2917
26
0
11

8 маусым күні Алматы қаласында Тұңғыш Президент саябағы, Family саябағы және 28 панфиловшылар атындағы саябақта бір уақытта «ART-алаң» атты жобаның тұсаукесері болып өтті. Бұл мерекелік шараны...

8 маусым күні Алматы қаласында Тұңғыш Президент саябағы, Family саябағы және 28 панфиловшылар атындағы саябақта бір уақытта «ART-алаң»  атты  жобаның тұсаукесері болып өтті. Бұл мерекелік шараны тамашалау үшін журналымыздың тілшілері 28 панфиловшылар атындағы саябаққа жол тартты.


«ART-алаң» жобасының ашылуы фотограф Константин Киквидзенің «Прогулка по легкому воздуху» атты фото көрмесінен басталса, мерекелік концертті брасс-квинтет "Алматы" ашты.

«ART-алаң» жобасы ұйымдастырушыларының бірі Жанна Бакауова:
Бүгінгі «ART-алаң» жобасы Мәдениет жылы аясында ұсынылып отырған жобалардың бірі. Яғни қала тұрғындарын мәдени, рухани жағынан байыту мақсатында 3 ай бойы өткізіледі. Жобаны іске асырушылар: Almadeniet фонды, Алматы қаласының әкімшілігі және серіктестеріміз, «Қазақфильм» кино студиясы және де біздің әртістеріміз, шығармашылық  жобалар.

Көрмеге қатысқан зейнеткер Санияш Баснекова:
Бүгінгі алғашқы «ART-алаң» жобасының басталуы ойдағыдай өтіп жатыр деп ойлаймын. Фотограф Константин Киквидзенің «Прогулка по легкому воздуху» атты фото көрмесі барлығын қызықтыруда. Қала тұрғындарын, әсіресе жазғы демалыста, осы көрмеге қатысып, Алматының мәдени, рухани құндылықтарымен сусындауға шақырамын. Менің ойымша, мұндай шаралардың өтуі бір үлкен жетістік.

Шара аясында кішігірім викториналар да ұйымдастырылды. Сұрақтар Алматы қаласын жақсы білетіндерге арналған еді. Осы викторинаның жеңімпазы Шымкент қаласының тұрғыны, математика пәнінің мұғалімі Атабек Лалиев: Бүгінгі фестивальға кездейсоқ келгендей, викториналық сайысқа да аяқ астынан қатыстым. Және оның жеңімпазы болғаныма өте қуаныштымын. Шараны ұйымдастырған барлық адамдарға алғысымды білдіремін.

НТК арнасының «Эксклюзив смайл» жобасының жүргізушісі Дастан Бижанов:

3 ай бойы өтетін «ART-алаң» жобасы Алматы қаласының бірнеше саябағында көптеген мерекелік концерттермен қатар, түрлі көрмелер, мастер-класстар және т.б қызықты конкурстарымен қала тұрғындарына жазғы демалысты ойдағыдай өткізуіне мүмкіндік береді. Осындай шаралар қала тұрғындарын мәдениетке жетелеуге зор әсерін тигізетініне күмәнім жоқ.

«АРТ-алаңда маған барлығы да ұнып жатыр. Мұнда қаншама халық жиналып отыр. Барлығы да балаларымен серуендеп, шаршағанын басу үшін келген. Ең бастысы, балаларымыз риза. Сонымен қатар, жанды дауыспен жақсы әуендер мен әндер айтылып жатыр. Менің ойымша, өте көңілді. Енді әр уақытта осындай кештер болып тұрсын деп тілеймін»,- деп Алматы қаласының тұрғыны Ақерке Сейдуалиева өз әсерімен бөлісті.

Мұндай өнерге қызығатын тек қана Алматы қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, Қытай азаматы Su Peidong мәдениетке деген өз көзқарасын ұсынды:
«Менің Алматы қаласында тұрғаныма екі жылдай болып қалды. Меніңше, бұл қала Қытай қалалары сияқты емес. Және маған бұл қала өте қатты ұнайды. Бүгінгі шарадағы фотокөрме қызығушылығымды арттырғандықтан, жанұяммен келіп отырмын. Шындығында, бос уақытым көп бола бермейді, сондықтан да мен мұндай мәдени шараларға бара бермеймін. Алайда, бүгін осында келгеніме еш өкінбеймін».

Құрметті оқырман, жазғы демалысыңыз мәдени шараларға толы болсын!

Материалды дайындаған:

Азиза Утеулиева, Гүлжан Жұмағали

Фото: Айжан Кәрібаева

Ad

Rate post

11

Comments

Login to comment