• 90904
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Есімде қалған елес...

 
08.11.12.

Әңгіменің әлқисасын бастамай тұрып, бала кезімде болған бір оқиғаны еске ала кеткенді жөн көріп отырмын. Төмендегі жайтқа мұның да қатысы болуы мүмкін. Әлі есімде, 1983 жылдың тамыз айының соңы. Малшылар жайлаудан түсіп жатқан уақыт. Әкем колхоздың қойын бағатын болғандықтан жайлауға барып, таудан қойды айдасып түсу керек болды. Қой Тарбағатай тауының Шөпшібай деген жайлауында болатын. Таудың иір-қиыр жолымен қойды етекке айдап түсу кем дегенде бір күнді алатын шаруа. Әкем, оның көмекшісі және мен таңсәріден қойды жая айдап, ымырт үйіріле етекке түстік.

Түнемелікке тоқтаған жері­міз Алмалы сай деп аталады. Қой­ды иіріп, сонда қондық. Тау сал­қын. Киізді жартылай жа­мылып, ұйықтап кеткенбіз. Таң алдында дүңкілдеп атылған мыл­тық дауысын естігендей бол­дым. «Аң-құстан малды қо­рып, мылтық атып жүрген әкем болар» деп ұйқылы-ояу жатыр­мын. Мылтықтың дауысы үдей түсті. Жүздеген адам бірінен кейін бірі атып жатқан сын-ды. Тіпті, өзгешелеу тарсылдап атылған пулеметтің де дауысын естігендеймін. Айналамызда қым-қуыт атыс болып жат­қан­дай. Ұрандаған дауыстар да ес­ті­ліп қалды. Түсім болар деп ой­ла­ған­мын. Жоқ. Көзімді аштым. Таң бозымықтанып атып келе жатыр екен. Киізді сыпырып тастап басымды көтеріп, жан-жағыма қа­рағанмын. Әкем де, көмекшісі де ұйықтап жатыр. Қой орнында. Мылтықтың да­уы­сы қайдан шықты деп жан-жағыма көз тас­тағанмын... Ке­нет, иә кенет кеше кешкісін қой айдап түскен соқпақпен он-он бес аттылы тауға өрлеп барады... Кейбірі мылтықтарын асынған, кейбі­реуі қолдарына ұстаған, артта­рына жалтақ-жалтақ қа­райды. Соңдарынан біреу қуып келе жатқандай үркеді. Ара­ла­рында жаралылары да бар сияқ­ты. Атқа отырыстарынан-ақ кө­рініп тұр. Бәзбірінің бас киі­мін Буденов­каға ұқсаттым. Қып-қызыл жұл­дыз көрініп тұр. «Қызыл әс­керлер-ау» деймін ішімнен. Арып-ашқан топ көз алдымда тауға өрлеп барады. Менің бұл тұрысымды әкемнің дауысы бөліп жіберді. Сол-ақ екен, әлгі аттылы топ, көз ал­дымда сағым­ша ертіп, жоғалып жүре берді. «Балам, не болды?» деді әкем, кешегі өзіміз қой айдап түскен соқпаққа қарап, таңданысымды баса алмай тұрған маған. «Ес­тіген жоқсыз ба, түнімен атыс болды. осы маңда. Ана жаққа бір топ қарулы адам өрлеп бара­ды» дедім. Әкем маған бір, тау жолына бір қарады да, үндеген жоқ. Сосын темекісін тұтатты. «Саған да елес көрінген болар. Бұл сайға қонған адам­дардың көбі сол бір елесті жиі көреді. Кезінде мен де көрген­мін. Бұл сай қазір Алмалы сай атанға­ны­мен кезінде «қанды өзек, ажал қақпасы» деп аталған. Сонау 1920 жылдары ақтың әс­керлері, соның ішінде атаман Аннен­ковтың қанішерлері осы жерді басып Қытайға өткен. Оларға қарсы «Таудың қызыл қыран­дары» деген партизан бөлімдері соғысқан. Парти­зан­дар осы тауды мекендеген. Оған әлі күнге осы таудың жар-жақ­пар­ларында жазылған жазулар, адам аттары куә. Осы біз қонған жерде анненковшылар парти­зан­дарға тосқауыл жасап қатты соғыс болыпты. Сол қырғында партизандардың жартысынан көбі қырылған екен. Содан бері осы жерде атыстың жаңғырығы, аттылы адамдардың елес-сұл­балары көзге шалынып қалады. Сенің көргенің сол болар. Бұл бір тылсым дүние ғой, біз біле бермейтін. Талай қыршын көк­тей солды. Солардың жан тап­сырар алдындағы қиналысы болар, жұртқа елес болып көрі­ніп жүрген. Бұл да бір құдіреттің күші». Осыны айтқан әкем мо­сыны құрып, шай қайнатуға кі­рісті. Дәл сол уақытта әкемнің айтқанына сенген жоқпын. Іш­тей «көзіме көрінген жын-пері болар» дедім де қойдым. Кейін ауылға келген соң, осы жөнінде сұрастырғанмын. Кейін Алмалы сайға байланысты небір аңызға бергісіз әңгімелерді естідім. Осы Үржар өңірінде құрылған «Таудың Қызыл қырандары» деген партизан бөлімдері болға­нын, олар осы Тарбағатай тауын­да тұрғанын, ақтың әскер­лерімен қалай соғысқанын білдім. Бірақ осы Алмалы сайда болған қанды қырғынның араға уақыт салып, жұрттың көзіне елес болып шалынатынына соншалықты сене қоймағанмын. Бірақ елестің болатынына енді сене бастағандаймын. Сөйтсем, Алмалы сайда көрінген көрі­ніске ұқсас дүниелер әлемнің талай түкіпірінде бар екен.
