• 90729
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Маржан ЕРШУ, ақын: Менің қырсық бір мінезім бар...

29.09.12.

- ТҮРКСОЙ тарапынан татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 125 жыл толуына орай 2011 жыл - «Ғабдолла Тоқай жылы» болып жарияланды. Өзің де Тоқай өлеңдерін қазақша сөйлеттің. Әңгімені осыдан бастасақ...

- 2010 жылы ТҮРКСОЙ-дың ұйым­дастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасадым. Сол шара кезінде ТҮРКСОЙ-дың басшысы Дүйсен Қасейінов келер жылды татардың ұлы ақынына арнап отырғандарын айта келіп, осыған орай Тоқайдың өлеңдерін қазақшаға аударуға ұсыныс білдірді. Тоқайдың өлеңін кезінде Жақан Сыздықов, Қадыр Мырза Әли секілді үлкен ақындарымыз аударған. Қазақшаға аударылмаған өлеңі де қалмаған болуы керек. Қайталап аудара бергенде не болады деп едім, Дүйсен аға: «Бұл ойың дұрыс емес. Ұлы ақындар айналып тұрған жарық шам іспетті. Әр ұрпақ оның шы­ғар­маларына өз көзқарасымен келеді. Сондықтан ойланып көр дегесін Тоқайдың оншақты өлеңін аудардым. Бұл ТҮРКСОЙ-дың тапсырмасы болған соң, Жақан Сыздықовтың, Қадыр Мырза Әлидің аудармаларымен қоса өз аудармамды да бір папкаға жинастырып тапсырдым. Ондағылар бұл өлеңдерді Татарстанға жібереміз деді.
Шынында да Дүйсен ағаның сө­зінің жаны бар екен. Мен мұны Тоқайдың өлеңдерін аударғанда сезіндім. 100 жыл бұрын жазылса да, сол адам, сол мінез, сол әдет. Өзгерген техника мен заман ғана. Адамның адам болып қалуы қиын екені То­қайдың жырларынан анық сезі­леді.
- «Түркияда поэзия фести­вальдерін өткізу жақсы дәстүрге айналған екен» дейсің. Бізде мүшәйра кең қанат жайып келеді. Поэзия фестивалінің мүшәйрадан қандай артықшылығы, не кемшін тұстары бар?
- Біздің мүшәйраның әдебиетке қосатын үлесі аз ғой деген ойдамын. Мүшәйра ақынды өсірсе жақсы, әрине... Түркияның поэзия фести­вальдері қай жағынан да үлгі етуге тұрарлық.
- «Самсун» атты поэмаңнан үзінді оқыдым. Мұны қашан бітіріп жүрсің?
- Түркияда, түркітілдес ақын­дардың түрік тілін үйрену курсында оқығанымызда жа­нымдағы ақындар циклдік өлеңдер жазумен болды. Оларға қызыға қарай­тынмын. Рифат Салахов деген татар ақыны «Түрік қызына» деп түрік тілінде өлең жазып, жаңалық ашты. Башқұрттың ақын қызы Лилия Кайыпованың «Шанақ­кале», «Мен келдім Орал тауларынан», «Анкара» деген өлеңдерін түрік ақындары аударып, баспасөзде жариялап жатқанда, ақындар маған Түркия туралы бір шумақ та жыр жазбадың-ау деді. Қы­сыл­ғаннан, бір поэма жазуға дайындалып жүрмін деп қоям. Ас­танаға оралған соң, «Самсун» атты үш бө­лімнен тұратын поэма жаздым. Қазір бұл поэмамды жолма-жол аудармасын жасап, түрік ақынының қолына табыстадым.
- «Ақын қиындық көрмесе, өнердің бағасын білмейді» деген пікірге қалай қарайсың? Жалпы, шығармаларың­ның қуаты өзіңе қаншалықты әсер береді?
- 2003 жылы Махамбет Өте­міс­ұлының 200 жылдығы қарсаңында «Махамбет» атты тұңғыш поэмамды жаздым. Менің «Махамбетім» сол жылдары көп қорлық көрді. Поэмамды үзіп-жұлып, бар бояуынан айырып, «Жалын», «Сарыарқа» журналдары жариялады. Тіпті «Атырау ақын-жазушыларының кітап­ха­насының 100 томдығының» 58-то­мында менің шығармаларыма орын беріліп, кейін бұл кітапты қолыма алғанда әбден өңінен айырылған бейшара өлең­дерімді көргенде, оның ішінде «Махамбет» атты поэмам да бар, қатты қиналдым. Мен жазбаған қызық өлеңдер де жүр. Еліміз тә­уелсіздік алғалы, жас ақындардың бірде-бірінің өлеңі осылай баспа бетінде қорланған емес. Бұл өзі менің шығармашылықпен жан сала айналысуыма жол ашты, сірә. «Шырақ», «Пырақ» атты кітап­тарымды «Айек» деген атпен шығар­дым. Оның себебі 2003 жылы шыққан «Атырау ақын-жазушы­ларының 