место в рейтинге
  • 81778
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Электрондық оқыту» деген не?

«Электрондық оқу деген не, білесіз бе?» деген сауалнамаға мұғалімдердің көпшілігі «ия, білемін» деп сеніммен жауап береді. Ал сол туралы әңгімелесе бастасаң, шорқақтап, сөзінің артын жұтып жібереді. Білгеніңді ортаға сал десең де үнсіздік. Кейбірі «электрондық оқулық» туралы айтады. Кейбірі «интернеттен беріп жатқан интерактив сабақтар ма?» деп өзімнен қайта сұрайды. Міне, «электрондық оқу» туралы біліміміз осындай болып тұр. Сондықтан осы бір біз үшін жаңа ұғымның ақиқат мәнісін ашып көрсеткім келді. Оны мен қайдан білемін? Жауабым біреу-ақ – үздіксіз ізденіс, ақпарат жинау, талдау, үйрену. Және... көп жылдық ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен іс-тәжірибе. Сонымен

Жаңа білім беру парадигмасы

Гугл ма, Яндекс пе, басқасы ма, әйтеуір іздеу жолына «заманауи білім беру парадигмалары» деген сөйлемді қай тілде болсын енгізіп кеп жіберсеңіз, осы мәселеге тиісті ақпараттың молдығынан жаныңыз бірден жай табады. Сондықтан мен теориядан «толкать» ете бермей-ақ өз ұғымымды, өз тәжірибеме сүйеніп, өз тіліммен сіздерге барынша қысқа баяндап беруге тырысайын. Әрине, арасында цитаттар келтіруім мүмкін.

Білім парадигмасы деген белгілі бір тарихи кезеңге сай білім беру пәлсәпасы, идеясы.

Біздің елде бұрыннан, сона-а-ау қазан революциясынан бері қалыптасқан, білім беру жүйесінің пәлсәпасы өте қарапайым еді – жаппай сауат ашу. Мұғалім – білім қоры, өз бойына бар білімді жинап алады, кейін біртіндеп оқушыға құйып тастайды. Мұғалім - білім-ақпаратты тасымалдаушы. Қазіргі интернет, компьютер, телерадио сияқты ақпарат құралдарының қызметін бірден-бірден атқарушы ол мұғалім болды. Оның да бар сенгені қағаз кітап еді, оның өзін қолы жетсе ғана пайдаланды. Міне, сондықтан, ескі буынның кітап пен мұғалімді әулие тұтып, айрықша құрметтейтініміз.

Ол кездің де өз білімдар-ғалым, талант-дарындары болды әрине. Ондайлар тек сауат ашып қана қоймай, небір ілім-білімге тереңдеп, қазақ баласының ерен қабілет-қарымын әлемге паш етіп жатты. Бірақ, соның өзінде, қазіргімен салыстырып та болмайды.

Қазір бұл ахуалдың түбегейлі, фантастикалық дәрежеде өзгергенін бәріміз көріп отырмыз. Балаға кішкентайынан-ақ түрлі ақпарат ағыны жан-жақтан ағып-тасып келіп жатыр, ол еріксіз естімейім дегенін естиді, көрмейім дегенін көреді, қалағаны да, қаламағаны да миына, сана-сезіміне баса-көктеп бастырмалатып барады. Ал осындай заман баласын оқытып көр!

Қазіргі өркениет білім беру саласына, мұғалімге дүниежүзілік салмақ салып тұр. Өйткені сол білімді алатын баланың өзіне сол салмақ атан түйенің жүгіндей ауыр болып тұр.

Неге және қалай оқытамыз? Кімді оқытамыз? Кім оқытады? Міне осындай тамырлы сұрақтар барлық өркениетті елдерде қайта-қайта туындап, өзінің мән-мағынасын құбылта өзгеруде. Оларға тіпті күнделікті жауап беру қажеттілігін уақыттың өзі талап етуде. Сол себепті түрлі білім беру идеялары, пәлсәпалары туындап, оларды жүзеге асыру әрекеттері жасалуда, жалпы, менің білуімше, уақыттың талаптарына өте жылдам бейімделгіш, мобильді де динамикалық парадигмалар алға суырылып шығуда.

Солардың ең негізгісінің бірі – тұлғалық-бағдарлы білім беру концепциясы. Оған кішкене түсінік берейін.

Тұлғалық-бағдарлы білім беру моделі американың белгілі психотерапевті Карл Роджерске тиесілі.

Оның негізгі қағидалары мынадай:

Тұлғалық даму көздері мен күштері адамның өзінде.

Оқытудың негізгі мақсаты:

Жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, оның өз мәселелерін анықтап, оларды шешуге ішкі рухани күштері мен мүмкіндіктерін бағыттап, жұмсай алуына және өзіндік дамуына көмектесу.

Тұлғалық-бағдарлы оқудың алғы шарттары:

Оқу мазмұнының оқушы өмірінің мәселелерімен тығыз байланыста болуы, оқу барысында оқушы өзінің жеке өмірінің кейбір мәселелерін де айқындап, олардың маңызды шешімдерін таба алатындай етіп ұйымдастыру;

Оқушы – өмірдің бір бөлшегі;

"Оқытушы тұлғасының шындығы", яғни оқушылармен қарым-қатынас барысында өзінің шынайы адамгершілік қасиет-қабілеттерін көрсетуі, шынайы адам болуы;

Мұғалімнің оқушыны өмірде қандай болса, сондай түрде қабылдауы;

Мұғалімнің білім көздерін және оқу әдістерін таңдауда оқушымен диалогты түрде қарым-қатынас жасауы;

Оқушының өз тұлғасын құрметтеуіне, ар-намыстылығына сүйену.

Білім беру жүйесі оқушының жекедара тұлғасына, болмысына қарай бұрылды. Мұны уақыттың өзі талап етіп, жол сілтеді.

Ал енді айтыңыз – оқушының  жекедаралығын ескеріп оқыту оңай ма? Алдыңызда 20, кейде тіпті 30, бала отыр, әрбірінің жекедаралығын ашу, тұлғалық қасиеттерін бағамдау жеңіл ме?

Бұл, қалай дегенде де, өте қиын мәселе. Сондықтан да, ескі оқу жүйесі әлдеқашан-ақ сыр берді. Оқушылармен жекедара жұмыс істеудің түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылды, бірақ оның бәрі уақытша көңіл алдау еді. Ескі оқу жүйесі қақырап кетті. Қазір соның зардаптарын татып жүрміз. Қандай да бір жүйенің іштен іріп-шірігені әсіресе зиянды да қауіпті болатынына сонау ССРО опырылып құлаған кезде-ақ көз жеткіздік. Ал ескі білім беру жүйесіне біздің балаларымыз симай жүр. Сиюы мүмкін де емес. Олар жаңа заманның ұрпағы.

Міне, осы тұста білім беру жүйесіне уақыт жол сілтеді. Ол – электрондық оқыту жүйесі. Ол туралы келесі сұхбатымызда.

(Жалғасы бар)

23 апреля 2012, 0:41
7057

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8572
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2995
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3149
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2510
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2624
  • 31
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2329
  • 50
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2024
  • 17
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 2004
  • 29