Тікелей эфир

«Қызметінің мәні — ұлт мүддесі»

Өткен аптадан бастап отандық БАҚ өкілдері төл мерекелерін тойлауда. Осы датаға орай «Екпін» журналының тілшілері еліміздің радио, телевизия және газетте қызмет атқарып жүрген жас мамандар мен тәжірибесі бар белді журналистеріне бірнеше сауалын қойған еді.

  • Бүгінгі отандық журналистика мен журналистердің кемшіліктерін атай аласыз ба?
  • Еліміздің журналистикасында 10-15 жыл ішінде не өзгеріс бар?
  • Жас әріптестеріңізге нендей кеңес бере аласыз?

Жұлдыз Әбділда, журналист:

Журналистика мен журналистердің кемшілігі заманауи талаптарға сай емес, кәсіби біліктілік төмен. Он, он бес жылғымен салыстыра алмайтын шығармыз, ол кезде талап басқаша болған. Журналистика азаматтық позиция секілді болған, ал қазіргі талап басқа. Журналистің міндеті - өзінің ойын, пікірін көпке таңу емес, объективті материал дайындау.

Журналистика факультетінде оқығаннан гөрі нақтылы бір саланы игерсе. Сонда біз секілді шала сауатты болмас еді деп ойлаймын. Біздің трагедиямыз ешбір саланы жетік білмейтінімізде. Мысалы, мен экономика тақырыбында жазғым келеді, бірақ оған білімім жетпейді. Кейбір қарапайым заңдылықтарды білмеймін дегендей. Яғни, менің бұл сала бойынша даярлаған материалым сапасыз болып шығады.

Темірхан Момбеков,

«Шалқар» радиосының журналисі:

Қазіргі таңда журналистердің кемшілігіне келер болсам, нақтырақ айтсам, радиожурналистер, олар қазір үндестік заңын бұзып келе жатыр. Сонымен қатар, журналистер көп жағдайда тілдік қолданыста сөздің мағынасына қарамайды. Мысалы, «өкінішке» деген сөзге тіркес ретінде орай деп айтады. Ол дұрыс емес қой, «орай» деген сөз жақсы мағынада қолданылады. Өкініштісі сол, өкінішке қарай деп айтқан дұрыс болады. Бұл кемшілік сөзге мән бермеушіліктен.

Негізі артқа жылжысақ, журналистикада өзгеріс бар, себебі баяғыда ғаламтор болмаған және журналистер жаңалықты табуда, бағдарлама жасауда зор ізденіс жасаған. Ал қазір соларға қол жеткізу өте оңай. Сондықтан да, қазіргі журналистердің ізденісі өте жоғары деп айта алмаймын.

 

Дастан Шымырбай, «КТК» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі:

Әрине, алға жылжу бар. Қай салада болмасын жыл өткен сайын кемшілігі жойылып, жаңалықтар келіп жатады. 10 жыл бұрын телеарнада істеп көрген жоқпын, бірақ жаңалық тарату шапшаңдығы, бағдарламалардың техникалық жағынан жетілуі дегендей тұстары көп. Бұрындары елімізде бірнеше телеарна ғана болса, газет-журналдарды айтпағанда, бүгінде олардың саны республикалық көлемде алып қарасақ, 20-ға жуықтап қалды. Оның өзі қоғамдағы жағдайды жан-жақты көрсетуге, бәсекелестіктің туындауына әкеп соғуда. Бір-бірінен ерекшеленіп, көрермен тарту үшін тартыс басталып кеткендей. Бірақ халық үшін керек деген кейбір бағдарламалар, жобалар жабылып қалған. Оның орнына сенсация қуып, қазаққа жат дүниелерді көрсетуге әуестеніп бара жатқандай. Сол жағы қынжылтады.

