место в рейтинге
  • 82652
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Электрондық оқу» жүйесінің мақсаты мен құрылымы

«Электрондық оқу» жүйесінің о бастан мақсаты:

  • Мектеп, колледж, университеттерге тікелей барып, оқытушының алдында отырып оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар қашықтан интернет арқылы онлайн немесе электрондық поштамен оқуы.
  • Оқу процесінің оқытушы мен оқушының кеңістіктегі орнына теуелсіз болуы, яғни қашан және қай жерде оқимыз деген мәселенің болмауы. Қалаған жерде және ыңғайлы мезгілде оқы.
  • Білім беру процесін біртұтас электрондық жүйеде тиімді басқару.
  • Оқытушының, оқу орнының барынша кең, дүниежүзілік аудиторияға шығуы.
  • Оқушының оқу мүмкіндіктерін таңдау құқының барынша жоғары жүзеге асырылуы.
  • Оқу процесінің бизнестік деңгейі мен құнының күрт артуы.

Жалпы, дүниежүзілік деңгейде «Электрондық оқу» жүйесі осы өз мақсаттарына әлдеқашан жетті десек қателеспеймін. Көптеген дамыған елдерде бұл жүйе мемлекеттік деңгейде ресми түрде енгізіліп, тікелей үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылды. Көптеген жоғары және орта буын оқу орындары өздерінің жеке электрондық қашықтан оқыту жүйесін (ЭҚОЖ) жолға қойған. Тіпті, жеке оқытушылардың да дүниежүзілік деңгейде мойындалған ЭҚОЖ-сі өте тиімді жұмыс істеп тұр.

Осы жерде терминдерге бір айқындылық енгізіп алсақ. «Электрондық оқыту» мен «Электрондық оқу» атауларының айырмасы бар ма? Қалай атаған дұрыс? Меніңше, екеуі де бір нәрсені – оқуды айтып тұр, бірақ алдыңғысы оқытушы тұрғысынан, ал кейінгісі оқушы тұрғысынан. Сондықтан ыңғайлырақ – «Электрондық оқу» деп қолданған жөн секілді. «Кел, оқиық» дейміз ғой, «Кел оқытайын» емес.

ЭҚОЖ-нің жалпы білім беру ісіне беретін ең пайдалы мәселелерін жинақтап, «Электрондық оқу» технологиясының идеологиясы дер едім. Ол, меніңше, мынадай:

  1. Оқу процесін мектептің не сыныптың төрт қабырғасының «қапасынан» босатады - бұл, меніңше, ең бастысы.

Бұл – технологияның емес, жалпы адами философияның өзгеруі, яғни түп-тамырлы, дүниетанымдық өзгеріс. Білім алу – түбегейлі шығармашылық құбылыс, ал шығармашылық тек барынша еркіндікте ғана жүзеге асады.

Сол «төрт қабырғаның» ішінде талай нәрсе бар:

