• 94613
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Агломерация – күштерді топтастыру

 
 
01.11.12.

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғалы тілімізге «агломерация» деген сөз енді. Мұны көпшілік түсіне алмай дамудың бұл жаңалығын жай ғана инвестициялық қаржы бөлісін қайта қарастыру деп жүрген сыңайлы. Мұндайда бір жақтың «өкпеге» беріліп, келесі бір жақтың «май шелпекке кенелеміз» деуі табиғи заңдылық. Ал ақиқатқа тура қарай алған сауатты топ түптің түбінде бұлай істеу ешкімді де «өкпеде қалдырмайтынын», сондай-ақ ешкімді де «май шелпекке кенелтпейтінін» біледі.

Қарапайым тілмен айтсақ, агломерация - инвестициялық күштерді топтастыру ғана. Түсініктірек болуы үшін ақиқаттан бір-екі мысал келтірейік. Кешегі екінші дүниежүзілік соғыс тұсында оған қатысушы екі мемлекеттің әскерін басқарған бас штаб әуелі стратегиялық маңызды тұстарды белгілеп алып, сонан соң бар күшті сонда жұмылдырып, қарсыласына соққы беретін болған. Майданның қалған шебі сол стратегиялық маңызды деген тұсқа көмекші қызмет атқарған. Егер бұл мысалымызда агломерацияның ақиқатын қарапайым халықтың көз алдына елестете алмаса, онда бүгінгі өмірден тағы бір мысалды алға тартайық. Қазіргі Қазақстанның түпкір-түкпірінде жүйткіп жүрген «Мерседес» автокөлігін шығару үшін 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік қызмет етеді екен. Ал бар «абырой» ең соңғы буында, яғни «Мерседес» автокөлігін құрастырып тұтынушысына жөнелтетін зауытта. Біздің баршамыз тек «Мерседес» автокөлігін құрастыратын зауыттарды ғана білеміз, қалғандары жайлы мүлде хабарсызбыз. Мінеки, ақиқат осы.
АҚШ - агломерация ұғымы туындаған отан. Мұндағы өндіріс негізінен санаулы қалалардың туындыларын шығарады. Ал қалғандары сол қалаларға «қыз­мет етушілер». Айталық, Нью-Йорк нағыз агломерацияның өзі. Бұл тек АҚШ мемлекетін ғана емес, тұтастай дүниежүзін қар­жымен қамтамасыз етуші ор­талық. Әлемнің бүкіл қызметі Нью-Йорк «жүрегінің соғуына» бағышталған. Егер Нью-Йорк «жүрегінің соғуы» әлсіресе, онда бүкіләлемдік дағдарыс орын алды дей беріңіз. 2007 жылы солай болған.
Мінеки, агломерацияның қандай маңызға ие екенін қа­рапайым оқырманға осылайша түсіндіруге болады. Ал экономика ғылымынан сауатты тұлғалар үшін бұл термин мүлде жаңалық емес. Ондай сауатты тұл­ғалар Үкімет нақтылаған отандық бес агломерацияның енді қалай дамитынын және олардың дамуы тұтастай елге қалай әсер ететінін өз беттерінше сараптап жатыр. Сондықтан да біз бұл мақа­ла­мызды отандық бес агломе­рацияның бүгіні мен болашағына сараптама жасау үшін жазып отырғанымызды оқырман қауым түсінер деп ойлаймыз.


