Yvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
11
16:54, 28 октября 2012

Гоа. Морджим.

Blog post image

Сонымен, біз Морджим атты балықшылар ауылындамыз. Ауыл дегенде, өте үлкен, туристер қалашығы десек те болады. Бірінші, Гоаның ерекшелігін айтып өтсем: бұл бұрынғы кезде португалдардың колониясы болған мекен. Сол себепті жергілікті тұрғындардың діні - христиан, шіркеулер өте көп, Делиден кейін Гоа сонысымен көзге түсті. Әрине, Морджимда көрген шіркеулер дәстүрлі христиандардың шіркеулерінен өзгеше. Архитектура жағына келсек те, португалдықтардың ізі анық көрініп тұр. Шынымды айтсам, морджимдық ғимараттар, тұрғын үйлер, шіркеулер өте ұнады, сондай сүйкімді, әрі қарапайым.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Енді Морджимның өзіне келетін болсақ, бұрында бұл жерді хиппи, транс-музыканы өліп тыңдайтындар мен растамандар мекендесе, қазір еуропалықтар аз келеді, шетелдіктердің көбі - орыстар. Орыстар соншама көп, біздің жағалаудағы кафе-мейрамханалардың жартысынан көбі орыстікі болып шықты. Ара-арасында орыс тілді еврейлер де бар сияқты. Орыстар Морджимге бірнеше айға келіп, дауншифтинг жасайды, кәдімгідей жұмыс жасап, ақша тауып тұрады немесе біз сияқты 1-2 аптаға демалуға келеді. Содан болар, Морджимді орыстың “рублевкасы” деп атап кетті. Ал жағалауға жақын көшенің аты “Каретный ряд” екен.

Blog post image

Біз үшін Морджимның “жарнамасын” кезінде Антон Носик жасаған болатын, биыл танымал ресейлік публицист, әрі блогшы өз блогында: “Қыс сайын Морджимды мекен етемін, бұл жерде жаңа жылды қарсы алғаныма 10 жыл болды”, - деп жазған еді. Қарап отырсам, шынымен де, МГУ-дағы арнайы курсы жыл сайын тек көктем шығысымен басталады, ал баласы болса, тіпті сол жақтағы мектепке баратын көрінеді. Әрине, осыншама жыл орыстар мекен еткен әдемі Морджим қазіргі кезде попсаға айналып, көптеген туристер үшін еш қызығы жоқ демалыс орнына айналды. Бірақ өзім үшін Арабия теңізіне түсу, Гоаның ауасымен демалу, бөтен мекенді мопедпен аралап, жергілікті халқымен танысу - 10 күндік ертегіге айналған сияқты.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

саудагер қыздар

қынамен сурет салу

Blog post image

Енді басынан бастап, қысқаша айтып отырсам, тұратын үйшігіміз нашарлау болса да, жаңа жылдық бағамен 2-3 есе қымбат болып шыққанын алдынғы жазбада айтқан едім. “Ванна” жақта не бір жәндіктерді күнде тамашалап, өмірімде алғаш рет кесірткені де кездестірдім. Ыстық су болмады, бірақ кемптың иелері ыстық су қажет болса, сұраңдар, шелекпен әкеп береміз деді. Басында, масқара, бұл қалай деп таң қалдым, ал бірнеше күннен кейін бұл ыңғайсыздықтарға мүлдем көңіл аудармадым. Басты себеп - ауа-райының кереметтілігінде. Бұл маусымда жаңбыр мүлдем жаумайтын көрінеді. Салқын сумен де жуына беруге болады екен, себебі суы өте жұмсақ, біздікіне қарағанда әлдеқайда тамаша. Қыздарға бальзам, кондиционерлерсіз де өмір сүруге болады.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Енді Гоада дұрыс гестхаус немесе қонақ үй жоқ деп ойлап қалмаңыздар, керемет отельдер өте көп, әрине, олардың бағалары да әжептәуір. Тамақтануға келетін болсақ, айтқанымдай, орыстардың кафе-мейрамханалары сізге борщ, творожник пен котлетты дайындап бере алады. Бірақ сапасы онша емес, ал бағасына келсек, қымбаттау (әрине, Алматымен салыстырып отырғаным жоқ, біздегі мейрамханалар бағасы әлдеқайда жоғары). Оған қоса, сервисі нашар, тапсырысты көп күтіп қалатынбыз. Алайда барлығында дерлік wi-fi бар, ал “Hakuna matata”, “GoaRU” атты кафелерде күнде кешке қарай проектордан кино көрсететін. Адамдардың көбі кешкі тамағын ішіп алып, осында кино қарауға келетін. Киносы - прокатқа шыққан хипстерлік сарында немесе голливудтың танымал соңғы картиналары, ал жаңа жылға қарсы “Ирония судьбы 2” мен тағы бір орысша киноны көрсеткен еді. Осылайша жыл бойы киноға бармай, үйде де киноны аса қарамайтын мен 10 күннің ішінде біраз киноны тегін қарап шықтым. Foursquare-дегі достарым менің анда-мында чекин жасап, мэрствоға зар болып жүргенімді байқаған шығар.

