• 55913
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Берікбайдың шұлғауы

Берікбай деген ауылдың қарапайым шаруасы болған адам. Өкініштісі сол, осыдан бірнеше жыл бұрын 50-ге жетпей-ақ, көлденең келген аурудан көз жұмды. Ауылға арнап мешіт тұрғызбаса да, көшелі сөз сөйлеп, мінберден көрінбесе де, ешкімге залалы жоқ, барға қанағат, жоққа сабырлық етіп өткен жан болатын. Бірақ, сол Берікбаймен сабақтасатын ауылда аңыз боп қалған әзіл бар. Соны жазайын. Егер артықтау кетіп жатсам (теңеуде, суреттеуде, диалогтарда), әруақ алдында алдын-ала кешірім сұраймын.

Берікбай талай үйден дәм ауыз тие алмай, арманда кететін. Ал, далада дастархан жайып, терлеп-тепшіп шәй ішіп отырған ортадан ит қосып қусаңыз да кетпейді. Шілденің шіліңгір ыстығында да қонышы тізесіне дейін жететін етігін шешпей жүретін Бекең аяғын ұзыннан созып, маңдайы жіпсіп шәй ішетін далада. Елдің барлығы Берікбайдың етігі шешілмесе екен, шылғауы сыртқа шығып, шуаш сасыған аяғы қолқаны қаппаса екен деп тілейді. Тіпті, Берікбай жатқан бөлмеге де әйелінен басқа ешкім кіре алмайды-мыс. Оны ауылдың кейбір айтқыштары «Берікбайдың төлтума иісі» деп мазақ қылады.

Жаз келе, ауылдағы жұмысқа жарамдының бары егістікке аттанатын әдеті бар. Күріш егіп, шөп орып қысқа дайындалатын колхоз жұмысшылары бір маусым бойы үйінен безіп, егістік басындағы жазғыз үйге тығылады. Күндізгі бейнеттен соң ас пен ұйқыны ғана медет етіп келетін жандар әуелі масаның ызылынан ызаланып ұйықтай алмаса, кейіннен Берікбайдың аяғынан шыққан «хош» иіске тұншығып, тек қана атарға оғы болмай жатады. Әрине, ұйқысы қанбай, көңілі тоймай жүрген адамның жұмысқа зауқы соқсын ба? Барлығы кеп бригадирге Берікбайдың аяғын айтып сылтаурататынды шығарыпды. Кейіннен Берікбайдың аяғындағы шуаш бір бригаданың әжуасына айналды. Отыра қалса айтатыны сол болды. Берікбай қай кездегідей мазаққа да, мақтауға да үнсіз жауап беретін, яки іштей тынатын жан. Барлығын күліп қана жеңетін. Бір күні ауылдағы Аманжол дейтін (ол кісі де өмірден озды) ағамыз Берікбайды мазақ қылғандардан өш алуға кіріседі.

Әдеттегідей жұысшылардың барлығы уақытынан мысқалдай кешікпей түскі асқа жиналды. Сол күні таңертеңнен бері қанша іздесе де, Берікбай шұлғауының бір сыңарын таппай әуре болады. Барлығы, әр жерден әңгіме таппағандай жарысып, «Сенің шуаш сасыған шұлғауыңды кім керек қылсын? Оны ит екеш ит те алмас» деп сүйкенеді. Берікбай қай кездегідей бір езуін тартып, ешкімге соқтықпастан отыра беретін.

Содан ортаға екі иығынан демалып, буы бұрқырап самаурын келді. Аптапта әбден аузы құрғаған жұмысшылар шөлін шәймен басуға асығып отыр. Әншейінде, бірінші өзінен бастап құятын Аманжол ағамыз алғашқы кеселерді төрге қарай аттандыра бастады. Әншейін де, жиырма адамды жарылқайтын үлкен самаурын 4-5 кеседен кейін жұтынып, шүмегінен су ақпай қалды. Әрі-бері шайқап еді, самаурыннан су шықпады. Аманжол да білмегеннің күйін кешіп, басын шайқап отыр. Сонда, шыдамы таусылды ма, әлде айналасындағылардың жайбарақат әрекетіне көңілі толмады ма, ортадан Марқабат атып тұрып, самаурынның қақпағын ашты. Ашты да, көзін Берікбайға тіктеді. «Е, Берікбай, сенің таңертеңнен бері іздеген шұлғауың мынау жүр» деп, самаурынның ішіндегі суға малшынған қара матаны алып шықты. Манадан бері Берікбайды төпелеп мазақ қылып отырғандардың аузына құм құйылғандай жым болды. Шәй ішкендердің барлығы лоқсыған күйі қолын аузына қойып далаға жүгіре кетті. Тек Аманжол ғана ерлік жасаған адам құсап орнында қалды. Ал, Берікбай болса қай кездегідей үнсіз.

9 июля 2012, 19:28
736

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 32161
  • 227
Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Откуда я знаю, спросите вы? Да очень просто. Голые мужики в сауне могут врать только про баб. Про машины и планы переездов – только по-чесноку. Чего уж скрывать, если все остальное напоказ.
Lesch
17 апр. 2017 / 23:30
  • 6095
  • 23
«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

Пресс-служба ALTEL и Tele2 предоставила ответы на наши вопросы по поводу сервисов, навязываемых ALTEL при наборе кодов проверки баланса от других операторов.
openqazaqstan
17 апр. 2017 / 15:26
  • 4592
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3056
  • 10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2290
  • 17
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2266
  • 14
Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Если хотите жить как все казахстанцы, а казахстанцы в среднем живут очень бедно, то можете продолжать так же жить прежней жизнью, но если вы хотите жить лучше, чем вчера, надо заняться...
noyanovmyras
17 апр. 2017 / 17:02
  • 4636
  • 27
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2353
  • 61
Это смахивает на дешевый пиар Тамары Дуйсеновой, простите за прямоту

Это смахивает на дешевый пиар Тамары Дуйсеновой, простите за прямоту

Этот поступок говорит о ней как о женщине с большим сердцем. Но если на каждое такое, хоть и не рядовое событие, министр будет реагировать лично, то думаю, её надолго не хватит.
AliyaSadyrbaeva
17 апр. 2017 / 18:40
  • 2162
  • 4