Жастық шақ

Алпамыс Батыр 2012 M05 20
2507
1
4
0

Жастық шақ. Барған сайын қиындаған үлкен өмір ағыны, Төзіміңді сарқылтады салсаң-дағы барыңды Бірақ менің пәк сезімге берілгенім соншалық, Өшпей қойды саған деген махаббаттың жалыны. Бал-бұл жанған...

Жастық шақ.



Барған сайын қиындаған үлкен өмір ағыны,
Төзіміңді сарқылтады салсаң-дағы барыңды
Бірақ менің пәк сезімге берілгенім соншалық,
Өшпей қойды саған деген махаббаттың жалыны.


Бал-бұл жанған жүзіңді мен көрген сайын әр-уақыт,
Шаттанамын сыртыңнан мен көңілімді жай тауып,
Қаншама рет оқталсам да, батылдыққа бара алмай,
Айтам деген бар сырымды айта алмадым сөз тауып.


Көз ұшында кете бердің, сағымдай боп, бұлдырап,
Қайран көңіл құлазыды тұңғиыққа құлдырап,
Сен кеткенде, байғұс жүрек тоқтатса да соғуын,
Уақыт шіркін тоқтамады, өте берді зуылдап.


Арамызда сан мыңдаған сырлар қалды айтылмай,
Бәлкім солай қала берер, тіпті мүлдем байқалмай,
Болашақта құрған сенің және менің отбасым,
Берік болсын керегесі, шаңырағы шайқалмай.

Оцените пост

4

Комментарии

Показать комментарии
Дальше