Поэтикалық қысқа метрді фильмдер. №5

fman 2012 M04 7
1555
0
4
0

Сәлеметсіздерме. Бүгін бұл циклдің арнайы шығарылымы. Сізге көрсеткім кеп тұрғаны жай қысқа метрді фильм емес, мультипликациалы фильм. Оған қоса қазақстандық. Сонымен, мультфильм "Тігінші мен ай".

Сәлеметсіздерме. Бүгін бұл циклдің арнайы шығарылымы. Сізге көрсеткім кеп тұрғаны жай қысқа метрді фильм емес, мультипликациалы фильм. Оған қоса қазақстандық. Сонымен, мультфильм "Тігінші мен ай". Түсірген Қалдыбай Сейданов.

Қалдыбай Сейданов мультипликация өнерінде ерекше орын мен мәртебеге ие аниматорлардың қатарында. Онымен телеарналардан жиі көрсетіліп тұратын “Мүшел” немесе “Түйе сеніп бойына...” деген мультфильм арқылы таныспыз. Халық ертегісінің желісімен түсірілген бұл ертегінің де режиссері Қалдыбай Сейданов. Ол сондай-ақ “Қара қасқыр туралы аңыз”, “Мұра”, “Керемет” деп аталатын мультфильмдердің де авторы. Ерекше көзге түсетін “Тігінші мен ай” туындысы 1993 жылы түсірілген екен.

Көптеген балалар мен ересектердің сүйікті туындысына айналған бұл ертегі таңғажайып қызықтар мен қиял-ғажайыпқа толы. Бүкіл сиқырлар іске асатын түн ішінде, сәбидің іңгәсімен дүниеге келген Айды жұлдыздар жан-жақтан мәпелеп, еркелетіп, бесікке бөлеп, әлдилеп жатады. Бір мезетте кішкентай ерке Айдың құлағына жер бетінен Тігіншінің әні естіледі.

Тігіншінің жарасымды әуезді әні мен сұлу Айдың оқиғасы төңірегінде режиссер Қалдыбай Сейданов қазақ халқының тұрмыстық салт-дәстүрін, дүниетанымдық ерекшелігін суреттей білген. Сонымен, мультфильмнің өзі.

Көріңіздер, рахаттаныңыздар.

Оцените пост

4
Дальше