58-томында» өлеңдерім баспа тарапынан «қорлық» көрген соң осындай оқыс қадамға баруыма тура келді. Менің псевдониммен кітаптар шығарғаныма біреулер күлді, біреулер күле алмады, бұл қалай болды деген сұрақтар оқыр­манды толғандырғаны анық. «Айек» деген сөз қандай мағына береді деп сұрайтындар көбейді. Айек - (негізін­де - Әйек) жарықтық жақсы адам болған екен. Сұлтан Бейбарыстың - анасының аты. Менің де өлеңдерім де Бейбарыстай күшті, қалпақпен ұрса құламайтын мықты болса деп арман еттім ғой. Қазір жас оқырмандарым мектеп қабырғасында оқиды екен. Әсіресе, атыраулық жерлестерімнің көңілі алабөтен. Бес оқушы менің шы­ғар­машылығым бойынша аудандық, облыстық ғылыми жоба жарысында озық шықса, біреуі республикалық ғылыми жоба жарысына қатысып, бақ сынаған. Менің шығармаларымды шама-шарқынша талдап, қызығып оқып жүрген іні-сіңлілеріме ризамын. Олар менің кітаптарымды облыстың кітапханасынан іздейді ғой. Бір ізденуші оқушы: «Маржан апай! Мына «Атырау ақын-жазу­шы­ларының 100 томдығындағы» 58-томындағы өлең­деріңіздің сапасы өте нашар екен. Ал «Шырақ» пен «Пырақта» басқаша. Неге бұлай?» деп сұрайды. «Міңгірлеп тұрған кісіден, күмбірлеп тұрған кісі артық» деп Төлеген Айбергенов жырлағандай, балалар сұрағасын, солай ғой деп шындықты айтамын. Сендер бо­лашақтың ізденуші ғалымы, қалам­герісіңдер. Сондықтан да мұны біліп айтып жүргендерің дұрыс қой деп қоям.
- Атырау қаласы әнұранын жазуға не түрткі болды?
- 1996 жыл болатын. Қалалық мә­дениет басқармасының бастығы әрі әнші Ақмарал Машимова университетке мені іздеп келіпті. Жанында Болат Қохаманов деген жергілікті композитор бар. Музыкасы дайын болған Атырау әнұранына сөз жазсаң деді. Ол кезде бұрынғы Гурьев ата­уының өзгеріп, Атырау атанғанына төрт-бес жылдай болған шақ еді. Уақыт тығыз. Төрт күннен кейін өте­тін қала ме­ре­кесінде бұл ән орындалуы керек екен. Түн ұйықтамай жаздым. Ертесіне әніміз дайын болды. Қала мерекесінде «Атырау қалам» әнін алғашқы болып Ақмарал Машимова орындап шықты. Халыққа ұнады. Сол жылы «Жылдың үздік ақыны», «Жыл адамы» атандым. «Атырау қалам» бұл күнде халықтың сүйікті әніне айналып кетті. Бұл әнді Атыраудағы Кіші өнер академиясы оқушыларының хоры шетелдік конкурстарда шырқап, жүлделі орын­дарға ие болса, әншілер Нағима Есқалиева, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Гаухар Қаспақова, Ренат Гайсиндер бірігіп шырқап жүр.
- Айтпақшы, драма жазуыңа не себеп болды?
- Драма жазуыма себепші болған бір жақсы адам бар. Оның атын айтпай кетпесем болмас. Ол - Ресейдің халық артисі Сергей Безруков. 2010 жылы Астана күні мерекесіне Безруков театры орыстың ұлы ақыны Сергей Есенин туралы «Хулиган» атты спектаклін әкелді. Орыстардың Есенинді шеберлікпен сахнаға шығарғаны мені қатты толқытты. Сол кезде мен шіркін-ай, біздің Мағжан, Ілияс, Жұмекен сынды ақындар және күй атасы Құр­манғазының өмірі драмаға сұранып тұрған жоқ па деп ойладым. Безру­ковтың әсерімен Дина Нұр­пейісова туралы «Дина» атты алғашқы мистикалы музыкалық драма жаздым. 2011 жылы қала күні мере­кесіне Безруков театрымен тағы да келіп, «Пушкин» атты туындысын кө­рермен назарына ұсынды. Спек­та­кльді көріп отырсаңыз, Пушкин заманына кіріп кеткендей, Пушкин мұңымен мұңдасқандай боласыз. Бұл туынды да менің қиялымды қозғады, шабытымды оятты. Бұдан соң мен ақын һәм батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлы туралы «Қай­ран, Нарын» атты тарихи драма, Айша бибі мен Қарахан туралы «Махаббат туралы аңыз» атты трагедия жаздым. Сергей Безруков сағындыратындай адам екен.
- Бұл драмаларыңды неге жарыққа шығармай жүрсің?
