Бойы - қысқа, ойы - ұзын

«Айқын» 2012 M09 18
481
0
0
0

Джиоти Ямга - 18 жаста. Бойы небәрі 62,6 сантимер. Ол әлемге ең кішкентай әйел ретінде танымал. Джиоти «ахондроплазия» деген атаумен белгілі ергежейліліктен зардап шегеді. Бұл қыздың бойы алдағы...

Джиоти Ямга - 18 жаста. Бойы небәрі 62,6 сантимер. Ол әлемге ең кішкентай әйел ретінде танымал.
Джиоти «ахондроплазия» деген атаумен белгілі ергежейліліктен зардап шегеді. Бұл қыздың бойы алдағы уақытта өспейтіндігін білдіреді.
Үнді қызы Ұлыбритания астанасына 2013 жылғы «Гиннестің рекордтар кітабы» жарық көрер алдында келген. «Ең кішкентай әйел» атағы өткен жылы желтоқсан айында келіпті. Осылайша «Гиннестің рекордтар кітабында» америкалық Бриджит Джорданнан 7 сантиметрге аласа адам ретінде екінші орында тұр.
«Мен бәрінен бұрын Голливуд артисі болып, «Оскар» сыйлығын алуды армандаймын», - деген ол келешекте талай биіктерді бағындырғысы келеді.

Оцените пост

0
Дальше