде мұнайшыларды жақтайын деп отырған жоқпын, әрине олардың ішінде арандатушылары болды, олар да, құқықтық сауаттары жетпей, өздерінің қай қадамы дұрыс, қай қадамы заңсыз екенін ажырата алмағаны да болды. Десек те, билік халықтың кез келген талабына мойын бұруға тиіс, өйткені билікті құрап отырған халық. Осыны ескермегендіктен де осы жағдай у-шуға апарып, тіптен адам өліміне дейін соқтырды. Осы ретте «Жас алаш», «Азаттық», «Тас жарған», «Республика» - осы төрт басылым барынша, ең ақыры қыспаққа алынған кезде де тамшылап болса да, сол жақтағы жағдайды жеткізуге тырысты, десек те уақыт өтіп кетті, тым кешігіп қалдық. Кешіккендер біз емес, әрине, биліктегілер. Мен тіптен Бисакаев Серікқали деген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бас маманымен сұхбат жүргіздім. Ол кісі заңды талдап бәрін түсіндіріп берді, тіптен сол жерде болғандығын айтты. Сонда бәлкім шегініс беріп, халықтың да талабын есту керек болған шығар, оларды басып, жаншудан бұрын, дегенмен ол кісі айтады:

«Бүгін Жаңаөзендегі мұнайшылардың талабын орындасақ, ертең Қазақмыстағы шахтерлер шығады. Сонда «Мұнайшылар бізден артық па?» деген сауал туады оларда. Ол кезде қандай жағдай туып кетеді?»

Онысы да дұрыс шығар, бірақ қалай болғанның өзінде де, біріншіден, біз осы мемлекеттің халқымыз, екіншіден біздің мемлекетте халық көп емес, бар жоғы 16 миллион. Ол халықты алтынға малып демегеннің өзінде, әлеуметтік жағдайын біршама түзеуге болатын біздің елдің жағдайы бар. Асты да, үсті де  байлыққа толы жерде отырып, біздің мұнайшылар қайыршының күнін кешіп жатса, олар ереуіл демегенде кім ереуіл дейді? Мен ойлаймын, бұл жерде басым көпшілік кінә жоғары жақтан болды. Біліп тұрып, білмегенсіді. Ал БАҚ өкілдері мүмкіндігінше хабарды жедел түрде жеткізуге тырысты. Бірақ оны елемеді, себебі бізде журналистика саласы «қолды бір сілтейтін» сала болып тұр. Әлі де өзінің  күшіне енген жоқ.

-          Сіздің ойыңызша ол күшке журналистика қашан енеді? Журналистермен санасатындай уақыт қашан келеді?

-          Журналистермен санасу үшін журналистер өзінің бағасы қаншалықты екенін білуі тиіс. Бізде, мысалы, журналистерді арзанқол деп айтады, сондай бір түсінік қалыптасып қалған. Ал негізінде, бізде тіпті билікке қарасты БАҚ-та жұмыс істеген, шындықты, келеңсіз мәселелерді көре білетін журналистер бар.  Бірақ саяси жүйе өзгермей, бұл жағдай да өзгермейді. Сонда да қазір қанша санаспадым дегеннің өзінде, бұрынғыдай емес. Бұрында тіптен шеттетіп тастайтын, кәзір де сондай оқиғалар болып жатыр, бірақ бір кездегідей жабайылық жоқ. Соның өзі де биліктің мойын бұруының алғы қадамы деп ойлаймын. Түптін түбінде бәрібір мойын бұрады, өйткені біз тәуелсіздік алғаннан бері қай жолмен жүрерімізді білмей тұрған сияқтымыз, меніңше. Демократияны алып алдық, ал демократияның негізгі принциптері біздің мемлекетімізге сіңу үшін пәленбай жыл керек. Жоғарыдағылар халықтың алдында демократияның принциптерін өмірге келтіреміз деп уәде бергенімен, оны өздері орындай алмайтынын білмеді. Ал енді оны біз кәзір заң бойынша талап етсек, оның өзінде бұрмалағылары келеді. Негізгі проблеманың өзі сол саяси жүйеде жатыр, егер жүйе дұрыс істеп жатса, мұндай келеңсіздіктер аса көп болмас еді деп ойлаймын.

