• 95851
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ел иесі де сөз иесі болғысы келеді

Ежелгі Қытайда поэзияға мемлекеттік маңыз берілген: императордың өзі ақындардың өлеңдерін сараптап отырыпты. Қытай императоры Цяньлун қайғылы өлең жазатын ақындарды өлім жазасына кескен. Ал сол кездегі қытайлық шенеуніктер билікте қалу үшін өз жандарынан өлең шығарудан емтихан тапсырыпты. Осылайша сол заманда билік басындағы адамдардың үйлесімге ұмтылысын, қол астындағы адамдардың жан дүниесіне үңіле білулерін тергеп-тексерген. Яғни, осы арқылы олардың ел басқару қабілетін байқап-білген.
«Әдебиеті ұлы болмай, ел ешуақытта ұлы болмайды» деп кемеңгер Ғабаң - Ғабит Мүсірепов айтқандай, ежелгі қытайлық билеушілер өлеңі өркендемеген елде рухани өрлеу болмайтынын ертеден сезіп-білгендей.
Тарихқа үңілсек, Рим императоры Августан бастап, талай айтулы әміршілер өлең жазумен айналысқан. Әмір Темірдің ұрпағы Бабыр патшаның керемет ақын болғаны тарихқа мәлім. Сталин де, Мао-Цзе-Дун да, Хо-Ши-Мин де, Бен Ладен де өлең жазыпты. КСРО көсемдерінің бірі - Юрий Андроповтың артында да сырлы өлең шумақтары қалған. «Егер ол ел билеуші болмағанда, керемет ақын болатын еді» деседі білетіндер. Кешегі дарға асылған Ирак президенті Саддам Хусейіннің темір торлы түрмеде жатып өлең жазғанын, оны ақын Болат Шарахымбайдың қазақшаға аударғанын да айта кетелік. Каддафи де өлеңнен құралақан болмаған.
Корольдер мен императорлардың қолына қалам алғызып, аспандағы Аймен, көктегі бұлтпен сырластырған өлеңнің құдіреті неде екен, ә? Босқа уақытты жоғалтатын, ақша таппайтын, өнбес нәрсемен шұғылдану - төрт құбыласы түгел оларға неге керек-дүр? Осылай да ойлайтындар бар болар. Бірақ...
Император Нерон да өлең жазыпты. Ұрпақтары оның бір шумағын да бізге жеткізбеуге барынша күш салған. Неронның аты тарихта өлеңдерімен емес, қан уыстаған зұлымдығымен қалды.
Француз королі Людовик тамаша өлеңдер жазып қана қоймай, өз сөзіне әуен де шығарған. Француз герцогтарының біразы бүкіл Еуропадағы мықты ақындардың қатарында саналады. Англия мен Шотландия королде­рінің көбісі поэзиямен шұғылданған. Соның бірі - ағылшын королі Генрих VIII. Ел билеушілерінің көбісінің өлеңге бет бұруы - олардың ұзақ уақыт тұтқында болулары мен түрмеде отыруларына да байланысты. (Өзіміздің Асанбай Асқаровты еске алыңыз). Ағылшын ханшайымдары Мария Стюарт және Елизавета I поэзиямен шындап шұғылданған. Бес ғасыр бұрын өмір сүрген олардың өлеңдері бүгінге күнге дейін жетіп отыр.
Шығыс шахтары, әміршілері мен хан-сұлтандары каллиграфия немесе әсемдеп хат жазу өнерін міндетті түрде меңгеріп қана қоймай, қасида, ғазал, бәйіт, рубай, меснеуи жазумен шұғылданғанын көреміз. Әлемге әйгілі парсы поэзиясын дамытқан да Саманиттер дәуіріндегі ел билеушілері болған. Ғазнауи патша кезеңінде үлкен ақындар мен жазушылар шыққан. Сол кезде поэзияда «хоросани әдісі» етек алған. Өзіміздің Абылай ханның жырлары жетпегенмен, күйлері біздің заманымызға жетіп отыр. Джавахарлал Неру мен Гандилер үнді халқының билеушілері ғана емес, керемет ақын-жазушылары да.
Өлең-жырдың өркендеуі, әрине, Ислам дінінің келуімен жаңа сатыға, биік белеске көтерілгені анық. Байқасаңыз, мұсылмандық мәтіндердің маңыз­ды бөлігі өлең-жыр формасында келеді. Орта ғасырдағы оқымысты­лардың, тіпті, медицина ғылымына қатысты трактаттарының өзінде де өлең өріп жүреді. Мұның себебін іздесеңіз, мұсылман адамның толыққанды білім алу үшін таза діни ілімдермен қатар, өлең де жаттап, поэзияның негіздерін үйренгенін байқайсыз. Поэзия - ислам мәдениетінің бөлінбес бір бөлшегі болған. Арыны айтпай-ақ, мұны мәселен, Абайдың Семейдегі медреседе діни білім алып жүріп, Физули, Шәмси, Қожа Хафиздердің поэзиясынан сусындап, соларға еліктеп өлең жазғанынан да көруге болады.
