место в рейтинге
  • 79905
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жекедара оқу - тұлға өсіру

Білім алу процесі, түбінде, жеке тұлғалық құбылыс. Тарихтан білуімізше ғұламалардың әрбірі дерлік білім алумен жекедара, оңаша тыныштықта шұғылданған. Өзіміз де бір мәселені тереңірек білгіміз келгенде еріксіз өзімізбен-өзіміз ғана қалуға ұмтыламыз. Өйткені білімге тереңдеудің бір-ақ жолы бар - өзіңе-өзің тереңдеуің керек.

Міне, сондықтан  - білімді тұлғалық деңгейде ұйымдастыру керек. Өмір бойғы ұстаздық тәжірибем мені осындай берік сенімге алып келді. Ол дегеніңіз, оқушыларды баяғы топтап, сынып түрінде оқыту деген таза формальды тәсіл. Мұндай жүйе кезінде қажет те болған шығар, ол өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын орындаған да шығар. Мақсаты - жалпы сауаттылыққа жету. Және тез арада.

Ол кез оу-у XVI не  XVII-XVIII ғасырлар емес пе! Ол кездегі жалпы адамзаттың білім ауқымының өзі қазіргімен салыстырғанда... Салыстыруға да келмейді!  Мысалы, ол кездегі физика және математика ғылымдары енді ғана қалыптасып жатқан. Ал ғылымның "көкесі" XX ғасырда келді емес пе. Қазіргі мектеп оқушысының жанын қинаған кванттық физика, салыстырмалы теория, элементар бөлшектер және ядролық физика, математикалық анализ, аналитикалық геометрия деген сияқты бөлімдерді өткен ғасырдың 70-ші жылдары университет орындығына отырған кезде ғана білгенбіз. Қазіргі оқушыларға "тықпыштап" жатқан білімнің ауқымы да орасан және тереңі де тұңғиық. Замануи білімді тиянақты игеру үшін үлкен ыждахаттылық пен күш-қуат қажет.

Оқушы толыққанды білім алу үшін ол стөл басына өзінің бар адами да, мәдени де, жалпы дүниетанымдық та қабілет-дарынын бір бағытта еркін жұмсай алатындай ахуалда отыруы тиіс. Оны мұндай ахуалға оқытушы тұлға жекедара шұғылдану кезінде ғана жеткізе алады. Ол бар мүмкіндігі мен шеберлігін оқушының жекедара тұлға ретінде ашылуына, сөйтіп өзінің бірегей, өзі үшін ең тиімді жолын тауып, қуатты оқу әрекетін іске асыруына жұмсайды. Әрбір оқу әрекетін түрліше екпінмен, түрліше көңіл-күймен, түрліше пішімде және әдістермен орындау мүмкін. Бірақ солардың ең қуатты да тиімдісі - жекедара оқу кезіндегі.

Дәл осы мәселе әлімсақтан-ақ белгілі. Бірақ бұрынғы орта білім жүйесі соншалықты бойымызға сіңіп қалған, оның мақсат, құрылымын түбегейлі өзгертудің өзі тіпті мүмкін емес нәрседей көрініп, оған қарсы пікір-әрекеттің бәрі құбыжықтай көрінуде. Бұл сірескен стереотипті бұзатын кез де келгені анық. Ондай әрекеттер жоқ емес. Біздің елімізде де бар. Мысалы, қалалардағы қозықұйрықтай қаптап кеткен оқу курстарының сапалылары 20-30-дан топтап оқытпайды. 5-10, 3-4 адамдық топтармен, тіпті, жеке оқыту да қолданылады, адам саны азайған сайын... төлемі де қымбаттайды! Яғни жекедара оқудың қадірін білеміз! Әсіресе, менің таңқалатыным, музыка және спорт мектептерінде оқушымен жекедара шұғылдану әдістері бұрыннан-ақ қолданылады. Сонда басқа да пәндерді, әсіресе физика, математика және бағдарламалау сияқты мазмұны ауырлау ғылымдарды осылай оқыту артық болар ма еді?!. Менің ақылыма симайды осы бір құбылыс.

