• 29787
  • 20
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Европаның қақ төрінде Қазақстанның бақ жұлдызы жарқырай жанатын сәт те туды

Қашанда «Жақсы сөз – жарым ырыс». Еліміз, «Елім!» деген ерлеріміз, міне, ауыздығымен алысқан арғымақ ой-сана, тау бұзардай ересен ерік-жігер, табаны тайқымастай таудай талап пен қырандай қайтпас қайсар мінез, сындарлы саясат пен ақыл-ой парасатын танытып, «қас пен көздің арасында» жалпақ әлемді өзіне жалт қаратты. Сана саңылауында: тектілік тұлпары, бабадан жол тартатын сұңғыла ақылмандық пен батырлық дәстүр деген осы емес пе екен дегендей ой ұшқыны қылаң береді. Арғы түп-тұқиян тарих тылсымы қойнауына бір сәтке ғана тереңнен ой бойлатсақ,Түркі қағанаты, Қазақ мемлекеттігі, Алашорда атаулары даңғайыр даланың, Көк Тәңірге сиынған Ұлы Даланың сан ғасырлар бойы уыстан неге шығып кетпей тұрғанын аңғартар еді. Ол тарихты тарихшыларымыз қопара көтерсе, қазіргі Қазақстанның барлық аймақтарында заулаған заманалар ағыстарында ел мен жерді өліспей-беріспей қорғай білген нешебір арыстарымыз - бағзы баһадүр бабаларымыз бен данышпан-даналарымыз ұйқысынан дүр сілкініп тұрып кетер еді!
Өкінішке қарай, «Қаратаудың басынан көш келеді...» деп тулақтай жер, қатын-бала, қарындастың қамы үшін арпалысқан, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін қалмақтың қырғынынан жеңіспен шығып, Көкбайрағын желбіретіп, айдаһардың азуына түсіп қалмай, өзіндік өре-өрісін тауып, алайда, арыстанмен «уақытша» бодандыққа ымыраласатын қилы тағдырлы кезеңдер, одан бертіндегі Кеңес дәуірі халқымыздың даңқты тарихының алтын парақтарын көмескілеп, «Қазақ» есімін барынша бүркемелеуге айналып еді...
Алайда, сол ата-бабаларымыз тегін жатпапты. 1991 жылы Қазақ Елі өзінің тәуелсіздігін, дербес ел екендігін жер-жүзіне паш етті. Мінеки, елдіктің жалауын кере түсу, айналайын ақ періште –Тәуелсіздігімізді баянды да тұғырлы ету, қазақтың біртұтас мемлекеттігін қалыптастыру жолындағы қиян-кескі бейбіт майдан осылайша басталды да кетті.
Содан бергі он сегіз жылда тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара басшылығының, кемел көшбасшы-көрегендігінің, біртуар тұлғаларымыздың, табиғатында қанағатшыл-ымырашыл хал-қымыздың арқасында біршама биіктерді бағындыра алдық. Ең бастысы, жан-жақ-тағы көрші-қолаңмен шекара белдеулері толық айқындалып, рәсімделді. Ол шекара шептерін қорғайтын айбынды Қарулы Күштеріміз заманға сай еңсе түзеді! Ұлттық рәміздер: қыран қалықтаған Күн бейнелі Туымыз тіктеліп, Елтаңбамыз көздің жауын алып, Әнұранымыз көкке шарықтады. Ұлттық теңгеміз айналымға шықты. Қазақ тілі Мемлекеттік мәртебеге ие болды. Бұрынғы Одақ кезіндегі барлық байланыс тіндері үзіліп қалғанымен де, еліміз қай жағынан да тығырыққа тіреле қойған жоқ. Тәуелсіздіктің бастауынан экономикада нарықтық қатынастарды таңдаған үрдіс жаңылдырма-ды. Әрине, қиындықтар аз болған жоқ. «Елмен көрген –ұлы той» деп оның барлығына да төзе білдік. Әу бастан таңдалған соны сүрлеу адастырмады. Экономика саласындағы ілкі ізденістеріміз, еліміздегі ұлтаралық татулық пен өзара келісім шетелдік инвестицияның құйылуына, сол арқылы әлеуметтік ахуалымызды да түзеп, біліміміз бен ғылымымыз, мәдениетіміз бен өнеріміз, денсаулығымыз бен спортымызды ілгері сүйреуге, халықтың еш алаңсыз, бақуатты өмір сүруіне жағдай жасады. Қоғамның барлық әлсіз жіктері мен буындары: студенттерден бастап зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері, көп балалы аналар, жалғызілікті мүжәлсіз жандар мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынып, тәуелсіздік шарапатын айқын сезінді.
Дарынды жастардың шетелдердің атақты оқу орындарында оқып, білім шыңдауына даңғыл жол ашылды. Еліміздің келешек бағдарын айқындаған «Қазақстан-2030» стратегиясы жарқын болашаққа негіз қалап, кенжелеп қалған кейбір тұстарымыздың қайта өрлеуіне жол ашты. «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы аясында қаншама нысандар бой көтеріп жатыр.
Бұл орайда Маңғыстау өңірінің де қарыштап алға басқаны, ірі жасампаздық серпінді жобалардың қолға алынып жатқанын, аймақ тегістей газ, су, электр энергиясы және телефон, теледидармен қамтамасыз етілгенін айтсақ та жетіп жатыр.
Адам баласы қашанда алдан жақсылық, ізгілік күтіп ғұмыр кешеді. Ал Қазақстан сынды жер-аумағы әлем бойынша тоғызыншы орынды еншілейтін, 16 млн. халқы бар жас мемлекет ғаламдық ауқымда ойлап, көре, болжай білетін саясаткер, Елбасы Н.Назарбаевтың білікті басшылығымен 2010 жылдан зор үміт күтіп отыр. Бұрынғы ТМД елдері мен бүкіл мұсылман әлемі ішінде топ жарып, бәйгіден бас бермей бірінші келген бейне сәйгүлік сынды ОБСЕ-ЕҚЫҰ- Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы тәрізді үлкен әлемдік саясат мінберін иеленер сәт тумақ. Сөйтіп, сол әлемге Қазақтың, Қазақстанның атын қалдырып, адамзат тарихына есімімізді әйгілеп, өрнегімізді кестелейін деп отыр. «Көш жүре түзеледі» деп атам қазақ қанағат пен сабырды, парасат пен ақылды алға ұстанғанындай, көшіміз көлікті, көшбасшылығымыз өнікті, иншалла, санада сағым жүзбесін, бүкіл дүние, жер-шары Қазақтан демеу іздесін! Төріміз тынысты, Тәуекеліміз жұғысты болғай!
2011 –Ислам конференциясын басқарып, күллі мұсылман дүниесін бір дүр сілкіндірер шақ та туар!
Одан кейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына жетекшілік жасау да пешенемізге жазылып қалар!..
Талант –тәжірибе мол болса, Абырой да зор болар!.

15 января 2010, 5:35
1565

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38952
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11527
  • 177
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3312
  • 52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2245
  • 4
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2303
  • 61
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2079
  • 1
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 авг. 2017 / 9:55
  • 1690
  • 47
Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Первое, что зародило во мне сомнения – это стэндап-выступление Джорджа Карлина. Его монолог о религии показался мне смешным, но его было недостаточно, чтобы пошатнуть годы моей веры в бога.
DominaOmnium
18 авг. 2017 / 22:17