Исламның поэтикалық сипатының негізі қасиетті Құран Кәрімге барып тіреледі. Әрине, Құран адамның емес, Құдайдың сөзі болғандықтан да оны поэзиямен салыстыру әсте мүмкін емес. Бірақ Жаратушы өз сөзінің мағынасын адамдардың қабылдауына сай формада түсіргені анық. Дегенмен, Құран сөзін әңгімеге де, поэзияға да, философиялық трактатқа да ұқсату мүлдем мүмкін емес.
Құран араб тілінде түсірілгенімен, оны қаны араб және тумысынан араб тілді ортада өскен адамның өзі түсіну үшін ұзақ оқып-үйренуіне тура келеді. Жай көзбен оқу мен мағынасын түсіну аз, оған қоса, дауыстап мақамдап оқи білу керек.
Филологтар «поэзия - тілдің ең жоғары формасы» дейді. Абай жарықтық «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» деп кеткен. Құранға қатысты осы тұрғыдан қарастырсақ, әрине, ол сапасы мен мазмұны жағынан адам баласы тудыратын поэзиямен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бірақ парадокс, Құранның дәл осы қол жетпес биіктігі мен құпиялылығы ақындарды мәңгілікке шабыттандырумен келеді. Ал біздіңше, шабыт, арабша «ильхам» дегеннің өзі Жаратушыдан келетін нәрсе, ол - біздің Жаратушымен сырласуымыз, мейірімін тілеуіміз. Құдайға жалбарынуымыз, дұғамыз, Онымен тілдесуіміз. Классикалық Ислам дәуірі тұсындағы оқымыстылардың трактаттарындағы поэзиялық сарындар дәл осыны меңзейді.
Мәселен, Ибн Сина мен Омар Хайям әрі керемет ғалым, әрі ғажайып ақын болған. Олар қанша терең ғұлама ғалым болғанымен, он сегіз мың ғаламның құпия сырына терең бойлай алмай, таңғалғаннан Жаратушының құдіретіне бастарын иіп, жүрек сырларын поэзия тілімен өрнектеген. Сопылық әдебиеттің ірі өкілдері Қожа Ахмет Иассауи, Румилер де жай ақын емес, ел билеушілер болған. Поэзия - Ислам мәдениетінің бөлінбес бір бөлшегі ретінде Пушкин мен Буниндерді шабыттандырған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өлең жазады. Жұртқа белгілі «Үшқоңыр», «Елім менің», ресейлік атақты «На-На» тобы орындайтын «Мой город» ән­дерінің, сондай-ақ қазіргі Әнұранның кейбір тармақтарын Нұр-Аға жазған. Домбыра шертіп, ән салатын, ауық-ауық өлең жазып қоятын Елбасының бұл қасиеті әсемдікке деген жай ғана әуестік қана емес, сөз өнеріне деген үлкен құрметтің белгісі. Өлең жазатын президенттер аз емес. Таяуда Израйль президенті Шимон Перес өзі шығарған өлеңдерін сайтқа салып, бүкіл әлемнің композиторларына өзінің сөзіне ән шығаруға ұсынған. Нобель сыйлығының иегері атанған президенттің өлеңдерінің негізгі тақырыбы бейбітшілік екен. Әлемнің мен деген композиторлары қазір Шимонның сөзімен әуре болуда.
Ертеде дворяндар білім алған мектепте әр балаға міндетті түрде өлең-жыр жаздыратын болған және оларға содан тиянақты емтихан тапсыртқан. Тәрбиесі мен алған білімі солай болғандықтан да шығар, дворяндардың көбісі тарихта шетінен ақын ретінде белгілі. Қазақтың хан-сұлтандары да медресе-мектепте әскер, ел басқару өнерімен қатар, ақындық өнерді де меңгеріп шыққан. Өкінішке қарай, бүгінгі біздің қоғам өлеңнен алыстап кетті. Бүгінде жоғары оқу орындарында құрметті профессордың лекцияда өлең оқығанын көрудің өзі арман. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалімдер өлең жаздыруды қойған. Жалпы, сөз өнері қазір жетім баланың күйін кешуде екені анық. Қарын қамы бәрінен де жоғары тұр. Солай болса да, өмірді өлеңсіз елестету қиын...

Төреғали ТӘШЕНОВ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
13 сентября 2012, 13:42
1248

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22644
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11579
  • 341
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 5541
  • 39
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5714
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3973
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2502
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2739
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3011
  • 21