- 2006 жыл болуы керек, Алматыда опера және балет театрында Сәуле Жанпейісова «Ән-аманат» атты жеке концерт-спектаклін өткізген еді. Сол концерт - спектакльдің режиссері Болат Атабаев болды. Сол кезде Сәуле мені Болат ағаға таныстырмақ болып, ақын деп аты-жөнімді атап еді, режиссер ағамыз тәкаппар, паң қалыппен «естімедім» дегені. Менің бір қырсық мінезім бар. Бұл мінезім өзіме ұна­ғанмен, өзгелерге ұнай бермейтінін білетінмін. Сол мінезіме салып, «Шы­рақ» атты кітабымды ұсындым да, «Уақытыңыз болса оқып шығарсыз, мен күшті ақынмын» дедім. Содан бір күні режиссер Атабаев: «Кітабыңды түгел оқып шық­тым. Шұбатылған поэма, ертегі-аңыз­дарды. Композицияны жақсы құрасың. Сюжеттерді ойната білесің. Бұл ақындарда сирек кез­десетін қасиет. Әй, сен поэзияда неғып жүрсің?! Сен драматургияның ада­мысың ғой. Маған бір драма жазып берші» дегені. Бұл қалай деп өзім де ойланып қалдым. Драма жазу оңай ма?! Проза жаздым. Сатира да жаздым. Елге ұнады. Түрік әдебиетінің поэзия, прозасынан аудармалар жасадым. Осы аудармаң жақсы, Әзиз Несинді неге көп аудармайсың дейтіндер шықты. Сөйтіп, дра­матургияға да аяқ басқым келді. «Дина» атты алғашқы драмамды, «баяғыда өзіңіз бір драма жазып берші деп айтқан едіңіз, міне, жаздым» деп Болат ағаға бергенмін. Оқып шыққаннан кейін ол кісі сөйлегісі келмегендей қалып та­нытқаны. Мен ішімнен «ұнамаған ғой» деп ойлап қалдым да, «еркін сөй­лей беріңіз аға, мен өкпелемеймін» дегенімде, Болат аға: «осы кезге дейін сахнадағы әйел­деріміз бейшара, бағы ашылмаған сорлы, бейбақ, одан қалса жезөкше, ақсақ-тоқсақ, мүгедек кейпінде кө­рініпті. Мен мұны бұрын ойламаған екем. Сенің Динаң ерекше қайратқа ие образ. Хулиган. Мен мұны шығарам. Тың дүние» деген болатын.
Басқа драмаларым туралы айтар болсам, қазір Астана, Алматы театр­ларында да мықты режиссерлер баршылық қой, құдайға шүкір. Уақыт көрсетеді. Жақында Думан Ра­мазанның «Кенесары - Күнімжан» атты тарихи драмасын Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық жастар театрының режиссері Болат Ұзақов сахнаға шығарды. Авторлық идея мен режиссерлік шешімді шеберлікпен жымдастыра білген қойылымды театрдың жас артистері жан дүниесімен беріле ойнап, жаңа­ша ойлаудың, жаңаша ойнаудың озық үлгісін көрсетті.
- Бірде «Махамбетті түрік тіліне аударуды армандаймын» деп едің. Сол аудармаларың әлі арман күйінде тұр ма? Әлде аударып тастадың ба?
- Аударманың азабын татқан біледі. «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем» деп Доспамбет жырау жыр­лағандай, Махамбет жырының рухын сезініп қана қоймай, түрік тіліне жатық аудару үшін маған да қолдау, көмек керек қой. Фариза апай - менің Махамбетті аудару туралы пікіріме ықыласын білдірген алғашқы адам. Алғаш қолға қалам алғанда, Фариза Оңғарсынованың Махамбет хақында жазған өршіл, асқақ жырларына еліктеп, ақын болғым келді. Ма­хамбет жырларының от-жалынын, рухын Фариза ақын жырларынан көріп таныған ұрпақпыз. Біздің жаман болуға хақымыз жоқ. Дұрыс қаламақы болса, Махамбет те түрікше сөйлейтін күн туады.


Сұхбаттасқан
Жолдасбек ДУАНАБАЙ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
29 сентября 2012, 13:59
926

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8827
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3164
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3306
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3240
  • 52
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2872
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2956
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2427
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2185
  • 18