...Елес толы мекенге жататын жердің бірі, әлемдегі үлкендігі жағынан үшінші орын алатын һәм Индонезия, Малайзия және Бруней секілді үш елдің иелегіне жататын Борнео аралындағы жалғыз жол. Халық оны «Өлім жолы» деп атайды. Осы жолмен Екінші дүниежүзілік соғыс ке­зінде жапондар қолға түскен мың­даған тұтқын ағылшын-австралия солдаттарын азаптап айдап өткен. Қалың жунглиді басып өтетін азап жолында жапондардың қорлық-зомбы­лығына шыдай алмай, мыңдаған тұтқындар шейіт болған. Әбден азаптап өлтірілген солдаттардың денесі айлап жол бойында ит-құсқа, құрт-құмырсқаға жем бо­лып шашылып жатады екен. Арада жетпіс жыл өткен соң, ке­­зінде тұтқын болып сол жол­мен айдалған қазіргі уақытта отс­тав­кадағы майор Джон Тал­лох өткен күндерін есте қалдыру мақ­сатында сол жерге барып, «Өлім жолын» суретке түсірген екен. Бір таңғаларлық дүние, Джон Таллох бос жатқан жолды түсіргенімен, суретке азып-тозып, айдауда келе жатқан тұтқындардың сұлбасы шыққан. Бұл расында таңғалатын дүние еді. Джон мистикаға сенбейтін, реалист жан-тұғын. Бірақ сурет­ке қарап, амалсыз өмірде сондай елестер болатынына шүбәлануға тура келген. Елес толы әскери жолдар әлемде жетерлік. Соның бірі, Ресейдің Иркутск облы­сы­мен Бурятия шектесетін жердегі Хамар-Дабан тауындағы Бай­калск қаласына апаратын тау соқпағы. Жергілікті халық бұл жолды «өлім соқпағы», не бол­маса «Шыңғыс хан жолы» деп атайды. Азамат соғысы тұсында, яғни, 1920 жылдары осы жолмен қызылдардан жеңілген ақтың генералы Каппеляның әскері кері шегінген. Қыстың қақаған суығында аштықтан және суық­тан үсіп, әскердің тең жартысы осы жолда қалыпты. Өлгендерді жерлеуге ешкімнің мүмкіндігі болмаса керек-ті. Кейіннен осы маңға келген туристердің көбі белгісіз елестерді жиі көретін­дігін айтқан. Тіпті, тау-тасты аралап жүргендер қару-жарақ, әскери орден-медальдар тауып алған. Тауып алғандарын жасы­рып, өздерімен бірге ала кеткен кейбір туристердің біразы түрлі бақытсыздықтарға тап бо­лыпты...
Мұндай орындарды зерттей келе ғалымдар ондай жерлерді «әскери анамольды аймақ» деп атайтын болған. Мәселен, Вели­кий Новгород қаласының ма­ңын­дағы Мясной Бор деп ата­латын орманды аймақ та осын­дай әскери қорқынышты мекен­ге жатады. Бір айта кетер жайт, бұл жерде 1942 жылы қызыл әскерлермен неміс-фашис­тер­дің арасында жан беріп, жан алысқан қанды қырғын болған. Сол қанды қасапта екі жақтан 1 миллионға тақау адам қаза болды. Орманды, батпақты жер болғандықтан қаза тапқан­дар­дың жартысынан астамы жер­ленбеген. Бәлкім, сол кезде жүріп жатқан қан майданда солдаттарды жерлеуге мүмкіндік болмаған да шығар. Қазіргі заманда еріктілерден құралған топтар сол соғыста қаза тауып, көмусіз қалғандардың шашылып қалған сүйектерін жиыстырып қайта жерлеу үстінде. Солардың айтқанына қарағанда, кейде түн ішінде қару асынған қызыл әскерлерді, ит жетектеп орман ішінде жүгірген неміс солдат­тарының елестері жиі көрінеді екен. Тізе берсек, қанды қырғын болған аймақтарда осындай елестердің жиі байқалатындығы анықтал­ған. Бірақ оның сыры неде? Әзірге ғалымдар нақты еш­­теңе айта алмауда. Бәлкім, 1983 жылы Алмалы сайда мен көр­ген елес те соның бірі болар.
Жалпы, бұл жұмбақ құбы­лыс­ты парапсихологтар «хон­тинг» деп атайды. Бұл термин «кейбір елестердің белгілі бір географиялық нүктеге бай­лануы» деген ұғымды білдіреді. Хонингтер қанды шайқастар өткен жерлерде жиі байқалаты­ны да сан түрлі ойларға жете­лейді...

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
8 ноября 2012, 12:04
1422

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 7852
  • 5
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3159
  • 12
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2073
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 2003
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2011
  • 41
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
вчера / 13:50
  • 2032
  • 12
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1941
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1762
  • 34