Жас әртіптестер де ертең біз секілді қатарға қосылып, жаңа буынның ерекшеліктерін әкеледі. Мен соны тағатсыздана күтемін. Өйткені біз де телеарнаға осылай келдік. Жар, дос, сосын мамандық таңдауда қателеспеу керек дейді ғой. Сол сияқты журналистиканы таңдаған соң, БАҚ-тың қай түрінде болсын еңбектеніп, қазақ үшін қажетті мәелелерді көтеруді мақсат тұту керек. Қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды. Журналистикада да солай. Ана тіліміздің тынысын кеңейтіп, бәсекелестікті арттыру үшін тынбай еңбектену керек. Соны бірлесіп іске асырайық. Тездетіп, қатарға қосылыңыздар дейтінім сондықтан.

Артур Нығметов, журналист:

Ең басты кемшілік - БАҚ-тың басым көпшілігі мемлекеттік тапсырысқа қарап отыр. Соның кесірінен кейбір маңызды мәселелер біржақты, дұрыс талданбай, бұқараға тарап жатыр. Журналистика дамуының ең басты көрсеткіші – тәуелсіз БАҚ-тардың көбеюі. Бұндай тенденция, өкінішке қарай, байқалмай жатыр. Соңғы 10-15 жылда ақпараттық кеңістік ұлғаймады, тіпті кейбір негативті процестердің салдарынан тарланып кетті деуге де болады. Ал мемлекеттік идеологияны насихаттау бағытында жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдардың саны әлде қайда көбейді. Бұндай трендты мен журналистиканың дамуы деп айта алмаймын.

Ал журналистерге келетін болсақ, әр маманның деңгейі әр түрлі ғой. Ең бастысы, жас журналистер өз арын таптамай, адал болуы шарт. Біздің ең басты миссиямыз – халыққа адал қызмет ету. БАҚ-ды «төртінші билік» өкілі дейді ғой, бірақ біздің елде журналистердің статусы өте төмен, жалпы олар биліктің, әр түрлі саяси күштердің, олигархиялық топтардың құралы ғой, шыны керек. Сондықтан, әр журналист адалдық пен әділеттік үшін күрессе, қазақ журналистикасы «төртінші билік» ретінді міндетті түрде танылады.

Нартай Аралбайұлы, «КТК» телеарнасының тілшісі:

Баға беру менің жасымдағы журналистке мүмкін емес. Бірақ, қазақтың журналистикасы ешкімнен кем емес. Тіліміз бай, журналистикадағы қазақтың ұлы да, қызы тілшіліктің сырттандары.

Біздің елде төртінші билік өзінің нені билейтінінен бейхабар. Ол тілшілердің осалдығы емес, биліктің журналисттің аузын буып, қадағалағанынан туындаған нәрсе.

Журналист әрдайым ізденісте болу керек. Қаталессең, шалыс бассаң, қателігіңді кішілерге қарап түзегенде тұрған масқара жоқ. Журналистика адамдарды жұлдыз ауруына көп шалдықтыратын сала, бір ауыздан. Сондықтан, ондай көбікауыздықтан, бос мақтаннан ада болып, ел үшін жұмыс істеу керек.

Журналистика - идеологияны насихаттаушы бірден бір маңызды жол. Сондықтан, мемлекеттің мүддесін шенеуніктер қатырып, оңсатып ойлап алсын. Ал қазақтың журналистикасы ұлттық мүддесіне жан аямай жұмыс істеуі керек!

Әсия Бақдәулет, «Халық сөзі» газетінің журналисі:

Отандық тележурналистиканың басыбүтін ұлттық бағытты ұстана алмай отырғаны жасырын емес. Телевизия арқылы бізге көбіне-көп шет елдің, сыртқы күштердің саясаты өтіп тұр. Оның үстіне тың идеялар, формалық ізденістер жоқтың қасы, қайталама бағдарламалар тым көп. Қазақ баспасөзі бұл тұрғыда жарты қадам болса да алда деп санаймын, өйткені ірі басылымдардың қай-қайсысын алсаңыз да, ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды.

