СІМ Лондондағы Қазақстанның туына қатысты жағдайға түсініктеме берді

BNEWS KZ 2012 M07 27
493
0
0
0

Лондон орталығына орнатылған Қазақстан туына ойық жасалған ағаш конструкциясы декоративті элемент боп табылады. Бұл жайында BNews.kz тілшісіне берген сұхбатта ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров...

Лондон орталығына орнатылған Қазақстан туына ойық жасалған ағаш конструкциясы декоративті элемент боп табылады. Бұл жайында BNews.kz тілшісіне берген сұхбатта ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді.

Омаров ҚР СІМ қазір Лондонда жұмыс жасап жатқан Ұлттық олимпиадалық комитетпен байланысқанын, орнатылған ағаш конструкция Олимпиада 2012 үшін арнайы жасалған дизайнерлік жұмыс боп табылатынын айтты.

Сондай-ақ, мұндай ойық тек Қазақстанның ғана емес, өзге көптеген елдердің туларында да жасалғанын, бұл жайында өзге мемлекеттердің ішкі саяси ведомстволары ешқандай қарсылық айтпағанын мәлімдеді.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Қазақстан Ресей Федерациясының аймағы деп көрсетілген ресейлік спортшылардың анкетасына қатысты да түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл мәселемен ҰОК айналысатын болады.

Естеріңізге салсақ, бүгін әлеуметтік желілерде Лондондағы студенттер түсіріп алған фото жарияланған болатын. Фотода Қазақстан туындағы күннің орнында үлкен ойық тұрғаны анық байқалады.

Түпнұсқаны мына жерден оқи аласыздар.

Оцените пост

0