• 28223
  • 15
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Айыптаушылар мүддесін жақтас куәлар құптады

Ақтау қаласында В.Козлов, С.Сапарғали, А.Әминовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда. 16 тамыз басталған сот біраз жерге келіп қалды. Бүгінгі сот отырысында бірталай қорғаушылар тарапы куәлерлерінің жауабы тыңдалды. Енді процесс соңының ауылы алыста емесі анық.

Семей қаласындағы «Алға» партиясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі Фатима Қасенова атты куәден бүгін жауап алу жалғасты. Мемлекеттік айыптаушылар Ф.Қасеноваға «Алға» апартиясы мүшелерінің өзара Мұхтар Әблязовпен скайп конференциясымен байланысқаны турасында стенограмманы назарға ұсынды. Бұл конференцияға куә қатысса да, алайда біршама ақпараттарға мардымды жауап бере алмады. Тек М.Әблязовқа өзінің оң көзқарасын білдірді. «Билікті сындыру керек, келесі жылдың аяғына қарай бұл іске асып қалуы мүмкін. Мұнайшыларды, шахтерлерді, ипотекашыларды бұл іске жұмылдыру қажет» деген сынды М.Әблязовтың сөздеріне Ф.Қасенова «конференция барысында бұндай сөздер айтылмады. Билікті құлатуға шақыру менің есімде жоқ. Оның айтуы мүмкін емес. Президенттің кезекті өкілеттігі сайлауының қарсаңында М.Әблязов біршама ой айтуы мүмкін» деді. Мемлекеттік айыптаушылар тарапынан қойылған сұрақтардың көбіне ескерту жасаумен болған куәнің сот отырысына киініп келуі де оғаш болды. Оны прокурорлар қатал сынға алып «сотқа қысым жасау» деді. Өйткені «Владимир Козловқа бостандық!» деген сөзі мен суреті бар футболка киюі көзге түрпідей тиді.

Ал Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Алғаның» белсенді мүшесі Марат Жанұзақов атты куә прокурорлардың Әблязовке қатысты қойған сұрақтарына салмақты, салиқалы түрде «Оның ақыл-есі дұрыс, Мұхтар Әблязов ақылды адам»,- деп сипаттама берді. Сондай-ақ бұл куә Ақмола облысындағы «Алғаның» бюро кеңсесі Козловтың меншігінде екенін айтты. Яғни, коммуналдық шығындарды В.Козлов төлеп отырды деді. Үшінші куәгер ретінде «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақыт Түменова шақыртылды. Ол 2011 жылы Жаңаөзенге барғанын айтып, ЕҚЫҰ сапарына да тоқталды.
Түменова ереуіл даурығып жатқанда Жаңаөзенге барған сапарын А.Әминовтың денсаулығымен байланыстырды. «А.Әминовтың денсаулығын тексеруге барғанда оның жағдайы ауыр халде болды»,- дейді. Сондай-ақ, ол ереуілшілерге көмектесу ниетінде мұнайшылардың еңбек түбіртектерін алып, Алматы қаласындағы экономист маман Қ.Берентаевке көрсеткендігін айтты. Мемлекеттік айыптаушы «Жаңаөзенге не мақсатта келдіңіз»,- деп сұрағанда Б.Түменова: «Мен Жаңаөзенге әлеуметтік мақсатты көтеру ниетімен бардым. Өйткені осы Маңғыстау облысында жұмыссыздық ең төмен көрсеткіште»,- деді. Ал дәл осы сұрақты А.Әминовтың қорғаушысы А.Бәтиева: «Жаңаөзенге Әминовтың денсаулығына бола бардыңыз ба, әлде мұнайшылардың жағдайлары қызықтырды ма?»,- деп қайтара сауал тастады. «Мен бұл қалаға қамауда отырғанда Ә.Әминовке қорлық көрсетілді ме, денсаулығына баланысты қандай жағдайлар жасалғанын білу мақсатында бардым. Жалпы, мен Әминовтың денсаулығы нашар екенін естіп, 2011 жылы Жаңаөзендегі тергеу изоляторына барғанда оның ауыр науқас екенін көрдім. Қант мөлшері қалыпты 5 деңгейінен 15-17-ге бір-ақ көтерілген. Тіпті, бір аяғының саусағы гангреналық қауіппен болды», - деді ол. Бірақ бұған дейін Ақжанат Әминовпен тікелей таныстықтары болмағанын, тек бұқаралық ақпарат құралдарынан естуі бойынша білетінін айтты. Ал келесі он шақты куә барлығы бір ауыздан көбіне В.Козловты, сонымен қатар С.Сапарғалиды жомарт та ақылды, парасатты, елдің біртуар азаматтары деген сөздермен мінездеме айта отырып, қысқаша ғана жауап берді. Козловтың қорғаушысы В.Сәрсенбина тізімде көрсетілмеген куә Ғалым Ағелеуовтен жауап алуға соттан рұқсат сұрады. Ғ.Ағелеуов 2011 жылы Жаңаөзен қаласында бүліктің түтіні будақтап жатқанда Алматы қаласынан Ұлттық демаократиялық институттың қаржыландыруымен адам құқықтарын қорғау бюросынан бақылаушы ретінде ұзақ мерзімге жіберілген. «Менің міндетім «You tube» желісі арқылы Жаңаөзендегі жағдайды халыққа шынайы жеткізіп, алаңда болып жатқан жағдайларды тіркеу»,- деді. Мемлекеттік айыптаушылар «Сіз бақылаушы ретінде жіберілген екенсіз, сол мұнайшылардың не себепті ереуілге шыққанын білесіз бе?»,- деп сұрады. Ол «Иә, білемін. Ереуілшілерде алты талап болған»,- деді. Мемлекеттік айыптаушы алты талапты атап өтуін сұрап еді, бірақ куә бұл сұраққа толық жауап бере алмады. Дегенмен уақыттың біршама алшақтап кеткені шындық болса да, оқиғаның басы- қасында жүріп, бар жайды бүкпестен баяндап тұруына қарағанда ереуілшілердің талаптарын ұмытып қалуы ақылға қонымсыз ғой.

Сот отырысының соңында Б.Мырзабеков куәлерден жауап алыну соңына жетіп қалғанын айтып, алдағы күндері айыпталушылардан жауап алынады деп ертеңгі таңғы 9-ға дейін үзіліс жариялады.

Асылжан Иманғалиев

http://www.serke.org/news/aiyptaushylar-mүddesіn-zhaktas-kuelar-kuptady

Kabanbai
6 сентября 2012, 21:45
352

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 9701
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3286
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 2687
  • 30
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2195
  • 19
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2068
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1978
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1827
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1514
  • 16