Ал журналистерге келетін болсақ, әрине, ең алдымен білім сапасы қынжылтады. Академиялық білім алған тілшілер тым аз, шетелдік пресс-турлар ұйымдастырылатын кезде ағылшын тілін меңгерген қазақ журналистерінің саусақпен санарлық екені білініп қалады. Тақырып қайталау, бір-бірінен көшіру, әсіресе ғаламтор желісі қолданысқа енгелі журналистикадағы плагиаттар дағдыға айналып бара жатқандай. Және де біздің журналистикада салалық бөліністің, белгілі бір тақырыпқа маманданудың жоқтығы байқалады. Бізде «әмбебап» журналистер көп, бірақ мықты саяси шолушы, беделді экономикалық шолушы, беделді мәдени шолушылар аз. Көбіне әр тақырыптың басын бір шаламыз деп жүріп, бір саланы толық меңгере алмай жатамыз. Бұл, әрине, журналист ұсынатын өнімнің сапасына салқынын тигізбей қоймайды.

Он-он бес жыл бұрын біз бала болдық қой, білгішсініп, ол дәуірге баға бергеніміз жараспас. Бірақ ол жылдары елімізбен бірге журналистикамыз да Тәуелсіздігін жаңа ғана алып, тыңнан түрен салып жатты. Ол дәуірде публицистикалық мақалалар көп еді, ұлтты ұйыстыру үшін аға буын журналистер барынша тер төкті. Қазір бұл жанр жойылып бара жатқан секілді. Очерк жоғалып, есесіне сұхбат көбейді. Осы секілді жанрлық тұрғыда өзгерістер бар. Әр дәуірдің өз жанры болатыны түсінікті ғой. Дегенмен, қазір біз он-он бес жыл бұрынғы қарқыннан айтарлықтай алға жылжыдық деп айта алмаймын. Бір шабандық бар сияқты.

Оқы, оқы және оқы.Тынбай іздену арқылы ғана өз жолыңызды таба аласыз. Өзіңізге қызықты тақырыптар жайлы ғана өзгелерге қызықты етіп жеткізе аласыз, сондықтан білімқұмарлық – ең қажетті қасиет шығар. Әрине, журналист батыл болу керек, дегенмен әдептен (журналистік этикадан) аттамауды да біздің әріптестерімізге ескере жүру жөн шығар. Ең бастысы, қызметіңіздің мәні - ұлт мүддесі екенін ұмытпасаңыз болғаны.

Алия Arsik
28 маусым 2012, 13:55
4534

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

amirus
2
0
Шынымен, салалық (отраслевой) біліктілік өте төмен, кейбір мақалаларға қарап осы кісі журналистикада не істеп жүр деген сауал пайда болады, басқа салаларды білмеймін, бірак экономика мен қаржы саласында не қазақ тілінде, не орыс тілінде сапалы мақалалар табу өте қиын.
мен тілші болғым келеді ол үшін не істеүім керек кеңес беріңіздерші
егер әлі мектеп қабырғасында оқысаңыз, болашақ мамандығыңызды журналистикамен байланыстырыңыз, ал бітіріп қойсаңыз, арнайы курстарға жазылыңыз немесе дәл сол арналарға барып, тәжірибе өтіңіз
менде журналист болғым келеді бірақ меніін сауалым басқаша!қазақстандағы журналитика университетін айтыныздарш және журналистиканың бюджеттік оқытатын орны барма
мен биыл програмист мамандығында 3 курс студентімін оқыуымды битіргенсін журналст болгым келеді програмист пен журналистің арасында байланыс барма?????????????????
Комментарий удалён администрацией
Комментарий удалён администрацией
Arsik
0
0
интернет журналистиканы таңдасаңыз, программистік біліміңіз қажет болуы мүмкін. жалпы байланыс жоқ, алайда, журфакқа түсіп қайтесіз. одан да арнайы курстан өтіңіз.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10550
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4493
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 3016
  • 72
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2137
  • 74
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1701
  • 53
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1451
  • 49
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1424
  • 10
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1459
  • 16