Еліміздің шығыс аймағы түсті металлургия, ядролық технологияларды зерттеу және энергетика саласының негізгі орталығы болып табылады.

Еліміздің шығыс аймағы түсті металлургия, ядролық технологияларды зерттеу және энергетика саласының негізгі орталығы болып табылады. Бұл аймақтағы өнеркәсіп өндірісі жалпыреспубликалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары: мұнда ол 123,9 пайызды құраса, Павлодар облысында 103,4 пайызға дейін артқан. 2012 жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында Шығыс Қазақстан өңіріндегі өңдеуші өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 313 миллиард 425 миллион теңге деңгейінде, ал, Павлодар облысында бұл көрсеткіш 273 миллиард 399 миллион теңгеге дейін жетті. Осының нәтижесінде, тек өткен жылы жалпы республика бойынша еңбек өнімділігі 106,7 пайызға дейін көтерілді. Бұл тұрғыда, айтарлықтай өсім Павлодар облысында байқалды: мұндағы еңбек өнімділігі 2011 жылы 142 пайызды құраған.

Өткен 2,5 жыл ішінде еліміздің шығыс аймағында жалпы құны 289,9 милллиард теңгені құрайтын 66 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылды. Оның басым бөлігі, яғни, 2010-2012 жылдар аралығында іске қосылған 33 жоба мен 2012 жылдың І-ші жартыжылдығында қуат алған 10 жоба Павлодар облысының үлесіне тиесілі болғандығын атап айта кеткен жөн.
Ауқымды инвестициялар тартылған жобалар негізінен Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған. Тек 2012 жылдың І-ші жартыжылдығының өзінде-ақ үдемелі өндіріс саласына қаражат тарту көрсеткіші Павлодар облысында 2282 миллион теңгені құраған, ал, шығыс өңірде ол 3046 миллион теңгені межелеген.

Шығыс аймақтың басты ерекшелігі, мұнда жұмыссыздық деңгейі жалпы республикалық көрсеткіштен анағұрлым төмен. Республика бойынша бұл көрсеткіш 5,4 пайызды құраған, Шығыс Қазақстан облысында ол небәрі 5,2 пайызды, ал, Павлодар аймағында теріс мәнді 5,0 пайызды құрайды. Болашақта аталмыш аймақ еліміздегі аса ірі әрі қуатты, модернизациядан өткен жоғары технологиялы машинажасау мен металлургия кластеріне айналуды көздеп отыр.

Оцените пост

0
Дальше