Тікелей эфир

«МЕНІ ЕШКІМ ТҮСІНБЕЙДІ»

Бұл — жас ақын. Ешкімге ұқсамайды, ұқсағысы да келмейді. Көп адамға ұнамайды, ұнағысы да жоқ. Көбіне жақпайды, жағуға да ықылассыз. Өлеңдері тым «ашық», ашып айтады бәрін. «Туалеттегі туынды», «Қоқыс жәшігі»*, «Керісінше».  Бұл — ақынның жыр жинақтары. Кім болуы мүмкін? Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курсында оқиды. Аслан Қаженов! Болмысы бөлек, өлеңі өзгеше  Асланмен  сұқбаттасудың сәті түсті.

- Аслан ақынның балалық шағы қалай өтті екен?

- Мен 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында дүниеге келдім. Жанұяда үш адамбыз: анам, қарындасым және мен. Қарындасым осындағы (Алматы) республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын мектепте оқиды. Кішкентайымнан жоқшылықты көріп өстім, тіпті тұрмыс тапшылығы мені мектепке бір жыл кеш баруыма себепші де болды. Нан мен шайға, киер киімге зар болған күндеріміз әлі есімнен кетпейді. Бірақ өкініш жоқ.

- Өлең жазуды неше жастан бастадыңыз?

- М. Өтемісұлы атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында оқып жүргенде, қолыма Қадыр Мырза Әлидің бір топ өлеңдері түсті, соның әсерімен он бес томдық шығармалар жинағын оқып шықтым. Содан бастап өлеңге құштарлығым артып, алғашқы өлеңдерімді 9-сыныптан бастап жаза бастадым. Сөйтіп жүріп, 8-республикалық «Абай оқулары» жыр мүшәйрасында бас бәйгені еншіледім. Бір қызығы, мен қатысқанға дейін жеті жыл қатарынан Семей өңірінің ақындары бас жүлдені өздері алып келген екен. Мен сол дәстүрді бұзған сияқтымын (күліп). Содан бері қалам мен парақ жан серігіме айналды.

- «Ақын болу – қасірет» дегенді жиі естиміз. Сіздің көзқарасыңыз қалай?

- Білмеймін, түсіндіре алмаймын (ойланып отырып, күліп). Білетінім, ақын болу кездейсоқтық емес, қаныңда болмаса, далбаса. Оның анықтамасын дәл ешкім айта алмайды. Мен де айта алмаймын. Түсініксіз күш пен беймәлім күй ғой.

- Неліктен бүгінгі таңда іздеп оқитын шығарма да, шығармашы да жоқ?

- Себеп біреу: ақпараттың өте көптігінен. Мысалы, өткен ғасырдың студенттері кітап оқуға құштар болды. Жақсы туынды тез танылды, қаламгерлердің де бағасы зор болды. Неге? Ақпарат аз. Ал қазір бәрі басқаша. Сана өзгерді. Толассыз тасқындаған ақпарат айдыны сананың сыйымдылығын толтырып жіберді. Кім немен айналысып жүр? Қызықтырмайды ешкімді. Алға қарай өз кезінің Мұқағалилары болмауы да мүмкін.

- Шығармашылығыңызға оралсақ, жыр жинақтарыңыздың аты «бір түрлі», жеке сайтыңызды көрдік, әдепсіз суретке толы, өлеңдеріңнің біразы интимдік тақырыпта. Неліктен?

- Біз өзімізге шек қойып тастағанбыз (күліп). Мысалы, ақын махаббатты жырласа, күйдім-сүйдім, ғашықтықтың белгілі жайы. Одан тыс бірдеңе айтылса, біздің менталитетке сай болмайды да, шошимыз. Шеңберден шығуымыз керек. Бірақ қашанда жаңа нәрсе алғашында жағымсыз көрінбей ме? Адамның әдеті емес пе, тірі кезінде қадірін білмей, кейін көкке көтереді. Мен оларды ойдан шығарған жоқпын, олар да қажеттілік. Қазір мені ешкім түсінбейді. Уақыт еншісіне қалдырдым.

- Өз тұстастарыңыздан кімді бағалайсыз?

- Ешкімді. Себебі мен ешкімді оқымаймын, газет-журнал, кітаптарды оқымағалы біраз болды. Көретінім — ойын-сауық бағдарламалары, сол ғана.

