• 89593
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Меруерт СҮЛЕЙМЕНОВА, «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының төрайымы: Салқын көзқарастан арылатын кез жетті

 
01.11.12.

Меруерт Сүлейменова - өзін өзгелерге де мойындатқан жан. Қоларбаға таңылса да, қоғамдық жұмысқа белсене араласып, өзі тағдырлас жандардың қордаланған мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Бүгінде «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істейтін Меруерт Хадышқызы жақында «Мен өмірді сүйемін» атты қоғамдық қор құрды. Бүгінгі әңгіме - қор, қоғам, адам жайында...

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...»

- Тағдырдың тәлкегімен мүмкін­дігім шектеліп, арбаға таңылып қал­ғандықтан, өзіммен тағдырлас, мұңдас әйелдердің мәселелерін айтып, жоға­рыға жеткізіп жүретін қор құруға бел байладым. Бұл бір күнде келген шешім емес. Он жылдың көлемінде ойда жү­ріп, пісіп-жетілген, жан-жағымды бағам­дап, бағдарлап алып қолға алған ісім. «Жалғыздың үні шықпас» деген ғой, қор құрып, қоғам болып мүмкіндігі шек­теулі жандардың өмірін жеңілде­туге үлес қоссам деген ой. Өйткені бү­гінде Үкімет үкіметтік емес ұйымдар­мен санасады, пікірін тыңдайды.
Осыдан 2,5 жыл бұрын Алматы те­леарнасынан «Мен өмірді сүйемін» ат­ты бағдарлама жүргенін білерсіз­-
дер. Мен сол бағдарламаның авторы және жүргізушісі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жан-жақты көрсетуге тырыстым. Қол­арбаның көмегімен жүріп-тұрғаныма міне, 12 жылдың жүзі болды. Алайда өзім ана атанбайынша, баласы бар мүмкіндігі шектеулі әйелдердің қан­дай қиындықтармен кездесетінін біл­меппін. Қызымды балабақшаға орна­ластырайын деп түрлі мекемелердің есігін тоздырып жүрген кезде ал­дым­нан шыққан қиындықтардың бірі - балабақша құны. Мәселен, елімізде әлеу­меттік жағынан аз қорғалған 11 ка­тегорияға жататын жандардың ба­лалары балабақшаға кезектен тыс алы­нады. Алайда кезектен тыс орналас­тыра алғанымен де, балабақша құнында ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Айына 25-26 мың теңгені баланың бақшасы үшін беріп отыру - мүмкіндігі шектеулі жан тұрмақ, он екі мүшесі сау адамдардың қалтасына кәдімгідей салмақ түсіреді. Ал күні тек жәрдем­ақыға қарап отырған жандар қалай төлейді бұл ақшаны? Санап қарасақ, жыл бойы балабақшаға төлеген қар­жымен студент оқытуға болады екен. Бұл кез келген ата-ананың қалтасы көтеретін қаржы емес. Мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың көпшілігі жұ­мыссыз екені белгілі. Сонда олардың балалары да төрт қабырғаға қамалып, қоғамнан алшақ өсуі керек пе?
Осы орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың балаларын балабақша­ға орналастыру барысында 50 пайыздық жеңілдік қарастырылса деймін.
Бұл ұсынысты қоғамдық қорымыз арқылы жоғарыға жеткізіп, оны белгілі бір нормативтік құжатпен бекіттірсек деп мақсат қойып отырмыз. Өйткені көз жанарынан айырылған, құлағы естімейтін жандардың ішінде отбасын құрып, балалы болып жатқандар өте көп. Түрлі себептерге байланысты мү­гедек болып қалған жандардың бала­лары да қоғамнан алшақ қалмай, өз құрбыларымен теңдей балабақшаға баруын қамтамасыз етуіміз керек.
Жақында Алматы қаласы әкімi орын­басарының қабылдауында болып, осы мәселені көтердім. Ол кісі «Алматы қаласындағы баласы бар мүмкіндігі шектеулі жандардың тізімін жасап, бұл мәселені республика деңгейінде көтеру керек» деді. Сондықтан осы ті­зімді түзу үстіндеміз. Қуаныштысы, мүгедек екенмін деп мойымай, еліміз­дің демографиясына үлес қосып жат­қан азаматтар баршылық. Бүгінде «мүмкіндігі шектеулі адам қоғамға еш керексіз, ауыр тағдыр иесі» деген көз­қарастан арылатын кез жетті. Оларға да жеке тұлға ретінде қарап, тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін барлық жағ­дай жасалуы керек деп есептеймін.

«Отбасылық көмекші бөлінсе...»