Тағы осындай жаңа оң әрекеттің бірі - электрондық оқыту. Меніңше, бұл нағыз жекедара оқыту технологиясы. Оның түпкі мақсат, құрылымының өзі жеке тұлғаға бағытталып жасалған. Дүниежүзіне кең тарағаны да сондықтан деп ойлаймын. Дәл осы технология біздің ескі жалпы білім жүйесінің құрылымын талқандаса керек. Жоғары оқу орындарының қашықтан оқыту, электрондық оқыту жүйелерінің бет алысын байқап жүрмін, жаман емес.Тіпті біртіндеп өте жақсы болатын сияқты.

Электрондық оқыту жүйесі ең алдымен оқытушы мен оқушыға үлкен еркіндік береді. Бұл екеуінің де тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы. Тұлға болып қалыптасуына қолайлы. Тұлға деген өз-өзіне нақты мақсат қойып, өздігінен жүйелі әрекет ете алатын, өз тірлігіне өзі жауап бере алатын адам. Тұлға деген адами да, кәсіби де деңгейі өте жоғары, толыққанды өмір сүретін адам.

Электрондық оқыту оқу процесіне ешқандай шектеу қоймайды. Бұл процесс оқытушы мен оқушының кеңістіктегі орнына да, уақыттық мүмкіндіктеріне де, көңіл-күйіне де байланысты емес. Оқу барынша объективті құбылыс ретінде өтеді. Қазіргідей мұғалімнің оқушыларды қорғаштап, басқарып, жетектеп, ізін кесіп жүруі қажет емес. Олармен тек адам сияқты қарым-қатынас жасау керек. Бала сияқты емес, кәдімгі ақыл-есі бүтін адам сияқты құрметпен және тең сөйлесу керек. Оқу-тәрбие жауапкершілігін ең алдымен оқушының өзіне жүктеу керек. "Қалаған уақытыңда, қалаған жерден, қалағаныңша оқы, өз әрекеттеріңе өзің ғана жауап бер". Ал оқытушы бағыт-бағдар береді, қажет кезінде кеңес береді, қажет кезінде сүйеу болады. Күнделікті сенің өміріңді басқармайды, тірішілігіңе жөнсіз араласпайды. Өз мүмкіндіктеріңмен өмір сүр, ішкі мүмкіндіктеріңді және өз мінез-құлқыңды жүзеге асыр. Міне, осындай қағида.

Әрине, электрондық оқыту барлық қиындықтан құтқарады десек жалған айтармыз. Көп мәселе адамға келіп тіреледі. Адам тұлғасын өсіру одан да маңызды шаруа. Бальзактың "қоғамның шексіз дамуына емес, адамның шексіз дамуына сенемін" деген сөзі есіме таңбаланып басылып қалыпты. Ең алдымен оқытушының тұлғасын биіктету керек. Қай оқу жүйесінде болсын, оқу ресурстарында болсын, ең алдымен оқытушы тұлғасының биіктігі, адами рухы, кәсіби шеберлігі айқын білініп, алға жетелеп тұруы маңызды. Онсыз қандай әдіс-тәсілің де, технология да бос айналған диірменмен тең. Сондықтан, ұстаздар қауымын айрықша жаңа рухани сапаға көтеріп тастайтын жүйелік шаралар қажет сияқты. Ол қандай шара, оған менің ақылым жетпейді. Бірақ ұстаздардың тұлғалық проблемасы орта білім түгілі жоғары оқу орындарында да актуалды екенін анық білемін. Құзыреттілік теориясы қозғалып жатыр, бірақ... әлі өте шикі. Мүмкін электрондық оқыту біртіндеп оған да негіз қалайтын шығар. Оны өмір көрсетеді.

Ұстаз тұлғасы, менің ұғымымда, өзіндік адами, өмірге жалпы адамзаттық биіктен қарайтын нық дүниетанымы бар, орнықты кәсіби стилі қалыптасқан, үнемі жан-жақты ізденісте өмір сүретін, өмір мен адамды терең түсінетін, өзіндік ой-пікірі және үлкен азаматтық жауапкершілігі бар, өз ісіне шын берілген адам.

19 марта 2012, 22:51
874

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21607
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4193
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2900
  • 33
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2440
  • 26
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2493
  • 2
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
вчера / 14:21
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2336
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2365
  • 5
Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Мы живём, возможно, уже совсем в другом обществе, а не в том, к которому привыкли. Не первый год Казахстан периодически потрясают жуткие истории о рабстве.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 9:39
  • 2110
  • 21