Бәйшешек гүлдеп жатқанда Сезімім менің солды ма?

Арманымды алып, Ақ қар барады алыстап, Сезім деуменен Жүріппін ғой мен қар ұстап. Қар еріп жатса, Көздегі тамшы – жаңбыр бар... Ол қалай бірақ қалыспақ?! Көктемді сенсіз Қарсы алдым...

Арманымды алып,

Ақ қар барады алыстап,

Сезім деуменен

Жүріппін ғой мен қар ұстап.

Қар еріп жатса,

Көздегі тамшы – жаңбыр бар...

Ол қалай бірақ қалыспақ?!


Көктемді сенсіз

Қарсы алдым күннің нұрымен,

Қыста да жаным қасымда бірақ тұрып ең.

Сезімді намыс – пердеге буып,

Тұншықтап,

Ұр тоқпақпенен ұрып ем....


Жүрегім қыста көктемдей гүлдеп жүріпті,

Жүрекке сонда жылулық қайдан кіріпті?!

Бәлкім ол – аяз,

Жүрекке барып гуілдеп,

Ашты ма екен түрулі тұрған түндікті?


Сағынып жүрмін аспанда ұшқан кезімді,

Көктемде жылы салқындық сенен сезілді.

Қысты мен бәлкім

Ұстап қалар ем білгенде,

Өзімен бірге алып кетерін сезімді.


Басыма менің көбелек мұңды қонды ма?!

Айыра алмай

Оңды да жүрмін, солды да.

Бәйшешек енді әлемде гүлдеп жатқанда,

СЕЗІМІМ МЕНІҢ СОЛДЫ МА?

Кәкімжанова Гүлнұр

Оцените пост

0
Дальше