- Қор құру қажеттіліктен туын­дады. Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің барлығы бірдей жұмысқа орналасып, қоғам өміріне араласып кетті десек, қате айтқанымыз. Қор тек мүмкіндігі шектеулі әйелдердің ғана емес, көп ба­лалы, жалғыз ілікті, тұрмысы төмен от­басылардың мәселелерін көтеруге тырысады. Жылына ең құрығанда 2-3 ананың баспана мәселесін шешіп берсек деп мақсат қойып отырмыз. Оларға жер телімін алып беруде, үй салуда көмек көрсетсек, біз үшін үлкен жетістік. Оның барлығы қаржыға келіп тірелетіндіктен, болашақтың ен­шісінде. Сондай-ақ мүмкіндігі шек­теулі әйелдердің арасында сән бай­қауын өткізсек деген жоспарымыз бар. Оны өткізудегі мақсатымыз - олардың қоғамдағы беделін көтеру. Өз басымда бар жағдай, мүгедек әйелдің өзін ана, жар, келін ретінде мойын­да­туында қиындық, түсініспеушілік өте көп кездеседі. Арбаның көмегімен жүрсе де, көзі көрмей, құлағы естімесе де, әр адам өмірді лайықты сүргісі ке­леді. Он екі мүшесі сау адамдарға қойылатын талаптар отбасында оларға да қойылады. Отбасының ынтымағы үшін, баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін олар да үлкен тер төгеді. Сондықтан,ең бірінші, мүгедек әйелдердің от­басындағы беделін арттырған азбал.
Қазіргі кезде жұмыс істейтін, жо­ғары білім алатын мүгедек жандарға көмекші беріледі. Одан бөлек, қолар­бамен қозғалатын, балалы әйелдерге баласын өсіруге жәрдем беретін кө­мекші қажет. Жаңа босанған әйелдер­ге, әсіресе. Жас баланы жуындыру, жөргегін жуу секілді мәселелер арбада отырған әйелге кәдімгідей салмақ са­лады. Әлеуметтік қорғау туралы заң­ның кейбір баптарына осындай өзге­рістер енгізілсе. Осындай қажеттілікті біз айтпасақ, кім айтады?


«Қоғамда мүгедек жандарға екі-ақ КӨзқарас бар...»

- Оның біріншісі - аяушылықтан ас­пайды, екіншісі - менсінбейді. Бұл - біздің жүргізген сауалнамамыздың нәтижесі. Бізді өзгелер қоғамға қызмет ете алатын тұлға ретінде қабылдай алмай келеді. Ал адамның бақытты болуы үшін баспана, отбасы, жұмыс керек. Ал мүгедек адамда оның бірі де жоқ. Өмір бойы ата-анасына масыл болып өтетіндер аз емес.
Дегенмен Үкімет мүмкіндігі шек­теулі адамдардың мәселелеріне бет бұ­рып келеді. Бір ғана партияның өзінде осы мәселеге қатысты түрлі-түрлі жиын өтіп, онда айтылған ой-пікірлер жүзеге асып жатыр. Мәселен, жақында ғана қалалық әкімдікпен бірлесе, мүмкіндігі шектеулі азамат­тардың құқығын қорғау туралы алқа­лы жиын өткіздік. Ел азаматтарының 3 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, соның үштен бір бөлігі жұмысқа жарамды. Яғни 150-160 мың адам ден­саулығында ақауы болса да, жұмыс іс­теп, қоғамға өз пайдасын тигізе ала­ды. Алайда әлі күнге дейін мүгедектерді жұмыспен қамту шешімін таппай ке­леді. Мәселен, Алматы қаласы бо­й­ынша, қоларбамен қозғалатын он бес-ақ адам әртүрлі салада қызмет істейді екен. Оның өзінде бұлар - «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының аясындағы әлеуметтік жұмыс орын­дары. Әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылған 3 пайыздық квота әлі күнге ауызбен айтылған күйінде қалып қоюда. Мүгедекті жұмысқа алмаған кәсіпорынға салынатын айыппұл 5-6 АЕК-тан аспайды. Дегенмен айыппұл салу, қатал талаптар қою еш нәтиже бер­мейтіні анық. Жұмыс берушілерді ынталандыру қажет. Мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды жұмысқа алған кә­сіпорындар жергілікті биліктің на­зарында болып, оларды қолдап отырса, тиімдірек болар. Ал әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқарма­сын­дағылар, әкімдіктер «жұмыспен қам­тылуы керек» деген құрғақ сөздерді қойып, өздерінен бастаса, елге үлгі бо­лар еді. Басқармада, әкімдіктерде жұ­мыс істеуге мүмкіндігі де, білімі де, біліктілігі де жететін жастар бар. Ал мүмкіндігі шектеулі адамды жұмысқа алуда ұжым арасында ынтымақ пайда болып, адамды мейірімділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді.
Айта кетейін, «Нұр Отан» партия­сының 104 партиялық бекеті бар, мүмкіндігі шектеулі жандар өз құқығы бұзылса, осы жерге келіп шағымда­нуы­на болады. Ал еңбек адамды үш басты қиындықтан: - ауру-сырқаудан, зерігуден және мұқтаждықтан құт­қарады. Адам еңбек ету арқылы отба­сындағы беделін арттырады. Ал от­басындағы беделдің артуы - қоғам­дағы беделінің артуына ықпал етеді.

Жазып алған
Үмітжан ЖАПАР

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
1 ноября 2012, 11:41
2250

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 7442
  • 38
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
вчера / 15:45
  • 5820
  • 33
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
вчера / 10:08
  • 5861
  • 9
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 3979
  • 3
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3446
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2822
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 3007
  • 23
Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Почти 46% расходов казахстанцев уходит на продукты. При этом бедные казахстанцы стали есть меньше, богатые - больше. Инфографика
ZonaKZ
25 июня 2017 / 9:06
  • 2444
  • 23
Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Они назвали лизоблюдство – нетворкинг. Они назвали бессовестное самохвальство – селфбрендинг. Они назвали беспринципность и отсутствие морали – гибкость и креативный подход.
Aks_Ras
22 июня 2017 / 17:32
  • 2149
  • 12