- Ақсақал ақындарды ше?

- Оларды да. Тек Қадырды оқыдым деп айттым. Бәрінің айтары бір, бір соқпақ. Қызық емес.

- Ағысқа қарсы жүзем деңіз...

- Мүмкін, солай да шығар. Мен шетелдіктерден ақын-драматург Д. Хармс, кинорежиссерлер Параджанов, Куросаваны бағалаймын. Бұлардың атақ-даңқы шықпаған, неліктен? Қоғамның қозғалысына кері жүрген, қарсы жүзген.

- Поэзиядан басқа жанрларда бағыңызды сынап көрдіңіз бе?

- Биыл «Кроманьон жезөкше» және «Қырт-16» деген екі драмалық шығарма жаздым. Қоғамдағы кесір мен келеңсіз құбылыстар жайында баяндалады. Алдағы уақытта, тым жақын уақытта сахналанады деп ойлаймын.

- Сұқбатыңызға  рақмет.

Сұқбатты жүргізген:

Мейрамбек Ерланұлы Таубалдиев

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

филология факультетінің 4-курс студенті

_________________________________________________________________________
* Библиографиялық көрсеткіштер:

1. Қаженов А. Туалеттегі туынды. «Туалеттегі туынды» жыр жинағы. -Алматы, «Асыл кітап», 2010.

2. Қаженов А. «Қоқыс жәшігі» жыр жинағы. -Алматы, «Асыл кітап», 2011.

Жеке сайты: http://aslania.ru/

 
Алия Arsik
28 қазан 2012, 3:36
5480

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Bektas
0
0
Голубойларды да ешкім түсінбейді. Аслан сияқтыларға ергендер де, оны қолдайтындар да қоғамның қоқысы. Ал қоқыстан тазарып отырмаса қоғам шіриді. Бектас
Bektas, диагноз қою - тек докторлардың үлесі... Шығармашылықты әркім өз деңгейінде, өз тәрбиесінде, өз санасында түсінеді, сондықтан басып айта салу қиын... Ұнайды, ұнамайды деп қана айтуға болады. Себебі, ол сіздің жеке пікіріңіз.
Өткенде 7 Арнадан қартайғанда "Секs" жайнда кітап жазған бір шалды көрсеткен еді. (Алматылық). Сол кісіні тауып ал. Ол сені тоочно түсінеді.
Асланның сайтынан шокта отырмын:))
"ешкімді оқымаймын" - мына сөйлемнен манифестік леп есетін сияқты, дегенмен, сену қиын. Хармс пен Куросава атақтан жұрдай, бағаланбаған дегені өтіріктеу, уақақа.

не болса да, туалеттегі туындыларын оқып көрейік - туалеттің өзіндей сасық әрі жиіркенішті ме екен, әлде айтар бірдеңесі бар ма екен.
Мынау америкалық рэпперлерден де асып түсіпті ғой
Өлеңдері соншалықты жаман емес. Ойлы өлеңдері баршылық менің бағалау тарапымда, оқырман ретінде. Барлығы уақыт еншісінде десе, оны да көрерміз:)
Жақсы жазады:)))
Ай, Аслан-ай... сізге тан калдым..тан калдым да басымды шайкадым...
Аслан, красавчик! Осы бетіннен қайтпа!
драмалық шығармаларынды неге сайтқа шығармайсын?
Ох, ох, өлеңдерін оқу керек екен, ерекше ақын сияқты, әйтпесе бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай "ұлы" ақындардан шаршап кеттім:(
Мыналар өлең емес қой көбісі...
Arsik
0
0
«АҚ» ХАЛАТТЫ ЖАН деген өлеңі ұнады).
GULI93
0
0
мүмкін заман ағымына сай , бара- бара осындай ақындар да жиналып қалатын шығар әлі, бірақ қазіргі таңда көбінесе қазақша рэп секілді ақындарымыз қаншама, осындай позицияны ұстайтын деуге де болады, бірақ............................
Талайдың уысына түспейтін ақындық өнері баршылық екен. Жаһанданған жас ақын деп атадым, атағы құтты болсын!
сайтына кірсем, өзгеріп кетіпті, жаңа сайты жоқ па екен?

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8674
  • 81
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6021
  • 23
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3555
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2659
  • 30
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 2047
  • 6