• 78023
  • 46
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жау жүрек мың бала...

Осы бейнені көргенде көзіңе жас келеді. Біздің тарихымызға сенсек, Аталарымыздың өмірі шайқас пен қан төгіс арасында өткен деп ойлайсың. Көрінген келіп шауып кетеді, тек білектің күшімен және найзаның ұшымен батыр бабаларымыз осындай кең байтақ жерді иеленіп сақтап қалған деген ойда боласың. Ал сол кездегі жастардың өмірін елестетсең, бейнеге көз салып, жүрегің ауырады, қаншама боздақ жесір қалып, қаншасы күң болып көрінгеннің айдағында кетті...

Мысалы жазушы ағамыз Мұхтар Мағауин өзінің Шыңғысхан атты романында Қазақтың өмір салтын былай көрсетеді:

Ат жалын тартып мінуге жараған еркек кіндікті түгел жауынгер саналған. Сондықтан да Ғұн ұлысы әскери мемлекет ретінде қалыптасты және бұл жұртта соғыс өнері өз заманындағы ең биік деңгейге жетті. Аттың күші мен жүрісіне негізделген жорық жөні, шабуыл қарқыны, шегініс, қорғаныс жайы, өзгеше ұрыс тәсілдері, әдіс-айла мен қалыпты машық өз алдына, ғұн жауынгерінің қару-жарағы да айрықша екен. Жүйрігі де, өзі де болат берен құрсанған. Арыс садақтан атылатын темір масақты ысқырма жебелердің қарымы басқалардан артық, жауын алыстан жайратады. Ұрысқа кіріспей жатып қансыраған дұшпанмен бетпе-бет шабыста ең алдымен ақ сүңгілі ұзын найза іске қосылады. Одан арғы жағалас ұрыста – семсер. Атты аламанның қағысуға келтірмеген тегеурінді екпініне ешкім шыдамаған.

Сен осыған сенесіңбе? Жалпы қойды бауыздап көріппедің?

Ал жау жүрек батыр деген осылай адамды бауыздайды. Сонда қарап отырсаң атқа мінгеннің бәрі еш ойланбастан алдынан шыққан адамды өлтіруге қауқары бар деген сөз. Сен осыған сенесің бе? Сенің аталарың сондай болған деп бәрі саған соны айтады. Кей біреуі тірі жанды бауыздауда ештеңе жоқ деп сендіруге тырысады.

Енді мынаны қара - Қазақтың қандай керемет сазды әуендері бар!!! Саны жетпес өлеңдері, суырып салма айтысы, жырлары, музыка аспаптары қаншама көп! Қобыздың өзі жеке дара бір төбе болып тұр!

Қазақтың тілін қара - бай, кең, тек бір мысал ғана: "Біз ауыз сөз" өлеңін қарашы.

Ал енді саған тарихшыларымыздың айтпақ ойы, адамның қанын төгіп, осындай руханы бай мұра қалдыру мүмкін бе? Себебі жауынгер деген сөз - адам қанын ойланбастан ағызу деген мен тең!!!

Бәлкім біздің тарихымыз мүлдем басқа болған шығар? Осыны ойланып көрдің бе?

Бәлкім бізде соғыс болмаған шығар, алыс жақын ағайынмен шайқасудың орнына (жоңғар, қалмақ атқа мінген, салты бізге ұқсас халық) қыз алысып құда болған шығар?

Осы еркін, бейбітшілік заманға қызғанып шеттен келген жау тарихымызды кері айналдырып жазған жоқпа осы?

Еш кашан, еш бір мемлекет басқа елді найзаның ұшымен, білектің күшімен (күш пен қару арқасында), жеңе алмаған. Әр уақытта да, жеңіс тек қана сана сезім арқылы болған. Кімнің ділі басым, сол жеңген. ДІЛ деген сөзді кең көлемде ұғыну керек. Оның ішінде салт-дәстүр бар, діни көзқарас, адами құндылықтар, әдеп-ғұрып, тағы сол сияқты халықтың рұхани байлығы, жалпы сөзбен айтқанда Ақиқатқа деген көз қарас. Мысалы екі адам дауласып қалды, ішінен кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс - осыны таба білуде өте зор күш бар. Өзің білесің дала кеңістігінде талай ел жатыр. Ру тайпалар бар. Әр қайсысында өзінің батыры, биі, қара халқы, нояндары бар. Екі батыр шекіскенде ең адалы болып табылған, шындықты сүйетін адамның соңынан ел ерген. Күшпен келіп, үрей салып қорқыту өзіңе көр қазғанмен тең. Ұлы далада осыны бәрі білген. Өзің ойлашы, өмір бойы ел мақтаған батыр біреуден қорқыпты деген мүмкін бе өзі?!! Ондай батыр әр елде болған, тіпті ауыл деген өзі осындай батырдың арқасында пайда болған. Ал осындай батырды күшпен алу, қисынға келмейді мүлдем. Ондай батырды тек ақылға шақырып көндіруге болады. Сөзің адал болса, арманың ашық, мақсатың айқын болған кезде, артыңнан еруге батыр келіседі...
Бұл салт барлық елге тән, ал Ұлы Дала баласына, өмір бойы аттың үстінде жүрген, ол тіпті рефлекс түрінде санасына енген.

Сонда тарихымыз қандай болды? - деген сұрақ келеді. Оны келесі жолы айтармын, ал әзірше тарихты өзгертудегі бір мысалын келтірейін. Өзің білесің орыстардың ресми тарихы негізі Владимир "Красное Солнышко" Киев халқын шоқындырудан бастайды. Оны ресми тарихы "Великий Князь" деген атаққа ие болған деп отыр. Ал ескі деректерді көтеріп оқыса ол мүлдем Великий Князь болмаған:

Ол біздің аталарымыз сияқты Қаған болған! Өзің ойла "Киевская Русь" деп тарихтан өткен мемлекет басшысы "Қаған" атағында болып бүкіл елді шоқындыруға билігі болған. Тарихымызды өзгертіп бізге аталарымыз қаныпезер, жабайы болған дегенді насихаттап жүр. Сенің ата бабаларың қандай адам болған, соны ойлай жүр. Ал тарих туралы жалғасын келесі жолы жазамын...

bolat1
13 июня 2012, 11:02
2245

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 40007
  • 20
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8619
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6585
  • 63
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2961
  • 10
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2606
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2501
  • 22
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2219
  • 31
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 2614
  • 7