  • Тар кеңістік – оны оқушының кеңістіктік түйсігі жазбай сіңіріп отырады, ол оның еркін іс-әрекетіне, ой-пікір, қиялына білдірмей шектеу қоя береді. «Қимылдап кетсе, тар жерде тамаша» боларын бойға сіңіріп қалады. Ал біз оны «тәртіп» дейміз! Адамның, әсіресе баланың табиғаты қимыл-әрекетке бейім, оған тар кеңістік түбегейлі қайшы келеді.
  • Сыныпта, қабырғаларда санаулы көрнекіліктерден, сөредегі санаулы кітап-дәптерден, санаулы оқу құралдарынан басқа артық дүние жоқ. Баланың санасында «білім дүниесі» - осы!
  • Ең шешуші фактор – мұғалім. О-о, бұл сол «төрт қабырғаның» патшасы! Жалғыз адамның ерік-жігері, мінез-құлқы, ақыл-парасат пен білім-мәдениеті, қалауы-қаламауы... - «бесінші қабырға». Мүмкін, осы мекеннің орталық тіреуі. Оқушы көрінбес жіптермен осы тіреуге байланған. Мұғалім кәсіби, кең дүниетанымды, рухани ізденетін, білімді және ұстамды, ақыл-парасатты болса, баланы өзімен бірге білім-рухани биіктерге «суырып» шығарады, ал... ондай болмаса ше?!. Көп. Ондай еместер – көп. Олардың өзін алдымен сол «төрт қабырғадан» шығару керек.
  • Тағы да шешуші фактор – оқушылар тобы. Сынып. Бала өте еліктегіш болады. Күнделікті бірге жүрген соң бір-біріне еріксіз еліктейді. Байқасаңыз, бір сыныптың оқушыларының қылықтары да, жүріс-тұрысы да, сөз-қалжыңы да, бәрі ұқсас болады. Жалпы, адамдарда еліктегіштік қасиет, яғни бір-біріне қарап өмір сүру үйреншікті құбылыс. Мысалы, бір көшенің, ауылдың, тіпті, қаланың тұрғындары өте ұқсас болатыны содан. Бірақ... бала кімге еліктейді, оның қасында кім жүр, оған кімнің мінез-құлқы, іс-әрекеті қатты ықпал етіп жүр, міне мәселе осында. Бір сыныпта бір немесе бірнеше ғана лидер, өз айтқанын қалай да, қандай жолмен болсын тыңдататын, істететін басым тұлғалар болады. Ол сыныпты қалай қарай жетелейді?!. Ол «қисық» бала болса ше?!. Көп. «Қисық» бала да – көп қазір. Ондайлар әсіресе отбасынан теперіш жеп, «көше көріп» қалған, «жаны қисайған», «ерте есейген», өзімен-өзі жүріп қалған «еркін құстар». Тағы – бай баласы кедей баласына, күшті әлсізге, ақылды-қу аңқау балаға қалай да басымдық жасайтыны айтпай-ақ мәлім. Мұның бәрі барынша тұйық кеңістікте, сынып ішінде өтеді. Көбіне жасырын өтеді. Бала үшін «бар әлем» - осы.

2. Адамзаттың бар рухани қазынасы – шынымен-ақ әрбір адамға тиесілі.

Бұл енді жәй ұран сөз емес, іс жүзінде жер бетіндегі әрбір адамға ақиқат берілген мүмкіндік. Мен не оқимын, кітапты қайдан аламын, қандай мұғалімге оқимын, маған қажетті ақпаратты қайдан және қалай аламын деген сияқты рухани және кәсіби азық алу мәселелері түбегейлі күн тәртібінен түсті. Бұл қазіргі өркениеттің ең басты жетістігі дер едім. Осыған сай адам психологиясы мен дүниетанымы да түбегейлі өзгеруде. Ақпарат ғасыры енді басталуда.

Отбасы, ошақ қасы мен ауыл арасынан ұзап көрмеген адам мен дүниені күнде шолып, сезіп отырған адамның дүниетанымы мен сана-сезімінің қаншалықты айырмасы барын шамалап көріңіз. Жалпы дүниенің кеңістігіне шыққан адамның сол дүниеге көңіл көзі барынша ашық.

Ал енді «электрондық оқу» өзінің бұл философиясын және одан туындайтын мақсаттарын қалай жүзеге асыратынын түсіну үшін оның жалпы құрылымымен танысайық.

Негізгі құрылымы, меніңше, мынадай:

  • Бүкіл адамзаттың барлық рухани қазынасын виртуалды интернет әлеміне шығарып, сақтау және олардың толық қолжетімділігіне жол ашу;
  • Әрбір адам баласы сол виртуал қорларды еркін пайдалана алатындай қоғамдық-психологиялық, технологиялық және заңды да жағдай жасау;
  • Оқытушы мен оқушыны тікелей байланыстыратын және оқу процесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін электрондық оқу жүйелерін енгізу;
  • Оқу процесін бақылау мен тестілеудің арнайы электрондық жүйелерін енгізу.
  • Білім мекемелерінің бәрін және халықты біртұтас электрондық оқуға қоғамдық-психологиялық, экономикалық, технологиялық және құрылымдық жағынан жедел өткізу.

Бұл құрылымның әрбір тармағына жекелей, тиянақтылау тоқталып өтеміз. Келесіде әңгіме осы жайлы болмақ.

(жалғасы бар)

23 мая 2012, 21:50
2587

Загрузка...
Loading...

Комментарии

бұл маған керек ақпарат, рахмет!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38224
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
сегодня / 14:43
  • 2238
  • 8
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2305
  • 5
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
вчера / 15:05
  • 1240
  • 2
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1291
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1262
  • 6
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
вчера / 16:52
  • 1384
  • 96