1. «Үлкен бестік» жайлы
Астана. Егеменді еліміздің жүрегі ғана емес қарқынды дамуымен отандастар түгілі шетелдіктердің өзін таңғал­дырып, тамсантып келе жат­қан қала. Қала тұрғындарының саны егемендік жылдарында үш еседей өсті. Мұндай өсімді қа­ланың бас жоспарын жасау­шылар да «ескермедік» дегенді айтып, оған өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізіп жатыр. Егер ақиқатқа тура қарар болсақ, Астана даму үшін басты қажет­тіліктердің дәл ортасына орна­ласқандықтан оның болашағы айрықша зор. Біріншіден, Астана энергетикалық өндіріс көзіне жақын орналасқан қала. Екін­шіден, ол «тоғыз жолдың тора­бын­­дағы» кешен. Үшіншіден, өндіріс құруға қажетті шикізаттар бұл қалаға мейлінше жақын жерде. Төртіншіден, болашақ дамуымыздың қайнар көзі Назарбаев университеті бола­тындықтан да бұл жерде өндіріс құру жеңілірек. Ақыр аяғында азық-түлік өндірісі деп аталатын тіршілік үшін басты қажеттіліктің қақ ортасы саналатын өңірдегі қала. Осынау артықшылықтар Астананы «жүйе түзуші» қалаға ай­налдыру қажет деген ұста­ным­ның дұрыстығын айғақтап тұр.
Алматы. Отандық қаржы жүйе­сі шоғырланған қала. Сон­дай-ақ Алматының бүгінге дейінгі өндірістік қуаты тұтастай Қырғыз Республикасымен тең келетіні де жұртшылықты қызықтыра түсетін күш. Күні бүгінге дейін Алматы ел бюджетінің басты доноры болып тұр. Осыларға қоса бұл қалада күні бүгінге дейінгі Қазақстан ғы­лымы деп аталатын өмірлік маңызды буынның басты-басты кешендері орналасқан. Турасын айтсақ, Алматы қазіргі қазақ ғылымының туған және тұрақ­таған жері. Олардың бәріне қоса Алматының жанға жайлы ауа-райы әркімді-ақ қызықтырады. Әсем Алатау да келушілердің аңсарын аудырып тұратын бір ғажайып. Сондықтан оны жүйе түзуші агломерация деңгейінде дамыту жөніндегі Үкімет шешімі орынды деуге болады.
Шымкент. Халқының саны жағынан елдегі «алып үштіктің» бірі. Шымкент елдегі халық ең тығыз орналасқан облыс ор­та­лығы. Сондықтан мұнда даму үшін қажеттіліктің бәрі бар деуге болады. Халықтың демогра­фия­лық өсімі де оны агломерация деп аталатын маңызды кешеннің құрамдасы болуына бастағандай. Бұл аймақ ауызсуға ең бай өлке. Сондықтан су пайдалану жүйесін уақыт талабына сай басқара алсақ, аймақты Қазақстанды кө­көніспен, жеміс-жидекпен қам­тамасыз етуші басты өңір жасауға болады. Күн энергиясы ұзақ және мол болатын өңірде бала­малы энергия көзін пайдаланудың да мол мүмкіндігі бар. Қысқасы, арзан да құнарлы азық-түлік және бұлардың салалас буыны саналатын жеңіл өнеркәсіпті да­мытудың ең қолайлы жері осы өңір.
Ақтөбе. Мұнай-газ қоры жет­кілікті аймақ қана емес, со­нымен бірге жер қойнауы басқа да та­биғи байлықтарға толы бұл об­лыстың орталығы тоғыз жолдың торабында орна­ласуы­мен де агломерация болуға сұранып тұр. Ең алып базарымыз Ресейге шығатын қақпалардың бірі де осы. Ақтөбе арқылы оңтүстік жә­не орталық аймақтағылар Каспий теңізіне шыға алады. Демек бұл қаланың жүйе түзуші кешендер-дің бірі ретінде дамытылуы таби-ғи заңдылық. Ақтөбенің бола­ша­ғы әрі-беріден соң Астанамызбен бір­дей десек қателеспеспіз. Әрине, Астананың аты - Астана. Осы ар­тықшылық қана бас қала­мыз­дың айрықша жедел қарқынмен дамуы­на жол ашып тұр. Қалған табиғи мүмкіндіктер жағынан ал­ғанда Ақтөбенің дамуы ай­рықша үмітті.
Ақтау. Жас та болса қарқынды дамуымен көзге түскен бұл қала тіпті таяу болашақтың өзінде Қа­зақстанның «інжу-маржаны» бо­лып шығары сөзсіз. Бір жағынан бұл Қазақстанның Таяу Шығысқа жол ашатын дарбазасы. Теңіздің демалыс орны болуға лайықты жерлері мол болғандықтан да бұл қала төңірегінде демалыс орындары көптеп салынып, оның туристер аңсарын аударары ақиқат мекен болары сөзсіз. Біз күні бүгінге дейін Ақтауды теңіз айлағы ретінде ғана біліп келдік. Енді қала агломерация құра­мында дамытылса, бұл әлемдегі ең алып айлақтардың бірі болары сөзсіз. Өйткені, біріншіден, таяу болашақта өндіріс көлемі екі есе ұлғаятын қара алтынымыздың шамамен 10-15 пайызын осы айлақ арқылы Азия базарына шығару жоспарланған. Сондай-ақ Азия және Таяу Шығыс ба­зарына астық шығаруда да ай­лаққа үлкен үміт жүктелген. Айт­­қандай, шетелдерден әкелініп жат­қан цитрустар теңіз жолы-мен та­сымалданса ол әлдеқайда арзанырақ болар еді. Демек қаланың айлақтық қуаты таяу болашақта еселенген мөлшерде өседі дей аламыз. Қысқасы, ел­дің дамуында ерекше маңызға ие бұл қаланың келешегі айрықша зор, сондықтан оған агломе­ра­циялық «мазмұн» беру өте орын­ды болды дей аламыз.