Blog post image

Blog post image

мангодан жасалған чизкейк

Blog post image

Енді үндістердің мейрамханалары жайында айтсам, “Fish and feni” атты мейрамхана есімде ерекше сақталды. Официанттары өте тез жұмыс жасайды, біз барғанда үнемі екеу ғана болатын, соған қарамастан бәрін үлгеретін, кісі тым көп болған кезде мейрамхананың иесі - 30-дар шамасындағы тәте өзі жүгіріп жүрді. Тамақтары дәмді, бағалары да аса жоғары емес.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Бағаларды теңгеге айналдыру үшін 3-көбейту керек.

Blog post image

мейрамхана иелері - тәте мен оның күйеуі және официант

Blog post image

ал мынау қыз олардың кішкентайы

Ал басқа кафелердің официанттары үндістер болса да, сондай жайбарақат, асықпайды, күте тұрыңыз деп, жарты сағатқа жоқ болып кететін. Әрине, бұл маусымдық құбылыс болған да шығар, себебі жаңа жылға қарай туристер саны қатты өсіп кетеді. Бұл әсіресе 1 қаңтар күні байқалды, таңертеңгі асты еш жерден іше алмадық. Түстен кейін ас ішуге келсек, қасымызда орыстар той жасайын деп жатыр, кәдімгі үйлену тойы. Бір ай бұрын Ресейде ресми түрде қосылды да, демалыста Гоаға келіп, достарымен бірге тойламақшы болды. Өте қызық, ерекше болып өтті.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

қалыңдықтың құрбылары

Blog post image

Тіл мәселесін айтпасақ, болмайды. Морджимге келетін орыстар ағылшын тілі үшін уайымдамайды, үндістермен орысша сөйлеп жүр. Бишара үндістер амалсыз орыс тілін жаттап алған көрінеді, ұсақ-түйек бұйымдар сатып жүрсе де, киім-кешек сатып жүрсе де, “Привет! Как зовут? Хорошая цена”, - деп орысшалай бастайды. Осыдан шығарған қорытындыны айтпасам да болады, онсыз да түсінікті. Бұл жағдайды жазып отырып, жақында көрген стамбулдық түріктерді еріксіз есіме түсірдім... Қысқасы, біздің: “Қазақ тілі!”, - деп жүрген проблемамыз құр далбаса екеніне тағы көзім жетті.

Blog post image

Blog post image

мектеп

Blog post image

Сиолим жақтағы Чапора өзені

Blog post image

Сиолимге апаратын көпір

Ресейліктердің Морджимдегі бизнесі туралы да айтып өту керек деп ойлаймын. Біріншіден, шетелдіктер мұнда жер сатып ала алмайды, яғни ресторан не гестхаус бизнесімен айналысамын деген орыс азаматы жерді жалға алады, фирманы тіркеу үшін $5000 ақша төлейді, содан соң құрылыс жұмыстарына кететін шығындарды қарастырады. Табысы айтарлықтай көп болады деп айту қиын, сол себепті Гоаға келген орыс бизнесмендері қыруар ақша табамыз деген мақсатпен емес, қысты жылы жақта өткізіп, осыны жұмыс жасаудың бір әдісі ретінде қабылдайды деп ойлаймын. Егер бұл тақырып сіздерді қызықтырса, Forbes-тағы мақаланы оқып шығуға болады.

Blog post image

Сонымен, Гоаға қалай барып келдім деген әңгіме орыстар туралы болып кетті ме, қалай, әйтеуір Морджимдегі 10 күніміз зымырап өтті. Алдымызда тағы да қорқынышты Дели, одан кейін Агра. Бұл жолы Үндістан астанасына аз болса да үйреніп, жүйкемді құртпай, стреске түспей, жай демалып қайтам ба, әлде...

11
2284
9