КТК телеарнасының «Слуги народа» бағдарламасының жүргізушісі Артур Платонов саяси мәселелерді көтерудің шебері ретінде журналистің қандай қағидаларды ұстануы керек екені туралы пікірмен бөлісті:

-          Журналист ешқашан да намыс пен этика туралы ұмытпауы қажет, өзінің қоғам түсінігіне тигізетін үлесін жауапкершілікпен түсінуі қажет. Біздің көмегімізбен халықтың көптеген нәрселер туралы өз пікірін қалыптастыратынын есімізден шығармауымыз - міндет. Ең бастысы, өзімізді көрсету емес, ақпаратты дұрыс жеткізу. Халыққа өз пікірін қалыптастыру мүмкіндігін беру де өте маңызды қағида болып табылады. Саяси тақырыптарды көтергенде, әрине өз ұстанымыңызды, азаматтық позицияңызды білдірте аласыз, бірақ ол ең дұрыс және жалғыз екен деп айта алмайсыз. Аудиторияға әр түрлі пікірлерді ұсынып, толыққанды ақпарат жеткізіп, өз алдына шешім қабылдау мүмкіндігін беруіңіз керек.

-          Бағдарламаларыңызда сіз көкейкесті мәселелерді талқылайсыз, кей кезде жекелеген адамдар туралы сөйлейсіз, сол кезде өз өміріңіз туралы қорықпайсыз ба?

-          Бұрын қорқатынмын, кәзір жоқ.

Қазақстанда саясатты жарықтандыру жағдайы туралы өз пікірімен саясаттану ғылымының докторы, журналист Әділ Нұрмақов бөлісті:

-          Қазақстандағы журналистика, әсіресе саяси журналистика өте бөлінген сала. Негізінде қарама қарсы пікірлер, атап айтқанда оппозициялық және билік жағындағы көзқарастарды жазатын журналистерге бөлінеді. Бірақ басымдылық бізде ресми сөздерді қайталап жазумен шектеледі. Саяси тақырыптарға сараптамалық материалдар өте аз. Сөзсіз, саяси аяда дискуссия туу қажет – бұл жақсы нәрсе. Бейресми емес, қоғамдық дискуссия туу қажет. Белгілі бір тақырыптар қозғалып, қоғам өз пікірін білдіре алатындай ерікте болуы керек. Ол пікірді дұрыс қалыптастыру үшін әр түрлі адамдардан, саяси партиялардан, әр түрлі пікірлер қоғамға қолжетімді болуы - шарт. Көптен бері Қазақстанда бейресми ереже қалыптасты: телеарналарда оппозициялық, не сыншыл саясаткерлердің пікірін көрсетпеу. Прессада да солай. Әрине бұл қоғамға пайдалы емес. Сөз бостандығы неғұрлым шектелсе, соғұрлым проблемалар да шектеледі. Бұл тасып жатқан қазан секілді, қақпағын анда-санда ашып тұру қажет, әйтпесе ол жарылып кетеді. Қазақстанда белгілі бір деңгейде сөз бостандығы бар. Алайда, Конституция бойынша сөз бостандығы берілгенімен техникалық түрде оған шектеу қойылған. Биліктегілердің еркі келсе бұл жағдайды өзгертуге болады. Билік журналистерге жау ретінде емес, дамытушы фактор ретінде қараса, онда өзгерістер болады. Интернетте аздаған өзгерістер бар. Бірақ негізінен, біз адамдар пікірін айтқысы келетін, бірақ айта алмайтын жағдайдан пікір айтқысы келмейтін және қорқақтайтын жағдайға жеттік. Журналистер сараптамалық, сыни ойлау қабілетін дамытса, танушылық ізденушілік жанрда жазса, прогресс болады. Барлық жағдайда тек қана мақтау да жақсы емес. Сыни ойлау - ол жамандау емес, әр түрлі пікірлерді беру. Сапаны көтеру, проблемаға әр түрлі жақтардан қарау, жаужүрек болу, биліктің ренішіне, ештеңеге қарамай, тек қана шындықты жазу және батыл болу.

 

Сен саясатпен айналыспасаң, сенімен саясат айналысады деген қағида бар ғой, сол сияқты бізде де қоғамда кез келген азаматтың айқын көрінетін саяси ұстанымы болуы тиіс. Сонда ғана, билік өз жүйесін өзгертуді жөн көреді, оларды итермелейтін халық. Ал жоғарғы жүйе өзгермейінше төменгі жақтың таңдауы, қалауы орындалмайды.

   
MercuryCachalot
30 ноября 2012, 16:27
1241

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21733
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4273
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2965
  • 33
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2507
  • 26
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2624
  • 2
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2430
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2440
  • 5
Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Я думаю, многие видели различные объявления в интернете о наборе девушек в караоке-клубы в Южную Корею. Садитесь поудобнее, я вам сейчас расскажу что это за шняга.
savira6
28 апр. 2017 / 17:02
  • 2321
  • 19