2. Қалған аймақтардың дамуы
Жоғарыда айтып кеткені­міз­дей, агломерациялар «май шел­пекке» кенеліп, қалған аймақтар «же­тім баланың» жағдайында қал­майды. Иә, негізгі құрылыстар мен өндірістік инфрақұрылым-дық басты кешендер біз санап шыққан бес қалада орналасады. Дегенмен, бұл қалған аймақ­тар­дың «еншісі» солардың олжасына айналады деген сөз емес. Өйткені агломерациялар қалған аймақ­тарға негізгі «тапсырыс беруші» жақ ретінде дамитындықтан бұлар бүкіл Қазақстан эконо­микасын өрге сүйреуші «колхоз­дың қара өгізі» қызметін ат­қа­рады. Кәдімгі біз жоғарыда ай­тып кеткен «Мерседес» автокөлігін құрастырушы кешендер ретінде дамитын агломерациялар әлгі брэндтің қажетті бөлшектерін шығарушыларға тапсырыс береді емес пе? Дәл сол сияқты даму басталады. Негізгі инвестиция­лық қуат бес қалаға топтасты­рылса да қалған аймақтарға бөлінетін «сыбаға» азаймайды. Сөйтіп, нағыз қазақстандық брэндтер пайда болатын кезеңге жақындай түсеміз. Бұл индустрия мен инновацияның дамуына қозғаушы күштей әсер етері сөз-сіз шешім.


3. Ескеретін тұстар
Иә, агломерациялық тәр­тіп­пен дамуымызды басқару дұрыс шешім. Бірақ осы тұста билік ба­сындағылардың міндетті түрде назардан шығармайтын жерлері де баршылық. Енді соларға тоқ­талайық.
Әлқисса Астананың «агломе­рация» қоржынынан көп үлесті иемденері сөзсіз. Десек те біз Ақ­тауға бөлінетін көңіл мен қа­ражат одан кем болмауы қажет дер едік. Өйткені нарық жағ­дайында ең бірінші өндіріс емес өндірілген өнімді сіңіріп кететін базар бірінші кезекке шығады. Яғни өндіріс көлемі молайтудан бо­лашақ өнімімізді тұтынатын ба­зарға баратын жолды дұрыстап алуымыз керек. Ал сол жолдың қызметін атқаратын қала Ақтау. Ақтау айлағын қарқынды дамыту басты қажеттілік. Сондай-ақ бұл аймақта туристік кешенді тұрғызу мәселесін жеделдету де пайдалы іс. Осыны естен шығармаса екен.
Екіншіден, агломерациялар энергиямен қамтылу және ши­кізат қорына жақын орналасуына сай келетін өндірістік кешен болса ең дұрысы сол. Айталық, Астана ауыр индустрияға сұра­нып тұрған қала. Ал Ақтөбе мұ­най-газ химиясы деп аталатын кешен құ­руға лайық жер. Шым­кент тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласы мамандандырылса дұ­рыс болар еді.
Үшінші ескеретін тұс - қауіп­сіздік. Алатау жер бетіндегі ең жас тау. Сондықтан бұл тау төңі­регінде бұған дейін болмаған талай табиғи кеселдер алда ақиқатқа айналары заңдылық. Тіпті, таяу болашақта ештеңе орын алмайтынын нақты айта алмай жүрген синоптиктеріміз бұл өңірде енді жүз немесе екі жүз жылдан кейін не боларын шамалай да алмайды. Ал олар жас таулардан талай «мінезді» күтуге болатынын теріске шы­ғармайды. Демек агломе­рация­ға енген Алматы және Шымкент қалаларына көп шоғырлануды жоспарлау дұрыс па деп бүгін ойласпасақ, 100 немесе 200 жылдан кейінгі ұрпақ өмірін қа­терге байлаған болып шығамыз. Қысқасы, табиғат «мінезімен» санасу керек.
Иә, дамуымыздың жаңа жолы салынғандай. Одан үрейленудің қажеті жоқ. Ең бастысы, агломе­рацияларды дамытуда біз ес­керткен және айта алмай қалған тұстар лауазымды тұлғалардың назарында болса екен де­мек­піз.

Таңшолпан БЕКБОЛАТ


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
1 ноября 2012, 10:59
2205

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2886
  • 32
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
вчера / 18:42
  • 1821
  • 36
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1752
  • 32
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1537
  • 12
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1670
  • 14