• 20635
  • 18
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ертең елге амал мерекесі келеді

Ертең елдің батыс аймақтарында, әсіресе, Маңғыстау өңірінде Амал мерекесін атап өтеді. Ел арасында "көріс күні" деп аталатын бұл күні барша тұрғындар таң сәріден бір-бірінің үйінің аралап, құшақтасып, қол алысып көрісіп, төс түйістіріп амандасады. Бұл күні бір-біріне өкпелегендер татуласады, егер өкпесін қия алмағандар болса, «Самарқанның көк тасы еріген күні өкпеңді қия алмадың, көк тастан да қатты ма едің?!» деп жатады.

Ал, Амал мерекесін, жыл басын Қазақстанның батыс аймақтары неге наурыздың 14-інен бастайды?

Жалпы, адамзат баласының жыл деп жүргені – жердің күнді айналуы (365 күн 5 сағат 48 минут), ай дегені – айдың жерді айналуы (29 тәулік 12 сағат 44 минут) және тәулік дегеніміз – жердің өз осінен айналуы (23 сағат 56 минут 4 секунд). Яғни, бір жылда нақты 365 күн болмайды.

Б.з.д. 45 жылы Рим императоры Юлий Цезарь "Юлиан күнтізбесін" енгізеді. Юлиан күнтізбесіндегі әрбір төрт жылдың үшеуі 365 күннен, біреуі 366 тәуліктен тұратын кібісе (високосный) жылы деп бекітіледі. Бірақ Цезарь бір жыл 365,25 тәуліктен тұрады деп есептегендіктен, күнтізбе 128 жыл сайын бір тәулікке артта қалып отырған. Күнтізбенің қателігінен 16 ғасырдың соңына таман күн мен түн 11 наурызда теңескен (!).

Бұл қателік егіншілер мен малшылардың шаруашылықты жоспарлауына кедергі жасап, Рим папасы Григорий XIII күн мен түннің теңесуін "орынына апарып қоятын" күнтізбе жасау керектігін түсінеді. Ол жылдың ұзақтығын 365 күнге, кібісе жылдарды 366 тәулікке теңдестіріп, айларды 28, 29, 30, 31 тәулікке бөліп, уақытты 10 күнге алға жылжытып, григорян күнтізбесін жасайды.

Осылайша, Римде 1582 жылы 4 қазанында ұйқыға жатқан италияндықдар келесі күні 15 қазанда оянады. Бірақ бұл жаңа күнтізбені бүкіл әлем бір мезгілде қабылдаған жоқ. Кеңес үкіметі күнтізбені қабылдаған уақытта алшақтық 13 күнге жетті. Сөйтіп, ескі күнтізбені 1918 жылдың 31 қаңтарынан жауып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санады. Алайда халық шатаспау үшін біраз уақытқа дейін күнтізбеде жақшаға ескі стиль бойынша уақыт та жазылып жүрді. Мәселен, 1 наурыз (14 наурыз). Бүкіл әлем Рождество мерекесін 25 желтоқсанда тойлағанда бұрынғы одақ елінің 7 қаңтарда тойлауы осы өзгеріске байланысты. Бұны 25 қазанда болған қазан көтерілісінің 7 қарашада атап өтуінен де көруге болады. Орыстардың қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні қарсы алатын «ескі жаңа жыл» мерекесі де күнтізбенің ауысуына байланысты.

Маңғыстаулықтардың 14-наурыздағы Амал мерекесі де осыған байланысты. Яғни, жаңа жылды көктемнің алғашқы күні тойлап жүрген халық жаңа күнтізбеге сай енді 14-ші наурызда атап өтетін болған. Ахат Шәкәрімұлы әкесі туралы естелігінде «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді», - деп осыған ұқсас пікір келтіреді.

Ал, көрісуге келсек, мен көрісудің неден шыққанын білмеймін, бұл дәстүр "міне, жаңа жылға да аман жеттік", – деп қуанып, көрісуінен шыққан болар. Жалпы, халықтың жыл сайын 14-наурызда (ескіше 1-наурызда) амал мерекесін тойлайтынына қарап, көрісіп, міндетті түрде қырық үйдің есігін ашуға тырысатынына қарап, бұл көрісу дәстүрі қазақта болған деп ойлаймын. Бәлкім, саясатқа, тағы да басқа жағдайларға байланысты амал мерекесін тойлау ұмытылып, тек батыс өңірлерінде сақтап қалған болар.

 
(Осыдан бір-екі жыл бұрын 
жазылған мақаламнан деректер келтірілді,
суреттер кейін болады)

 
miss-Lee
13 марта 2012, 17:29
4772

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3685
  • 58
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3390
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 3075
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2734
  • 2
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
вчера / 10:18
  • 2343
  • 7
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2336
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1808
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1804
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1820
  • 49