• 1234
  • 7
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қыз бен жылқы жаудікі.

Міне өзімнің бірінші постымды да жазуға уақыт таптым. Көптен бері ойлап жүрген бірінші жазбам басқа тақырыпта болар ма деп ойлап едім, бірақ жаман ба, жақсы ма, біреуге ұнар, біреуге ұнамас «қазақ қыздары неге басқа ұлттың жігіттерін таңдайды» деген тақырыпты таңдадым. Бұған түрткі болған өз өмірімдегі кейбір мысалдар болды. Әрине, жазған оңай, бірақ біреулердің маңдайына жазылғаны да осы болар, мүмкін бұл менің ішімдегі осы жағдайға байланысты жан күйзелісімді  бөлісіп жеңілдетудің бір әдісі шығар.

Мен қазақ қызымын, жаныма берілген ерекше намысым бар. Достарым жетерлік, олар әртүрлі, барлығын өзінше жақсы көремін. Жақында құрбыларым және таныстарым арасында (қыздар) басқа ұлт өкілдерімен ғашықтық бақытына беріліп жүрген адамдардың біреу, екеу емес бірнеше адам екендігіне көзім жетіп, шын мәнінде қатты қобалжыдым.

Қасымдағы жас қыздарға қарап отырып жүрегімнің жылап тұрғанын сезіндім, мүмкін бұл қазақ қыздарын қызғанғаным болар, мүмкін басқа ұлт азаматтарына деген сенімсіздік болар не болса да жаным қатты ашыды. Ойлай келе, «Неге жағдай солай? Қазақ жігіттері құрып қалған ба? Басқалардың біздің жігіттерден қандай артықшылықтары бар?» деген сұрақтар мазалады, ол сұрақтарды сол қыздардың өздеріне де қойдым. Алған жауаптарым:

«Мен әзірше жүре тұрамын, ешқандай қиындық жоқ, кез келген уақытта тастап кете саламын, маған қызық...», Иә! Бәрі де осылай басталады...

«Маған дұрыс қазақ жігіті әлі кездеспеді, олар не еріншек, не имансыз және алдыға қойған нақты мақсаттары жоқ»

«Мен оны жақсы көремін!»

Көрдіңіздер ғой, тек менің таныстарым арасында ғана емес сіздердің де таныстарыңыздың арасында осылай ойлай жүрген адамдар жоқ емес. Ғаламтордағы достарыңызды қоя тұра, күнделікті далаға серуенге шыққанда қаншама аралас ұлтты жұптарды көресіздер...

Статистикаға жүгінетін болсақ соңғы 11 жыл ішінде ғана аралас неке саны үштен бір есеге өскен. (Экспресс-К газеті). Ал, Республикалық статистика агентігі мәліметтері бойынша 1999 жылы аралас неке саны 18 402, ал 2010 жылы 25 669-ға жеткен. Бұл тек тіркелген мәліметтер ғана, ал тіркелмеген қаншама қазақтың қыздары қандай да бір себептермен шетелдерде жүріп, қалып қойып жатыр.

Таңғаларлық нәрсе, кейбір ата-аналар өздерінің балаларының таңдауларын құптап жататындығы, бірақ байғұс ата-анаға қалар таңдау да жоқ шығар. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дейді, балаларыңызға (қыздарыңызға ерекше) намыс және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті сіңіріп тәрбие берулеріңізді сұраймын.

Ал, ер жүрек, атқа мінер қазақ ерлеріне алтын сырға! Қыздарымызды жаттан қызғаныңыздар!

P.S. Ізденіс үстінде мына бір ақынның өлең жолдарына тап болдым. Әрине, қатты айтылған, бірақ шындық. Ойланайық!

Жыр қылып айтар болсам қыздарды да,

Сайратып отыр тағы бізді алдына.

Баяғы сол қазақтың сұлулары,

Көзге ілмеген Ақан мен Біржанды да,

Көзге ілмей Ақан сері, Біржанды да,

Шетелдің Доллорына шырмалды ма?!

Ұйғыр алды, қытай мен орыс алды,

Бізге күйеу болмаған ұл қалды ма?!

Қыздары қызға тиу ғана қалған,

Қазақтың қыздарында құн қалды ма?

 
HINATA
10 мая 2012, 16:21
1234

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Сізге көр-көр рахмет! Осындай мәселені талқылып, ойға салғаныңызға. Әрине ойланарлық жағдай, сізбен толық келісемін, менде қазақ қыздарын қызғанамын!
HINATA
1
0
"Қыздарын қызғанбаған елден қорқ" депті біреу
Жақсы айтылған, мысалға мен қаламас едім, әпкемнің немесе сіңлімнің, тіпті дегенде құрбымның өзге ұлт өкіліне келін болғанын. Ондайда салт-дәстүріміздің мәні мен сәні кетеді ғой. Қаншама келін түсіру, қыз берісу кезінде қолданылатын керемет дәстүріміз бар, әніміз бар дегендей.... сөз жоқ.... Жүрегінде кішкене болсын патриоттық сезімі бар әрбір қазақ қызы бұндай мәселемен ұштасқанда терең ойлану керек....
Өте орынды айтылған пост!Осындай қомақты мәселелер қазіргі таңда кеңінен таралуда. Өз басым қазақ қыздарының өзге елдің қалындығы болуына қарсымын.
Қазақта, Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады деген сөз бар мәселе әр жанұяаның тәрбиесінде
Тағы бір айта кетерлік жағдай, тақырыбын өте орынды таңдапсыз. Терең мағына жатыр...
HINATA
0
0
Рахмет. Тақырып өзінен-өзі таңдалды.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8546
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2982
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3136
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2482
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2591
  • 31
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2238
  • 50
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2007
  • 17
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 1990
  • 29